Жаңалықтар
Халықаралық мойындау: Auezov University ғылым мен білім саласындағы үздік әріптес атанды
- Қаралды: 9
Қытайдың Сиань қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті халықаралық марапатқа ие болды. Оқу орны «Жібек жолы бойындағы ынтымақтастық» бастамасы шеңберінде ғылым және жоғары білім саласының үздік әріптесі мәртебесін алды.
Сапар барысында Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген бастаған университет делегациясы Солтүстік-Батыс саясаттану және құқық университетінің (NWUPL) басшылығымен кездесті.
Кездесуге партия комитетінің хатшысы Чжао Ваньдун, университет президенті Чжан Жунган және проректор Шань Вэньхуа қатысты. Тараптар академиялық ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ делегация «Чанъань – Рим» Жібек жолы құқықтық мәдениеті алмасу апталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Орайы келгенде ректор Мұхтар Әділбекұлы Ұлы Жібек жолы бейнеленген естелік туындыдағы Шымкент қаласының атауы жазылған тұсқа қолтаңбасын қалдырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға айрықша мән береді. Бұл бағытта ғылым мен білім саласындағы байланыстардың маңызы зор. Auezov University-дің халықаралық деңгейде мойындалуы – оқу орнының екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан үлесінің айқын көрінісі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз