Кәсіби мереке құтты болсын!

Құрметті бухгалтерлік есеп және аудит саласының қызметкерлері, ардақты ұстаздар мен қадірлі студенттер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бухгалтерлік есептің тарихы тереңде жатыр. XV ғасырда Лука Пачоли негізін қалаған бұл есеп ілімі бүгінде экономиканың күретамырына, кез келген ұйым мен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен дамуының басты кепіліне айналды. Осынау бай тарихы бар саланың қыр-сырын бүгінгі жас ұрпақ – студенттеріміз де өз көзімен көріп, зерттеп, болашақ білікті маман болуға зор құлшыныспен ұмтылуда. Тәжірибелі мамандардың қажырлы еңбегі мен профессор-оқытушылар құрамының терең білімі осы сауатты да ізденімпаз ұрпақтың қалыптасуына даңғыл жол ашып келеді.

Мемлекетіміздің жетістіктері мен ауқымды жобаларының сәтті жүзеге асырылуында, сондай-ақ сапалы кадрлық әлеуеттің артуында сіздердің жауапкершіліктеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің үлесі зор.

Қаржылық тәртіпті қатаң сақтай отырып, білім мен ғылымды, теория мен практиканы ұштастыра атқарып жатқан еңбектеріңіз жоғары құрметке лайық.

Айтулы датада баршаңызға сарқылмас қуат, шығармашылық табыс, кәсіби жетістік пен жаңа белестер тілеймін. Әрбір игі істеріңіз жемісті, жеңісті һәм нәтижелі болсын!

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен,

Мұхтар Төлеген,

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы - ректоры

Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.