«Асыл әуен» қобызшылар ансамблі – халықаралық чемпионаттың күміс жүлдегері

Ұлттық өнерімізді ұлықтап, қобыздың қоңыр үнін халықаралық сахнада әуелеткен Auezov University студенттері тағы бір белесті бағындырды.
Алматы қаласында «QOBYZ AMANAT» халықаралық қобыз және туыстас аспаптар орындаушыларының чемпионаты өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған байқауда «Мәдениет және өнер» факультетінің «Асыл әуен» қобызшылар ансамблі жүлделі ІІ орынды иеленді. Күміс жүлдегерлер
Зия Жолдасова
Мадина Сейлхан
Айяна Жұмазбай
Гүлсезім Базарбай
Алина Ержанқызы
 Ансамбль жетекшісі: «Музыкалық білім» кафедрасының доценті Ләззат Шәріпқызы Арипбаева.
Қобыздың сырлы сазын нақышына келтіріп орындаған өнерпаздарымыз университет мерейін асқақтатып, ұлттық музыканың құндылығын тағы бір мәрте танытты.
Жеңімпаздарды лайықты марапатымен құттықтаймыз! Ұлттық өнерді дәріптеу жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.