|
БББ міндеттері
|
-қоғамда әлеуметтік-жауапкершіліктік тәртіпті қалыптастыру, кәсіби әдеп нормаларының маңыздылығын түсіну және оларды сақтау; - бүкіл өмір бойы оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін, өзінің барлық кәсіби мансабындағы өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын базалық бакалавр дайындығын қамтамасыз ету; - жалпы жоғары интеллектуалдық даму деңгейіне жету, сауатты, әрі жетік сөйлей білуді, ойлау мәдениеті мен ұлттық және аймақтық экономика салаларында еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдыларын игеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету; - олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету немесе келесі оқу деңгейлерінде оқуын жалғастыруларына жағдай жасау үшін интеллектуалдық, физикалық, рухани, эстетикалық жағынан дамуы үшін жағдайлар жасау; - экономика, кәсіпкерлік, өндірісті басқару және ұйымдастыру аясында толыққанды, сапалы білім, кәсіби құзіреттілік ұсыну; - сұранысқа ие білім мен дағдыларды қалыптастыру, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және тұрақты даму мақсаты аясында планетаны қорғауға саналы көзқарас қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.
|
|
Оқу нәтижелері
|
ОН1 Өзін-өзі тәрбиелеу және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын көрсете отырып, жеке түрде және команданың мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау. ОН2 Белгісіздік пен тәуекел жағдайында кәсіпкерлік дағдыларын және жұмыс жасау дағдыларын пайдалану. ОН3 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық, өндірістік және коммерциялық қызметінің (бизнес-жоспарларының) жоспарларын, кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің перспективалық және ағымдағы жоспарларын, кәсіпорынды дамытудың жалпы және функционалдық стратегияларын әзірлеу. ОН4 Еңбек үдерістері мен жұмыс орындарын жобалау, ұйымның еңбек ресурстарына қажеттіліктерін жоспарлау; еңбек шығындарын мөлшерлеуді іске асыру; еңбекақының және қызметті ынталандырудың заманауи нысандарын әзірлеу. ОН5 Ғылыми зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету. ОН6 Кәсіби қызметте негізделген ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеуге қатысу. ОН7 Қойылған экономикалық міндеттерді шешу, экономикалық процестерді, макро - және микродеңгейдегі құбылыстарды бағалау үшін қажетті жасанды интеллектті пайдалана отырып, деректерді жинауды, жүйелеуді, талдауды және өңдеуді жүзеге асыру; кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы, оның ішінде сот сараптамасын (зерттеуін) жүргізу кезінде проблемаларды анықтап, жолдар мен тәсілдерді ұсына отырып олардың шешімдері. ОН8 Академиялық жазу қағидаттары мен академиялық адалдық мәдениетін ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау. ОН9 Ақпараттық және өндірістік сауаттылықты қамтамасыз ету, кәсіби қызметте заманауи техникалық құралдарды, бағдарламалық өнімдерді, ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды пайдалану. ОН10 Стандартты теориялық және эконометрикалық модельдер негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің көрсеткіштерін, үдерістерді, құбылыстарды, жағдаяттарды экономикалық-математикалық үлгілеу, болжау әдістерін пайдалану. ОН11 Қызметтің әр түрлі аяларында инвестициялық және инновациялық жобаларды (идеяны жинақтау кезеңінен инновацияны коммерцияландыруға дейін) әзірлеу және іске асыру және олардың тиімділігін бағалау. ОН12 Үнемдеу режимін, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды оңтайлы пайдалану, өндірістің рентабельділігін, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу; экономикалық қызметтің тиімділігін арттыру резервтерін анықтау.
|