Жаңалықтар
Auezov University мен Шанхай педагогикалық университеті ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады
- Қаралды: 23
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген бастаған делегация Шанхай қаласындағы Шанхай педагогикалық университетінің (Shanghai Normal University) басшылығымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар академиялық және ғылыми байланыстарды нығайту, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, сондай-ақ педагог кадрларды даярлау және шет тілдерін оқыту бағыттарындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Келіссөздерде Шанхай педагогикалық университеті базасында ЮНЕСКО аясында жұмыс істейтін Халықаралық педагогикалық білім беру орталығымен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктеріне және жоғары білім беру саласындағы озық тәжірибемен алмасуға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысында тараптар ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға және бірлескен білім беру мен ғылыми жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмысты жалғастыруға мүдделі екендерін білдірді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз