Экономика кафедрасы – білім мен келешектің іргетасы

Болашақтың экономикасын талдауға, болжауға және дамытуға қабілетті мамандарды дайындаймыз. Қаржы және бизнес саласындағы жетекші сарапшылармен теория мен практиканың қиылысында оқыту.

"Экономика" кафедрасы профессор-оқытуышы құрамының базалық білімі бар, тәжірибелі, жоғары білікті, оның ішінде 2 экономика ғылымдарының докторы, 11 экономика ғылымдарының кандидаты, 4 PhD докторы, 8 магистр. Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар ПОҚ үлесі  68%, штаттық оқытушылар үлесі - 76% құрайды. ПОҚ орташа жасы - 48,8 жас. Кафедра оқытушылары Есиркепова А.М., Полежаева И.С., Альжанова А.А., Хасенова Л.А., Мұхан Б.С., Шевченко И.И. бакалавриат, магистратура, докторантура үшін ағылшын тілінде сабақ жүргізеді.

Есиркепова Алтын Махмудовна

Кафедра меңгерушісі
Экономика ғылымдарының докторы, профессор

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қ., Тәуке-хан даңғылы 5, “Экономика” кафедрасы, бас ғимарат, 422 каб.

Телефон : 8-702-456-00-44

Электронды пошта 
essirkepova@mail.ru

Ниязбекова Роза Калманбаевна

Экономика ғылымдарының докторы, профессор

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 422 каб.

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта : nrk52@mail.ru.

Колотаева Людмила Петровна

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта :lyudakolot555@mail.ru

Жакешова Айымжан Пашкеновна

Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36 

Электронды пошта : zhakesh_a@mail.ru.

Айдарова Айна Байларовна

Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан дағылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта : aina.aidarova@auezov.edu.kz

Абдикеримова Гульжанар Иманбаевна

Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта : abdikerimova71@mail.ru

Тулеметова Айгуль Саиновна

Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта : aygul.tulemetova@mail.ru 

Полежаева Инна Сергеевна

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта : inna-shim@mail.ru

Илашева Сауле Ашуровна

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта : S.Ilasheva@mail.ru 

Апсенбетова Гульнара Турсынбековна

Экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта : Gul.1919@yandex.kz

Альжанова Айгуль Алибековна

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 кабинет

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта : aigolek@mail.ru

Мухамедханова Айнур Батырхановна

Доктор PhD, аға оқытушы

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта :
dia-2808@mail.ru

Мұхан Бахытжан Сабитуллаулы

Доктор PhD, аға оқытушы

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта: Mukhanbakytzhan@mail.ru

Бекманова Гульжан Усеновна

Аға оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта : gulzhan_p.kz@mail.ru

Шевченко Ирина Ивановна

Аға оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36 

Электронды пошта: shii-11@mail.ru

Колдасова Лаззат Сапаровна

Аға оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, Бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта: lazzatkldasova@mail.ru

Бекназаров БакытДоктырбаевич

Аға оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36 


Электронды пошта :
bakytt8080@mail.ru

Байнеева Парида Тургунбаевна

Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, "Экономика" кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта: b.farida_kz@mail.ru

Хасенова Лаура Айбековна

Доктор PhD, аға оқытушы

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры.

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қ., Тауке-хан даңғылы 5, “Экономика” кафедрасы, бас ғимарат, 136,134-кабинет

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта: laura_ok_uko@mail.ru

Дурру Диана Кудайбергеновна

Аға оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта: diana_zhan7 @mail.ru

Жумагулова Аселя Мутальевна

Аға оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта: Asel_1982@mail.ru

Ортаева Улжан Маханбетовна

Аға оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта: ulzhan-ortaeva@mail.ru

Курбанбаева Айна Ерсинбековна

Оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта: kurbanbayeva1976@inbox.ru

Танашева Перизат Султангалиевна

Жоғары білікті маман, Лаборант

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 422 каб.

Телефон : 21-10-36

1964 жылы Қазақ химия-технология институтының қабырғасында құрылған «Экономика» кафедрасы өз жұмысын еліміздің өнеркәсіптік салаларына инженер-экономист мамандар даярлаудан бастады. Сол кезеңде оның басты міндеті құрылыс материалдары өндірісі, құрылыс индустриясы және Қазақстанның оңтүстік өңірінде қарқынды дамып келе жатқан химия өнеркәсібі үшін білікті кадрлармен қамтамасыз ету болды.

Кафедра қабырғасында білім алған түлектердің басым бөлігі кейінірек еліміздің ірі кәсіпорындарының экономикалық бөлімшелерінде жетекші маман ретінде қызмет атқарды. Олар Алматы, Павлодар, Қарағанды, Петропавл, Жамбыл, Орал қалаларында ғана емес, сонымен қатар Ташкент, Навои, Подольск, Семилуки секілді алысты-жақын қалаларда да экономиканың түрлі салаларында еңбек етті.

1976–1986 жылдар аралығында кафедра құрамы жас ғылым кандидаттарымен толықты. Олардың қатарында Нурашева К.К., Көкебаева А.М., Сыздықов И.С., Ниязбекова Р.К., Колотаева Л.П., Икматова Э.Б., Шим Г.А., Таласов М.Ж., Куттыбаева Д.А. сынды ғалымдар болды.  Олардың кандидаттық диссертациялары Мәскеу басқару институты (С. Орджоникидзе атындағы), Ленинград технологиялық институты (П. Тольятти атындағы), Ғылым академиясының Экономика институты секілді беделді ғылыми орталықтарда сәтті қорғалып, жоғары академиялық дайындықтан өтті.

1964 жылдан бастап 1976 жылға дейін кафедраны экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Абубакірова А.А. басқарды. Кейінгі жылдары кафедраға әр кезеңде Ищанов А.У., Нурашева К.К., Купешев Ш.К., Колотаева Л.П., Ниязбекова Р.К., Байнеева П.Т., Бейсенова М.У., Тулеметова А.С. жетекшілік етті.

Image
Image

1990-жылдары кафедра жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Оның түлектерінің бір бөлігі жаңадан құрылған экономикалық факультеттің профессор-оқытушылар құрамына қосылып, жоғары білікті экономист мамандарды даярлау ісіне үлес қосты. Олардың кәсіби қалыптасуы мен жетістіктері кафедраның біліктілігі мен оның басшыларының кәсібилігінің айқын көрінісі болды.

Бүгінде «Экономика» кафедрасы үш деңгейлі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыруда. Бакалавриат деңгейінде 6В04110 – Экономика бағдарламасы ұсынылса, магистратурада 7М04110 – Экономика, 7М04112 – Экономика, 7М04113 – Аграрлық экономика, сондай-ақ 7М04107 – Цифрлық экономика бағдарламалары бойынша білім беріледі. Ал докторантура деңгейінде 8D04110 – Экономика бағдарламасы негізінде ғылыми кадрлар даярланады. «Экономика» кафедрасы үш деңгейлі білім беру бағдарламалары аясында кадрлар даярлауды жүзеге асырып, олардың алған білімдері мен дағдыларын технологиялық жаңғырту, инновациялық кәсіпкерлік және экономиканы әртараптандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағыттауға айрықша мән береді.

Бүгінде кафедраны экономика ғылымдарының докторы, профессор Есиркепова А.М. басқарады.

Оқу үдерісі бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде 60-тан астам пән бойынша жүргізіледі. Сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.

Кафедра ғылыми және шығармашылық әлеуеті жоғары ұжымымен ерекшеленеді. Мұнда республикалық «ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары қызмет атқарады: Ниязбекова Р.К. (2007, 2013 жж.), Есиркепова А.М. (2011, 2022 жж.), Байнеева П.Т. (2014 ж.), Айдарова А.Б. (2014 ж.), Абдикеримова Г.И. (2021 ж.), Тулеметова А.С. (2023 ж.).  Сонымен қатар, Ниязбекова Р.К., Колотаева Л.П., Куттыбаева Д.А., Тулеметова А.С., Айдарова А.Б., Абдикеримова Г.И. Қазақстан Республикасының білім беру үздігі атағына ие. Ниязбекова Р.К., Есиркепова А.М., Айдарова А.Б. «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Сонымен қатар Айдарова А.Б. «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін иеленсе, Тулеметова А.С. «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері» атағына лайық деп танылған. 

Кафедра түлектері мен оқытушылары кәсіби жолында биік белестерді бағындырып, жетекші мамандардан бастап, ұйым басшыларына дейінгі лауазымдарды атқаруда. Олардың бірқатары Шымкент қаласындағы, Қазақстанның және шетелдік жоғары оқу орындарының экономикалық кафедраларында профессор, кафедра меңгерушісі, факультет деканы ретінде табысты еңбек етуде.

Қазіргі уақытта кафедраның 25 оқытушыдан тұратын профессорлық-оқытушылық құрамы жұмыс істейді. Олардың қатарында: 2 экономика ғылымдарының докторы, 11 экономика ғылымдарының кандидаты, 4 PhD докторы, 8 магистр бар.

Кафедра білім беру сапасын арттыру мақсатында алыс және жақын шетел ғалымдарын, сондай-ақ салалық кәсіпорындардың жетекші мамандарын дәрістер оқуға және ғылыми кеңес беруге шақыру тәжірибесін кеңінен қолданады.

«Экономика» кафедрасы оқу үдерісін ұйымдастыруда жетекші рөл атқаратынын оның ғылыми зерттеулері мен жетістіктері дәлелдейді. Бүгінде кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, гранттық қаржыландыру аясында зерттеулер жүргізу, монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу, сондай-ақ студенттер, магистранттар мен докторанттардың ғылыми ізденістеріне жетекшілік ету бағытында белсенді жұмыс атқаруда.

2022 жылғы қараша айында кафедра негізінде Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг атындағы Жаңа климаттық экономика орталығы ашылды. Бұл орталықпен бірлесіп зерттеу жобалары мен инновациялық білім беру бағдарламалары әзірленіп, жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Рае Квон Чунг профессорлық-оқытушылық құраммен, студенттермен, магистранттар және докторанттармен өз ғылыми тәжірибесімен бөлісіп, климаттық және «жасыл» экономика саласындағы өзекті мәселелер бойынша дәрістер өткізуде.

«Экономика» кафедрасы бірнеше мәрте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Үздік кафедрасы» атағына ие болды. Сонымен қатар, кафедраның білім беру бағдарламалары: 6В04110 – Экономика білім беру бағдарламасы (2022), ал 7М04110 – Экономика, 7М04112 – Экономика және 8D04110 – Экономика бағдарламалары (2024) жоғары сапа стандарттарына сай келетіндігін дәлелдей отырып, Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IQAA) тарапынан аккредиттелген. Соңғы екі жыл ішінде кафедра докторанттары Дурру О., Мухан Б.С., Хасенова Л.А., Муталиева А., Мухамедханова А.Б., Юнусов М.Б., Егембердиев Р.А. докторлық диссертацияларын сәтті қорғады. Олардың көпшілігі бүгінде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының қатарын толықтырды.

Image
Image

Оқу-әдістемелік жұмыстары

Әдістемелік жұмыс оқу процесін қамтамасыз етуін және жетілдіруін, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады. «Экономика» кафедрасында оқу–әдістемелік жұмыстары  жоспар бойынша орындалды. Кафедраның оқу-әдістемелік семинарлар жоспары жыл сайын жаңартылып, білім беру саласындағы өзгерістерге сай талданып, бекітіліп отырылады. Кафедрада орындалған ғылыми-әдістемелік семинарлар сапа менеджмент жүйесінің тиімділігін ары қарай арттырудың жоспарлары мен жүйесін қамтиды. Кафедрада жоспарға сай, ғылыми-әдістемелік семинарларды ұйымдастыру дипломдық жұмыстардың тақырыптарын олардың өзектілігі мен ғылымилығын қалыптастыруда жаңартылып, ұйымдастырылды.

Әдістемелік семинарлар өзекті тақырыптарда өткізіледі:

  • ГОСО және СМЖ талаптарына сәйкес оқу бағдарламаларын, оқу-жұмыс бағдарламаларын (силлабустар) жасау және өзгерістерді енгізу;
  • Оқу үрдісінде интерактивтік техологияларды қолдану әдістемесі және тәжірибесі;
  • Қашықтықтан оқыту институтындағы оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету;
  • Курстық жұмыс және плагиатқа қарсы рәсімдер бойынша консультациялар ұйымдастыру;
  • Магистерлік және дипломдық жұмыстарға талаптарды жетілдіру
  • ОПҚ шығарған оқұ құаралы мен электронды оқұ құралдарын қарастыру
  • Білім беру үдерісіне оқытудың инновациялық технологиялары бойынша актілерді енгізу бойынша нәтижелерді талқылау.

«Экономика» кафедрасының 2020-2023 жылдар аралығында оқу-әдістемелік әдебиеттердің  шығарылу  жоспары

ОӘӘ

2020/2021ж.

2021/2022ж.

2022/2023ж.

Оқұлық

1

1

1

Оқұ құралы

5

5

4

Дәріс жинағы

12

10

11

Әдістемелік нұсқаулар

51

28

29

Кейстер

6

8

8

Іскерлік ойындар

-

-

-

Электрондық оқұ құралдары

5

4

5

Бейнедәріс

10

15

20

Image
Image
Профессор оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстары
Image
Image
Image
Image
Image
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы
2023-2024 оқу жылында 6В04110 -Экономика БББ студенттері «Поиск» үйірмесінің жұмысына белсенді қатысты.

 «Экономика» кафедрасының студенттері мен ПОҚ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Жастар ғылымының даму  векторлары» атты жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша  27-ші республикалық студенттік  ғылыми конференциясына белсенді қатысты, 5-6 сәуір айында 2024 жыл М.Әуезов атындағы ОҚУ базасында өткізіледі. Студенттік ғылыми конференция өтінімдерге сәйкес студенттер қатысты. Конференцияда жоспар бойынша-22 баяндама ұсынылды. Жоспардан тыс ұсынылған баяндамалар саны-2. Жалпы- 29 баяндама тыңдалды, жүлделі орын алғандардың саны- 6.
І-дәрежелі дипломмен:
1. Пак Александра – Приоритеты развития молочной промышленности Казахстана и связь с продовольственной безопасностью страны.
Научный руководитель: к.э.н., доцент Колотаева Л.П.

ІІ-дәрежелі дипломмен:
1. Цифровая экономика предприятия.
ЭФ-22-5тк тобының студенті Орынкожаев А.М.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Айдарова А.Б.

2.Ел дамуындағы жастардың және ғылымның ролі.
518-21 тобының студенті Торбай Г.М.
Ғылыми жетекшісі: магистр, Абдрахманова А.Б.
Shymkent жоғары педагогикалық колледжі

3. Источники финансирования инвестиционных  ресурсов.
Студент группы ЭФ-21-1р1 Кулмуратов Т.
Научный руководитель: к.э.н., профессор Тулеметова А.С.

ІІІ-дәрежелі дипломмен:
1.Түркістан облысының еңбек нарығын дамыту тиімділігін арттыру
ЭФ-20-1к1 тобының студенті Бейсенқұл М.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Абдикеримова Г.И.

2. Проблемы и перспективы развития мукомольной промышленности в Казахстане.
ЭФ-21-1р тобының студенті Алиева А.
Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Шевченко И.И.

Жоғары мектеп деңгейіндегі Мақтау Грамотасымен төмендегі студенттерге  марапаттаулар жүргізілді:
І-орын
1. The system of limits and quotas for the use of natural resource potential and performance indicators.
Студентка группы ЭФ-21-1р Серикова Р.Н.
Научный руководитель: д.э.н., профессор Ниязбекова Р.К.

2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметік салдары.
ЭФ-22-1к2 тобының студенті Джунусова Л.
Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Бекназаров Б.Д.

ІІ-орын
1. Түркістан облысының еңбек нарығын дамыту тиімділігін арттыру.
ЭФ-20-1к1 тобының студенті Бейсенқұл М.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Абдикеримова Г.И.

ІІІ-орын
1. Кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін инновациялық форсайтты жүргізудің әдіснамалық қағидаттары.
ЭФ-21-1к2 тобының студенті Мақсатқызы А.
Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Алиева Э.М.

Жоғары мектепдеңгейіндегі Мақтау Грамотасымен төмендегі колледж студенттері марапатталды:
І-орын
1.Тенденции в производстве основных молочных продуктов и возможности самообеспечения регионов.
Студентка группы ЭФ-20-1р Орынтай А.
Научный руководитель: к.э.н., доцент Колотаева Л.П.
2. Methods of environmental insurance in risk management.
Студентка группы ЭФ-21-1р Серикова Р.Н.
Научный руководитель: д.э.н., профессор Есиркепова А.М.

ІІ-орын
1. Elements of successful development of the manufacturing industry: experience and lessons from other countries.
Студентка группы ЭФ-21-1р Серикова Р.Н.
Научный руководитель: д.э.н., профессор Есиркепова А.М.

ІІІ-орын
1.Развитие малого и среднего бизнеса.
Студентка группы ЭФ-21-1р Сманов А.
Научный руководитель: к.э.н., доцент Полежаева И.С.

2.Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық жағдайын талдау.
ЭФ-22-5тк тобының студенті Жарқынбек Н.М.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Айдарова А.Б.

Бірқатар студенттер алғыс хатпен марапатталды:
1.Инвестиционная привлекательность аграрно-промышленного промышленности региона.
Студентка группы ЭФ-21-1р1 Адиева А.
Научный руководитель: к.э.н., профессор Тулеметова А.С.
2. Қазақстанда орта және шағын бизнесті қолдау.
ЭФ-22-5к2 тобының студенті Алиева А.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Айдарова А.Б.
3. Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық жағдайын талдау
ЭФ-22-5тк тобының студенті Жарқынбек Н.М.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Айдарова А.Б.
4. «Жасыл экономиканың» мәні және Қазақстан Республикасындағы оның даму басымдықтары
ЭФ-22-5тк тобының студенті Зайнидин Е.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Айдарова А.Б.
5. Кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі типология және инфрақұрылымдық тәсіл.
ЭФ-21-1к3 тобының студенті Куатова А.
Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы МухамедхановаА.Б
6.Курсера білім беру платформасы заман талабы
ФИ-22-11к4 тобының студенті Сейтжан Қасиет
Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Колдасова Л.С.

Қорытынды:
    1. Студенттерді қазіргі таңдағы актуалды мәселелерді талқылауға қызықтырып және олардың конференцияға қатысудағы белсенділігін арттыру, СҒЗЖ-ға уақытты көбірек бөлу.
    2. Студенттердің курстық жұмыстарымен конференцияларға, ғылыми жұмыстарымен айналысуына жағдай жасау.
    3. СҒЗЖ бойынша студенттерді өз пікірін ұсынуға, мәселелерді шешуге, талдау жасауға үйрету үшін қосымша сабақтар өткізу.
    4. Студенттерді республика деңгейіндегі конкурстарға қатысуын ұйымдастыру.

Памуккале университетінің профессоры Нихат Батмаздың семинары

«Басқару және бизнес» Жоғары мектебінің оқытушылары, магистранттары мен докторанттары үшін 2023 жылдың 24 қаңтарында Памуккале университетінің профессоры Нихат Батмаз «FDI. Foreign Investment effect of growth» тақырыбында семинар өткізді.

Image
Image

 «Экономика» кафедрасында студенттердің кәсіптік практикасы жүзеге асырылады:

- 1 курс үшін - оқу практикасы (1 кредит);

- 2 курс үшін - 1-ші өндірістік практика (4 кредит);

- 3 курс үшін - 2-ші өндірістік практика (7 кредит);

- 4 курс үшін - диплом алды немесе өндірістік практика (8 кредит).

«Экономика» кафедрасы студенттердің кәсіптік практикадан өтуі бойынша төмендегі мекемелерімен келісім-шарт жасай отырып  жыл сайын Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жетекші ұйымдарымен - Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасымен, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасымен, Шымкент қаласының қаржы басқармасымен, Шымкент қаласының және Түркістан облысының әкімдіктерімен, ЖШС-мен жаңартады «Бал Текстиль», «Шымкентмай» АҚ және басқада ұйымдарда өтуіне ықпал жасайды.

Кәсіптік практика барысында студенттер практика есебін жасау үшін қажетті ақпаратты жинайды, кәсіпорындардың ұйымдық құрылымын зерделейді, экономикалық көрсеткіштерге егжей-тегжейлі талдау жүргізеді және материалдарды жүйелейді

«Экономика» 6В04110 білім беру бағдарламасының оқу процесіндегі практикалық-бағдарланған тәсілі болашақ мамандарды даярлаудың негізгі міндетін - тұлғаның кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін жағдай жасауды шешеді

Мамандарды даярлау сапасын арттыру, әлеуметтiк әрiптестiктi дамыту, оқу және ғылыми-зерттеу жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, кәсiпорын қызметкерлерi мен оқытушылардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында «Экономика» кафедрасында оқу-ғылыми-өндiрiстiк (бiлiм беру) кешен жұмыс iстейдi (ОҒӨК) қызметін ұйымдастыру жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

ОҒӨК профессорлық-оқытушылық құрамды, магистранттар мен студенттерді инновациялық қызметке тарту арқылы кафедраның инновациялық әлеуетін іске асыруға жәрдемдеседі; оқу процесін жоспарлаудың тиімділігін арттырады; кәсiпорынның алдында тұрған ғылыми-зерттеу және өндiрiстiк мiндеттердi шешуге байланысты курстық және дипломдық жұмыстарды, студенттердiң оқу ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыру.

ОҒӨК жұмыс істеген жылдары кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Түркістан облысының және Шымкент қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарымен байланыс орнатты.

Оқытушыларды, мамандарды, студенттерді, магистранттарды ОҒӨК  инновациялық қызметіне тарту және білім беру бағдарламаларын жетілдіру мақсатында оқудың қазіргі заманғы технологияларын және бакалаврлар мен магистранттардың танымдық белсенділігін жандандыру құралдарын оқытуға және енгізуге бағытталған ғылыми-әдістемелік семинарлар тұрақты түрде өткізіледі. Бұл үшін әртүрлі бағдарламалық өнімдер пайдаланылады.

Оқытушылар дәріс және практикалық сабақтарда іскерлік ойындар, тренингтер, тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер және т.б. сияқты оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін пайдаланады. Барлық пәндер бойынша кейстер, практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар, тапсырмалар жинақтары, іскерлік ойындар және т.б. әзірленді.

 

 

 

 

Image
Image
Image
Image
Image
Image
Кафедра "Бал Текстиль"ЖШС-мен 10 жылға жуық қызмет істеп келеді. Кәсіпорын басшылығымен бірлесіп ББ әзірлеу жүзеге асырылады, білім алушылар осы кәсіпорында практикадан өтеді. 2024 жылдан бастап "Бал Текстиль"ЖШС-мен магистратура бойынша дуалды білім беру бағдарламасын іске асыру жоспарлануда.

“Экономика” кафедрасының тәрбие жұмысы бекітілген жоспар негізінде келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

Ø  ұйымдастыру жұмыстары
Ø азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие
Ø рухани-адамгершілік тәрбие
Ø кәсіби еңбек тәрбиесі
Ø діни толеранттылықтың қалыптасуы
Ø дене тәрбиесі және салауатты өмірді қалыптастыру
Ø экологиялық тәрбие
Ø интеллектуалдық және коммуникативтік мәдениетті дамыту
Ø мәдени-эстетикалық және полимәдениетті тәрбие
Ø студенттік өзін-өзі басқаруды және жастар бастамасын дамыту

2025-2026 оқу жылына «Экономика» кафедрасының

кәсіптік бағдар беру жұмыстарының

ЖОСПАРЫ

Іс-шаралар аталуы Орындау мерзімі Жауапты орындаушылар
1 «Экономика» кафедрасы аясында 2025-2026 оқу жылына талапкерлерді қабылдау жоспарын жасау Қыркүйек, 2025ж. Кафедра меңгерушісі және кәсіби-бағдар жұмысына жауапты
2 Кәсіби бағдар беру жұмыстарына қажетті ақпараттық жарнамалық материалдарды дайындау:
1. 8D04110-Экономика БББ
2. 7М04110-Экономика БББ
3. 6В04110-Экономика БББ бойынша жарнамалық буклет
Қазан, 2025ж. Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д.
3 «Экономика» кафедрасымен өткізілген жетістіктер мен іс-шараларға БАҚ-та және әлеуметтік желілерде (веб-сайттар, Facebook, Instagram және т.б.) жүйелі қамту Жыл бойына Кафедраның сайтына жауапты: Бекназаров Б.Д., Танашева П.С.
4 Қазығұрт ауданындағы мектептерде бітіруші түлектерімен кездесу, кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру Жыл бойына Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
5 Шымкент қаласындағы мектептерде бітіруші түлектерімен кездесу, кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру Жыл бойына Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
6 Шымкент қаласы және Жетісай ауданындағы мектеп бітірушілеріне университетке саяхат ұйымдастыру Жыл бойы Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
7 Шымкент қаласындағы мектептердің ата-аналар жиналыстарына қатысу Жыл соңында Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
8 8D04110, 7М04110, 6В04110 Экономика БББ туралы облыстық және аудандық баспасөздерде жарнамалық мақалалар жариялау Жыл бойы Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
9 Мектептердің жоғары сынып оқушыларының университет ғалымдарымен ғылыми байланыстарын ұйымдастыру Сәуір, 2026ж. Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
10 Түркістан облысы мен Шымкент қаласы колледждерінің бітіруші студенттерімен кездесіп, ЖОО мамандықтарын таңдауға көмектесу Мамыр, 2026ж. Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
11 «Басқару және бизнес» жоғары мектебі және университет факультеттері ұйымдастыратын «Ашық есік» күніне қатысу Жоспар бойынша Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
12 Шымкент қаласы мектептеріндегі «Соңғы қоңырау» салтанатты шараларына қатысып, кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізу 25 мамыр, 2026ж. Кафедра меңгерушісі және кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д.
Image
Image
Image
Image
Image

Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті төрағасының 2025 жылғы 25-қыркүйегіндегі № 1669 бұйрығымен М.Әуезов атындаты Оңтүстік Қазақстан университеті «Экономика» кафедрасының доценті, экономика ғлымдарының кандидаты Полежаева Инна Сергеевнаға 50200 – «Экономика және бизнес» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Бұл мәртебелі атақ – Сіздің ұзақ жылғы еңбегіңіздің, табандылығыңыздың, ғылым мен білім саласына қосқан зор үлесіңіздің айқын дәлелі.

Ғылыми атағыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Image
Профессор ғылыми атағы берілді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 30 шілдедегі №1328 бұйрығымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті "Экономика" кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Тулеметова Айгуль Саиновнаға 50200 – Экономика және бизнес ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Ғылыми атағыңыз құтты болсын! Ғылым мен білім жолындағы қажырлы еңбегіңіз әрдайым жемісті бола берсін!
Image
«Профессор» ғылыми атағы берілді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 994 бұйрығымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Абдикеримова Гульжанар Иманбаевнаға 50200 – Экономика және бизнес ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Ғылыми атақ алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
2025 жылдың 12 ақпанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Бас ғимаратында, РА Квон Чунг атындағы Жаңа климаттық экономика және тұрақты даму орталығында 8D04110-Экономика білім беру бағдарламасы бойынша phD дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясының алдын ала қорғауы өтеді.
Қанашаев Дәулет Есенбайұлы.


Ғылыми зерттеу тақырыбы:
Технологиялық процестерді цифрландыру үшін кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін арттырудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдері.

Ғылыми жетекшілер:
Есболова А. Е., phD,
Мұстафа Нұрсой, phD, профессор.
02.02. 2022 ж. Білм және ғылым министрі А. Қ. Аймағанбетов  жылдың үздік ұстаздарын марапаттады. Аталған іс-шараға М. Әуезов атындагы ОҚУ "Экономика" кафедрасының профессоры э.ғ.к. Абдикеримова Г. И. қатысып жылдың үздік марапаттымен марапатталды.
«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша студенттік олимпиаданы өткізілді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы 2022 жылы 17 наурызында экономика мамандықтарының 2-3 курс студенттері арасында «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша студенттік олимпиаданы өткізді.Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:− білікті мамандарды даярлау сапасын жақсарту;− студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру;− студенттердің білімін және өздігінен білім алуын бақылауды жүйелі ұйымдастыру;− студенттердің шығармашылық қабілеттерін және болашақ мамандығына қызығушылығын анықтау, дамыту және жандандыру.

Миссиясы

Кафедра профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі мақсаты білім беруді іргетастау негізі ретінде ғылыми зерттеулерді дамыту және қолдау, мемлекет пен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес білікті еңбек қызметкерлерін даярлау базасы болып табылады.

Пайымдау

Біз студенттерді бакалавриат, магистратура және phD бағдарламалары бойынша оқытамыз, нарықты талдау, стратегиялық менеджмент және цифрлық экономикаға маманданамыз.

Шабыт

Кафедраның көптеген қызметкерлері мен түлектері айтарлықтай жетістіктерге жетті, ғылыми атақтар мен дәрежелерге ие болды, өз мамандықтары бойынша әр түрлі лауазымдарда: жетекші мамандардан бастап ұйымдардың басшыларына дейін табысты жұмыс істейді. Кейбіреулері бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының басқа кафедраларында және республиканың және ТМД-ның басқа университеттерінің экономикалық кафедраларында профессорлар, кафедра меңгерушілері және жоғары оқу орындарының декандары болып жұмыс істейді.

Бізбен байланысу

Телефон

+7(702)-406-12-80, +7(707)-465-00-44

Мекен-жайы

160050, Шымкент қ., Тауке-хан 5, “Экономика” кафедрасы, бас ғимарат, 422 каб.
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.