Жаңалықтар
Мұхтар Әуезов университеті Шымкенттің үздік түлектеріне 300 грант бөледі
- Қаралды: 34
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Ғылыми кеңесі Шымкент қаласындағы үздік мектеп түлектеріне арналған «300 мектеп – 300 грант» жобасын жүзеге асыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы университеттің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген «БІЛІМ. БАҒДАР. БОЛАШАҚ» ашық есік күнінде мәлімдеді.
Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асатын бастама аясында қаладағы мемелкеттік және жеке меншік 300 мектептің оқу озатына, ғылымға қызығушылығы бар, білімге құштар түлектеріне университеттің арнайы гранты бөлінеді.
Гранттар химия, химиялық технология, сәулет және құрылыс, мұнай-газ ісі, жасанды интеллект, компьютерлік ғылымдар, құқық, экономика, менеджмент және басқа да сұранысқа ие білім беру бағыттары бойынша ұсынылады.
Осылайша Шымкенттің дарынды жастары өз қабілеті мен қызығушылығына сай мамандық таңдап, Мұхтар Әуезов университетінде білім алуға мүкіндік алады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз