Жаңалықтар
Auezov University мен Suzhou University of Technology ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде
- Қаралды: 34
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген бастаған делегация Цзянсу провинциясының Чаншу қаласында орналасқан Suzhou University of Technology университетіне барды.
Сапар барысында қытайлық университеттің вице-ректоры Сюй Хуэйганмен (Xu Huigang) және бейінді құрылымдардың өкілдерімен кездесу өтті. Тараптар тоқыма технологиялары, материалтану, жасанды интеллект, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және жеңіл өнеркәсіп саласына мамандар даярлау бағыттарындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуде заманауи ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамытуға, инновациялық технологияларды өндіріске енгізуге және университеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындармен байланысын нығайтуға ерекше назар аударылды.
Қазақстандық делегация білім беру мен тоқыма-тігін өнеркәсібін ұштастыратын инновациялық кешенді аралап, иіру және тоқу технологиялары зертханаларының жұмысымен танысты. Аталған зертханалар жіп иіру мен тоқыма материалдарын өндіру үдерістерін зерттеуге арналған заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ тоқыма дизайны мен функционалды маталар, тоқыма материалдарын бояу және әрлеу зертханалары таныстырылды. Олардың қатарында технологиялық үдерістерді әзірлеу мен жүзеге асыруға арналған арнайы жабдықталған бөлмелер де бар.
Бұдан бөлек, сандық және органикалық химиялық талдау, материалдардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу зертханаларына, сондай-ақ тоқыма және тігін бұйымдарын цифрлық сынақтан өткізу орталығына назар аударылды. Бұл орталықта өнімнің сипаттамаларын бағалау мен сапасын бақылаудың заманауи әдістері қолданылады.
Ұсынылған инфрақұрылым тоқыма өндірісінің негізгі кезеңдерін, ғылыми зерттеулерді және мамандарды тәжірибелік даярлауды біртұтас технологиялық кешенде ұштастыруға мүмкіндік береді.
Келіссөздердің негізгі бағыттарының бірі – Auezov University базасында жасанды интеллект технологияларын қолданатын заманауи ғылыми-зерттеу зертханаларын құру мәселесі болды. Атап айтқанда, тоқыма материалдарын зерттеу, цифрлық талдау жүргізу, өнімді жобалау және оның сапасын бақылау үдерістерінде интеллектуалды жүйелерді пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.
Осы бағытта қазақстандық тарап қытайлық әріптестердің зертханалық инфрақұрылымды ұйымдастыру тәжірибесін зерделеуге, жабдықтарды сатып алуға өтінім әзірлеу үшін олардың техникалық паспорттары мен сипаттамаларын алуға, сондай-ақ зертханалық кешенді қалыптастыру кезінде сараптамалық қолдау көрсетуге қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысында ғылым, білім және технологиялық инновациялар саласындағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындайтын ынтымақтастық туралы меморандумның мазмұнын одан әрі пысықтау жөнінде келісімге қол жеткізілді. Басым бағыттар қатарында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту, тәжірибе алмасу және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері белгіленді.
Бұл сапар Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-білім беру әріптестігін нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның тоқыма және жеңіл өнеркәсібіне озық технологиялық шешімдерді енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз