Жаңалықтар
«Зерделі ұлт – берік қоғам негізі»: баспасөз өкілдері студенттермен кездесті
- Қаралды: 7
Ұлттың үніне айналған баспасөз – қоғамның рухани айнасы. Оның өткені мен бүгіні, болашағы жас ұрпақ үшін де маңызды. «Зерделі ұлт» жобасы аясында Әуезов университетінде өткен «Зерделі ұлт – берік қоғам негізі» атты кездесу қазақ баспасөзінің тарихы мен бүгінгі тынысын, ұлттық журналистиканың бағыты мен болашағын қозғады.
Университетке арнайы келген «Қазақ газеттері» ЖШС өкілдері «Филология» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы және студенттерімен жүздесті.
Іс-шараны ашқан Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректор Садыбек Қалмаханұлы екі басылымның ортақ ұстанымы – ұлт мүддесіне қызмет ету, қоғамдық ой қалыптастыру және оқырманды зерделі ойлауға баулу екенін атап өтті. Сондай-ақ бұл құндылықтардың жастардың дүниетанымы мен азаматтық ұстанымын қалыптастырудағы маңызын жеткізді.
«Ана тілі» газетінің бас редакторының орынбасары Қарагөз Сімәділ мен «Ақиқат» журналының бас редакторы Дәуіржан Төлебаев басылымдардың тарихы, негізгі бағыттары мен редакция жұмысы туралы әңгімелеп, ұлттық баспасөздің қоғамдағы орны, мемлекеттік тілді дамытудағы рөлі және цифрлық дәуірдегі өзгерістерге тоқталды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Студенттер кәсіби жауапкершілік, журналистиканың бүгінгі талаптары, баспасөздің болашағы мен цифрлық медианың ықпалы жөнінде сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандармен ой бөлісті.
Жүздесу соңында қонақтар университеттің телестудиясын аралап, оның техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз