Жаңалықтар
Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумы: Auezov University жаңа келісімдерге қол қойды
- Қаралды: 7
Бүгін Астанада халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстанның өңірлік ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі әлеуетін нығайтуға бағытталған Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумы басталды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен 2024 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан форумға қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының, халықаралық және ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпус пен өндірістік серіктестердің 400-ден астам өкілі қатысуда. Халықаралық басқосу екі күнге жоспарланған.
Форум аясында университетіміз шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты нығайтып, жаңа академиялық мүмкіндіктерге жол ашуда. Атап айтқанда, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті мен Ресейдің Д.И. Менделеев атындағы химия-технологиялық университеті, сондай-ақ Қытайдың Beijing Pihua International Education Technology Co., Ltd. компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.
Сонымен қатар Басқарма төрағасы - ректор Мұхтар Төлеген АҚШ-тың Arizona State University және Cintana Education өкілдерімен кездесіп, стратегиялық серіктестікті дамыту, сондай-ақ университет базасында Honors College аясында қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
Университет өкілдері форумның пленарлық және панельдік сессияларына қатысып, трансұлттық білім беру, халықаралық филиалдардың қызметі, жоғары білімді цифрландыру, ғылыми зерттеулер мен инновациялар, академиялық ұтқырлық және жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингтердегі позициясын нығайту бағыттары бойынша пікір алмасты.
Стратегиялық маңызы зор мұндай іс-шараға қатысу Мұхтар Әуезов университетінің халықаралық байланыстарын кеңейтуге, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, академиялық ұтқырлықты дамытуға әрі әлемдік білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз