Ел мақтанышы – Сабырхан Төрехан

Қазақ елінің абыройын асқақтатып, Көк байрағымызды биікте желбіреткен «Спорт және туризм» факультетінің студенті Сабырхан Төреханның дүбірлі жеңісін баршамыз жақсы білеміз.
 
Сабырхан еліміз 12 жыл бойы күткен алтын медальді қанжығасына байлап, халқымызға ерекше қуаныш пен мақтаныш сыйлады. Бұл – спортшының жеке жеңісі ғана емес, табандылықтың, қажырлы еңбектің, қайсар рух пен Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.
Бүгін жас чемпионның Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомат Тоқаевпен кездесіп, Президент қолынан арнайы Алғыс хат алуы – оның тарихи жетістігіне берілген жоғары баға әрі барша университет ұжымы үшін зор мәртебе.
 
Сабырхан, сенің жеңісің – Әуезов университетінің де жеңісі! Бүгінгі жетістігіңмен мыңдаған жасқа үлгі болып, арманына адал, мақсатына берік болудың жарқын үлгісін көрсеттің.
 
Осындай дарынды, жігерлі, ел намысын бәрінен биік қоятын студент тәрбиелеп отырғанымызға мақтанамыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, қазақ елінің Көк байрағын әлемдік ареналарда желбірете беруіңе тілектеспіз!
Ата-анаңа, бапкерлеріңе және осы жеңіске үлес қосқан барша жанға алғысымызды білдіреміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.