Жаңалықтар
№7 оқу ғимаратының шатыры толық жаңартылды
- Қаралды: 23
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде материалдық-техникалық базаны нығайту және оқу корпустарын заманауи талаптарға сай жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Қуанарлық жайт, №7 оқу ғимаратының шатырын жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Жұмыс барысында ескірген шатыр конструкциялары қалпына келтіріліп, жаңа заманауи жабын орнатылды. Сонымен қатар ғимаратты жауын-шашын мен желден қорғау үшін шатырдың герметикалығы және гидрооқшаулау қабаттары күшейтілді. Бұл шаралар нысанның техникалық жағдайын жақсартуға және оның пайдалану мерзімін ұзартуға бағытталған.
Университет басшылығы үшін студенттер мен қызметкерлерге қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау – басты басымдықтың бірі. Оқу ғимараттарының инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес алдағы уақытта да жалғасады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз