Жаңалықтар
Студентіміз республикалық ғылыми байқауда ІІ орын иеленді
- Қаралды: 39
Ұлттық өнерді зерттеп, оның тереңіне үңілген Auezov University студенті Мерей Тұңғышбек республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында ІІ орын иеленді.
Ол «6B03101 – Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы аясында «Қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі би семантикасы» тақырыбында ғылыми жұмыс дайындаған.
Зерттеуде қазақ биінің мән-мағынасы, шығу төркіні мен көркемдік ерекшеліктері («Қара жорға», «Шалқар», «Барыс», «Жігіттер» және т.б. билер мысалында) қарастырылған. Автор ұлттық биді жай ғана қимыл-қозғалыс өнері емес, халқымыздың болмысын, дүниетанымы мен тарихи жадын жеткізетін мәдени мұра ретінде зерделеген.
Ғылыми жұмыстың жетекшісі – философия ғылымдарының кандидаты, доцент Айнұр Абдрахманқызы Жиенбекова.
Ұлттық мәдениетті ғылыми тұрғыдан танытуға үлес қосып жүрген студентімізді жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы ізденістеріне сәттілік, жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз