Экономика кафедрасы – білім мен келешектің іргетасы

Болашақтың экономикасын талдауға, болжауға және дамытуға қабілетті мамандарды дайындаймыз. Қаржы және бизнес саласындағы жетекші сарапшылармен теория мен практиканың қиылысында оқыту.

"Экономика" кафедрасы профессор-оқытуышы құрамының базалық білімі бар, тәжірибелі, жоғары білікті, оның ішінде 2 экономика ғылымдарының докторы, 11 экономика ғылымдарының кандидаты, 4 PhD докторы, 8 магистр. Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар ПОҚ үлесі  68%, штаттық оқытушылар үлесі - 76% құрайды. ПОҚ орташа жасы - 48,8 жас. 

Есиркепова Алтын Махмудовна

Кафедра меңгерушісі
Экономика ғылымдарының докторы, профессор

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қ., Тәуке-хан даңғылы 5, “Экономика” кафедрасы, бас ғимарат, 422 каб.

Телефон : 8-702-456-00-44

Электронды пошта 
essirkepova12@mail.ru

Ниязбекова Роза Калманбаевна

Экономика ғылымдарының докторы, профессор

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 422 каб.

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта : nrk52@mail.ru.

Колотаева Людмила Петровна

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта :lyudakolot555@mail.ru

Жакешова Айымжан Пашкеновна

Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36 

Электронды пошта : zhakesh_a@mail.ru.

Айдарова Айна Байларовна

Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан дағылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта : aina.aidarova@auezov.edu.kz

Абдикеримова Гульжанар Иманбаевна

Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта : abdikerimova71@mail.ru

Тулеметова Айгуль Саиновна

Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта : aygul.tulemetova@mail.ru 

Полежаева Инна Сергеевна

Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор


Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.


Телефон : 21-10-36


Электронды пошта :
inna-shim@mail.ru

Илашева Сауле Ашуровна

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта : S.Ilasheva@mail.ru 

Апсенбетова Гульнара Турсынбековна

Экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта : Gul.1919@yandex.kz

Альжанова Айгуль Алибековна

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 кабинет

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта : aigolek@mail.ru

Мухамедханова Айнур Батырхановна

Доктор PhD, аға оқытушы

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта :
dia-2808@mail.ru

Мұхан Бахытжан Сабитуллаулы

Доктор PhD, аға оқытушы

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта: Mukhanbakytzhan@mail.ru

Бекманова Гульжан Усеновна

Аға оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта : gulzhan_p.kz@mail.ru

Шевченко Ирина Ивановна

Аға оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36 

Электронды пошта: shii-11@mail.ru

Колдасова Лаззат Сапаровна

Аға оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, Бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта: lazzatkldasova@mail.ru

Бекназаров БакытДоктырбаевич

Аға оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36 


Электронды пошта :
bakytt8080@mail.ru

Байнеева Парида Тургунбаевна

Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, "Экономика" кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта: b.farida_kz@mail.ru

Хасенова Лаура Айбековна

Доктор PhD, аға оқытушы

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры.

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қ., Тауке-хан даңғылы 5, “Экономика” кафедрасы, бас ғимарат, 136,134-кабинет

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта: laura_ok_uko@mail.ru

Қанашаев Даулет Есенбайұлы

Доктор PhD, оқытушы

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қ., Тауке-хан даңғылы 5, “Экономика” кафедрасы, бас ғимарат, 417-кабинет

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта: kanashayev@gmail.com

Дурру Диана Кудайбергеновна

Аға оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта: diana_zhan7 @mail.ru

Жумагулова Аселя Мутальевна

Аға оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта: Asel_1982@mail.ru

Ортаева Улжан Маханбетовна

Аға оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон : 21-10-36

Электронды пошта: ulzhan-ortaeva@mail.ru

Курбанбаева Айна Ерсинбековна

Оқытушы, магистр

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 417 каб.

Телефон: 21-10-36

Электронды пошта: kurbanbayeva1976@inbox.ru

Танашева Перизат Султангалиевна

Жоғары білікті маман, Лаборант

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат 422 каб.

Телефон : 21-10-36

1964 жылы Қазақ химия-технология институтының қабырғасында құрылған «Экономика» кафедрасы өз жұмысын еліміздің өнеркәсіптік салаларына инженер-экономист мамандар даярлаудан бастады. Сол кезеңде оның басты міндеті құрылыс материалдары өндірісі, құрылыс индустриясы және Қазақстанның оңтүстік өңірінде қарқынды дамып келе жатқан химия өнеркәсібі үшін білікті кадрлармен қамтамасыз ету болды.
Кафедра қабырғасында білім алған түлектердің басым бөлігі кейінірек еліміздің ірі кәсіпорындарының экономикалық бөлімшелерінде жетекші маман ретінде қызмет атқарды. Олар Алматы, Павлодар, Қарағанды, Петропавл, Жамбыл, Орал қалаларында ғана емес, сонымен қатар Ташкент, Навои, Подольск, Семилуки секілді алысты-жақын қалаларда да экономиканың түрлі салаларында еңбек етті.
1976–1986 жылдар аралығында кафедра құрамы жас ғылым кандидаттарымен толықты. Олардың қатарында Нурашева К.К., Көкебаева А.М., Сыздықов И.С., Ниязбекова Р.К., Колотаева Л.П., Икматова Э.Б., Шим Г.А., Таласов М.Ж., Куттыбаева Д.А. сынды ғалымдар болды.  Олардың кандидаттық диссертациялары Мәскеу басқару институты (С. Орджоникидзе атындағы), Ленинград технологиялық институты (П. Тольятти атындағы), Ғылым академиясының Экономика институты секілді беделді ғылыми орталықтарда сәтті қорғалып, жоғары академиялық дайындықтан өтті.
1964 жылдан бастап 1976 жылға дейін кафедраны экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Абубакірова А.А. басқарды. Кейінгі жылдары кафедраға әр кезеңде Ищанов А.У., Нурашева К.К., Купешев Ш.К., Колотаева Л.П., Ниязбекова Р.К., Байнеева П.Т., Бейсенова М.У., Тулеметова А.С. жетекшілік етті.
Image
Image
1990-жылдары кафедра жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Оның түлектерінің бір бөлігі жаңадан құрылған экономикалық факультеттің профессор-оқытушылар құрамына қосылып, жоғары білікті экономист мамандарды даярлау ісіне үлес қосты. Олардың кәсіби қалыптасуы мен жетістіктері кафедраның біліктілігі мен оның басшыларының кәсібилігінің айқын көрінісі болды.

Бүгінде «Экономика» кафедрасы үш деңгейлі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыруда. Бакалавриат деңгейінде 6В04110 – Экономика бағдарламасы ұсынылса, магистратурада 7М04110 – Экономика, 7М04112 – Экономика, 7М04113 – Аграрлық экономика, сондай-ақ 7М04107 – Цифрлық экономика бағдарламалары бойынша білім беріледі. Ал докторантура деңгейінде 8D04110 – Экономика бағдарламасы негізінде ғылыми кадрлар даярланады. «Экономика» кафедрасы үш деңгейлі білім беру бағдарламалары аясында кадрлар даярлауды жүзеге асырып, олардың алған білімдері мен дағдыларын технологиялық жаңғырту, инновациялық кәсіпкерлік және экономиканы әртараптандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағыттауға айрықша мән береді.

Бүгінде кафедраны экономика ғылымдарының докторы, профессор Есиркепова А.М. басқарады.
Оқу үдерісі бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде 60-тан астам пән бойынша жүргізіледі. Сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.

Кафедра ғылыми және шығармашылық әлеуеті жоғары ұжымымен ерекшеленеді. Мұнда республикалық «ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары қызмет атқарады: Ниязбекова Р.К. (2007, 2013 жж.), Есиркепова А.М. (2011, 2022 жж.), Байнеева П.Т. (2014 ж.), Айдарова А.Б. (2014 ж.), Абдикеримова Г.И. (2021 ж.), Тулеметова А.С. (2023 ж.).  Сонымен қатар, Ниязбекова Р.К., Колотаева Л.П., Куттыбаева Д.А., Тулеметова А.С., Айдарова А.Б., Абдикеримова Г.И. Қазақстан Республикасының білім беру үздігі атағына ие. Ниязбекова Р.К., Есиркепова А.М., Айдарова А.Б. «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Сонымен қатар Айдарова А.Б. «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін иеленсе, Тулеметова А.С. «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері» атағына лайық деп танылған. 

Кафедра түлектері мен оқытушылары кәсіби жолында биік белестерді бағындырып, жетекші мамандардан бастап, ұйым басшыларына дейінгі лауазымдарды атқаруда. Олардың бірқатары Шымкент қаласындағы, Қазақстанның және шетелдік жоғары оқу орындарының экономикалық кафедраларында профессор, кафедра меңгерушісі, факультет деканы ретінде табысты еңбек етуде.
Қазіргі уақытта кафедраның 25 оқытушыдан тұратын профессорлық-оқытушылық құрамы жұмыс істейді. Олардың қатарында: 2 экономика ғылымдарының докторы, 11 экономика ғылымдарының кандидаты, 4 PhD докторы, 8 магистр бар.
Кафедра білім беру сапасын арттыру мақсатында алыс және жақын шетел ғалымдарын, сондай-ақ салалық кәсіпорындардың жетекші мамандарын дәрістер оқуға және ғылыми кеңес беруге шақыру тәжірибесін кеңінен қолданады.

«Экономика» кафедрасы оқу үдерісін ұйымдастыруда жетекші рөл атқаратынын оның ғылыми зерттеулері мен жетістіктері дәлелдейді. Бүгінде кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, гранттық қаржыландыру аясында зерттеулер жүргізу, монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу, сондай-ақ студенттер, магистранттар мен докторанттардың ғылыми ізденістеріне жетекшілік ету бағытында белсенді жұмыс атқаруда.
2022 жылғы қараша айында кафедра негізінде Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг атындағы Жаңа климаттық экономика орталығы ашылды. Бұл орталықпен бірлесіп зерттеу жобалары мен инновациялық білім беру бағдарламалары әзірленіп, жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Рае Квон Чунг профессорлық-оқытушылық құраммен, студенттермен, магистранттар және докторанттармен өз ғылыми тәжірибесімен бөлісіп, климаттық және «жасыл» экономика саласындағы өзекті мәселелер бойынша дәрістер өткізуде.

«Экономика» кафедрасы бірнеше мәрте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Үздік кафедрасы» атағына ие болды. Сонымен қатар, кафедраның білім беру бағдарламалары: 6В04110 – Экономика білім беру бағдарламасы (2022), ал 7М04110 – Экономика, 7М04112 – Экономика және 8D04110 – Экономика бағдарламалары (2024) жоғары сапа стандарттарына сай келетіндігін дәлелдей отырып, Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IQAA) тарапынан аккредиттелген. Соңғы екі жыл ішінде кафедра докторанттары Дурру О., Мухан Б.С., Хасенова Л.А., Муталиева А., Мухамедханова А.Б., Юнусов М.Б., Егембердиев Р.А. докторлық диссертацияларын сәтті қорғады. Олардың көпшілігі бүгінде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының қатарын толықтырды.
Image
Image
«Экономика» кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы

«Экономика» кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы білім беру үдерісінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, оқытудың мазмұны мен формаларын жетілдіруге, инновациялық технологияларды енгізуге және студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.
Оқу-әдістемелік қызметтің негізгі мақсаты – экономиканың және еңбек нарығының заманауи талаптарына бейімделе алатын білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін тиімді әдістемелік жүйе құру.
Кафедра студенттердің сыни ойлауын, дербестігін және талдау қабілеттерін дамытуға бағытталған инновациялық оқыту әдістерін белсенді түрде енгізуде. Оқытушылар ғылыми зерттеулерді оқу үдерісіне біріктіруге ерекше көңіл бөледі, бұл студенттердің зерттеу және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
«Экономика» кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы университеттің стратегиялық дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және болашақ экономистерді, қаржы талдаушыларын, менеджерлерді, мемлекеттік және корпоративтік басқару саласындағы мамандарды сапалы даярлауға бағытталған.
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Профессор оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстары
Image
Image
Image
Image
Image
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы
2025-2026 оқу жылында 6В04110 -Экономика БББ студенттері «Поиск» үйірмесінің жұмысына белсенді қатысты.

 «Экономика» кафедрасының студенттері мен ПОҚ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Жастар ғылымының даму  векторлары» атты жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша  27-ші республикалық студенттік  ғылыми конференциясына белсенді қатысты, 5-6 сәуір айында 2025 жыл М.Әуезов атындағы ОҚУ базасында өткізіледі. Студенттік ғылыми конференция өтінімдерге сәйкес студенттер қатысты. Конференцияда жоспар бойынша-22 баяндама ұсынылды. Жоспардан тыс ұсынылған баяндамалар саны-2. Жалпы- 29 баяндама тыңдалды, жүлделі орын алғандардың саны- 6.
І-дәрежелі дипломмен:
1. Пак Александра – Приоритеты развития молочной промышленности Казахстана и связь с продовольственной безопасностью страны.
Научный руководитель: к.э.н., доцент Колотаева Л.П.

ІІ-дәрежелі дипломмен:
1. Цифровая экономика предприятия.
ЭФ-22-5тк тобының студенті Орынкожаев А.М.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Айдарова А.Б.

2.Ел дамуындағы жастардың және ғылымның ролі.
518-21 тобының студенті Торбай Г.М.
Ғылыми жетекшісі: магистр, Абдрахманова А.Б.
Shymkent жоғары педагогикалық колледжі

3. Источники финансирования инвестиционных  ресурсов.
Студент группы ЭФ-21-1р1 Кулмуратов Т.
Научный руководитель: к.э.н., профессор Тулеметова А.С.

ІІІ-дәрежелі дипломмен:
1.Түркістан облысының еңбек нарығын дамыту тиімділігін арттыру
ЭФ-20-1к1 тобының студенті Бейсенқұл М.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Абдикеримова Г.И.

2. Проблемы и перспективы развития мукомольной промышленности в Казахстане.
ЭФ-21-1р тобының студенті Алиева А.
Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Шевченко И.И.

Жоғары мектеп деңгейіндегі Мақтау Грамотасымен төмендегі студенттерге  марапаттаулар жүргізілді:
І-орын
1. The system of limits and quotas for the use of natural resource potential and performance indicators.
Студентка группы ЭФ-21-1р Серикова Р.Н.
Научный руководитель: д.э.н., профессор Ниязбекова Р.К.

2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметік салдары.
ЭФ-22-1к2 тобының студенті Джунусова Л.
Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Бекназаров Б.Д.

ІІ-орын
1. Түркістан облысының еңбек нарығын дамыту тиімділігін арттыру.
ЭФ-20-1к1 тобының студенті Бейсенқұл М.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Абдикеримова Г.И.

ІІІ-орын
1. Кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін инновациялық форсайтты жүргізудің әдіснамалық қағидаттары.
ЭФ-21-1к2 тобының студенті Мақсатқызы А.
Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Алиева Э.М.

Жоғары мектепдеңгейіндегі Мақтау Грамотасымен төмендегі колледж студенттері марапатталды:
І-орын
1.Тенденции в производстве основных молочных продуктов и возможности самообеспечения регионов.
Студентка группы ЭФ-20-1р Орынтай А.
Научный руководитель: к.э.н., доцент Колотаева Л.П.
2. Methods of environmental insurance in risk management.
Студентка группы ЭФ-21-1р Серикова Р.Н.
Научный руководитель: д.э.н., профессор Есиркепова А.М.

ІІ-орын
1. Elements of successful development of the manufacturing industry: experience and lessons from other countries.
Студентка группы ЭФ-21-1р Серикова Р.Н.
Научный руководитель: д.э.н., профессор Есиркепова А.М.

ІІІ-орын
1.Развитие малого и среднего бизнеса.
Студентка группы ЭФ-21-1р Сманов А.
Научный руководитель: к.э.н., доцент Полежаева И.С.

2.Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық жағдайын талдау.
ЭФ-22-5тк тобының студенті Жарқынбек Н.М.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Айдарова А.Б.

Бірқатар студенттер алғыс хатпен марапатталды:
1.Инвестиционная привлекательность аграрно-промышленного промышленности региона.
Студентка группы ЭФ-21-1р1 Адиева А.
Научный руководитель: к.э.н., профессор Тулеметова А.С.
2. Қазақстанда орта және шағын бизнесті қолдау.
ЭФ-22-5к2 тобының студенті Алиева А.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Айдарова А.Б.
3. Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық жағдайын талдау
ЭФ-22-5тк тобының студенті Жарқынбек Н.М.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Айдарова А.Б.
4. «Жасыл экономиканың» мәні және Қазақстан Республикасындағы оның даму басымдықтары
ЭФ-22-5тк тобының студенті Зайнидин Е.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Айдарова А.Б.
5. Кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі типология және инфрақұрылымдық тәсіл.
ЭФ-21-1к3 тобының студенті Куатова А.
Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы МухамедхановаА.Б
6.Курсера білім беру платформасы заман талабы
ФИ-22-11к4 тобының студенті Сейтжан Қасиет
Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Колдасова Л.С.

Қорытынды:
    1. Студенттерді қазіргі таңдағы актуалды мәселелерді талқылауға қызықтырып және олардың конференцияға қатысудағы белсенділігін арттыру, СҒЗЖ-ға уақытты көбірек бөлу.
    2. Студенттердің курстық жұмыстарымен конференцияларға, ғылыми жұмыстарымен айналысуына жағдай жасау.
    3. СҒЗЖ бойынша студенттерді өз пікірін ұсынуға, мәселелерді шешуге, талдау жасауға үйрету үшін қосымша сабақтар өткізу.
    4. Студенттерді республика деңгейіндегі конкурстарға қатысуын ұйымдастыру.

Халықаралық ынтымақтастық келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • ПОҚ-ның халықаралық білім беру немесе ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық, ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік конференцияларға, симпозиумдарға қатысуы;
  • дәріс оқуға шетелдік лекторларды шақыру; шетел университеттерімен ынтымақтастық туралы келісімдер жасау; магистранттардың халықаралық білім беру немесе ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысуы.

 2022 жылдың 31 қазанында Экономика кафедрасында Жаңа климаттық экономика және тұрақты даму орталығы ашылды. Орталыққа БҰҰ Бас хатшысының климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі, Нобель сыйлығының лауреаты профессор Рае Квон Чунгтың есімі берілді.

Бұл Орталық Азия мен ТМД елдерінде тұрақты даму, жасыл технологиялар және климаттың өзгеруінің қоршаған ортаға әсерін азайту қағидаттарына негізделген экономикалық дамудың жаңа моделін енгізген алғашқы институт. Ашу туралы шешім III Нобель фестивалі кезінде қабылданды.

Орталықтың мақсаты:

- Ғылыми-білім беру институты

- Экономикалық дамудың жаңа принциптерін енгізу:

  1. Тұрақты өсу
  2. Жасыл технологиялар
  3. Көміртегі ізін азайтыңыз
  4. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  5. Климаттың өзгеруінің қоршаған ортаға әсерін азайту.
Image
Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Рае Квон Чунгтың жаңа климаттық экономика және тұрақты даму орталығы
Image
Профессор Рае Квон Чунг Д.П. Қожамжарова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Корея университетінің ректоры. Экономика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен

2024 жылдың қаңтарында «Жасыл экономика және өңірлердің тұрақты дамуы» қысқы мектебін өткізу.Нақты уақыт режимінде, қашықтық пен уақыт айырмашылығына қарамастан, бөлім қысқы мектеп тақырыптары бойынша талқылаудың жалпы реңкін белгілейтін контингентті таңдады. Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Рае Квон Чунг-гу «Көміртегі бейтараптығын Қазақстанның жаңа климаттық экономикасының мүмкіндіктеріне айналдыру» тақырыбында баяндама жасады; Мугла Ситки Кочман университетінің (Түркия) профессоры Мұстафа Нурсой «Ел экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің рөлі мен маңызы» тақырыбында баяндама жасады; Испарта университетінің (Түркия) профессоры Мавлут Гүл «Түркиядағы тұрақты ауыл шаруашылығының әдістері және оларды дамыту» тақырыбында баяндама жасады; Экономика ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің профессоры Ирисбекова Мавлуда Наринбаевна «Логистикадағы жасыл экономика» тақырыбында баяндама жасады; Экономика ғылымдарының докторы, П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінің профессоры Елена Геннадьевна Попкова «Биологиялық әртүрлілік және азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама жасады.Экономика бөлімі қызметкерлерінің дайындаған баяндамалары да қызықты болды.

 2024 жылдың 29 қазанында жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастығы нысандарын кеңейту мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Ташкент экономика және педагогика институтының делегациясы келді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының өкілдері – ректорлар Ғ.Бесбаев пен Ш.Жәніқұловтың кездесуі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен ерекшеленді. Нәтижесінде білім беру ұйымдарының қызметін айтарлықтай байыту, ғылымға, оқу-әдістемелік жұмыстарға, кадрларды даярлауға, тату оңтүстік көршілерінің мәдениетімен таныстыруға қызығушылықтары мен практикалық нәтижелерін кеңейту күтілуде.



Image
Меморандумға қол қою
Image
Ташкент экономика және педагогика институтының делегациясы
 

2024-2025 жылдары дәріс оқу үшін шетелден профессорларды шақыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді.
 

аты-жөні

ЖОО, ел

Болу мерзімі

1

1. Каюмов Еркін – «Экономика» кафедрасының доценті;

2. Әділбеков Аллаяр – экономика кафедрасының ассистенті

Ташкент экономика және педагогика институты, Өзбекстан

8-22.01.2025 ж.

2

Багаутдинова Наиля Гумеровна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Экономикалық теория және эконометрика» кафедрасының меңгерушісі

Қазан федералды университеті, Ресей Федерациясы

29.03–19.04.2025 ж.


Білім беру ұйымдарының ғылыми және білім беру қызметімен танысу бірлескен ғылыми зерттеулер мен жарияланымдар тақырыптарын анықтауды, қос дипломдық бағдарламаларды әзірлеуді және академиялық алмасуды қоса алғанда, ынтымақтастықтың одан әрі стратегиялары мен нысандарын анықтауға мүмкіндік берді.
  
Жұмыс барысында Багаутдинова Наиля Гумеровнаны бірқатар іс-шараларды өткізіп, оның ішінде Менеджмент және бизнес жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттеріне арналған «Scopus ғылыми деректер базасына енгізілген журналдарда ғылыми мақалаларды жариялау және Хирш индексін арттыру» тақырыбында ғылыми семинар өткізді, экономикалық-математикалық модельдеу бойынша лекциялар топтамасын оқыды және т.б.
Шетелдік ғалымдарды шақыру білім беру үдерісіне еуропалық көзқарас тұрғысынан жаңа білім мен оқыту әдістері арқылы студенттердің құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді, университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, университеттің қоғамдағы тартымды и мәселелер бойынша академиялық миджін қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі академиялық және ғылыми коммуникацияларды дамытуға ықпал етеді.
Image
Image
OP8D04110-Экономика бағдарламасының докторанттарымен Ташкент экономика және педагогика институтынан шақырылған оқытушылар
Image
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Наиля Гумеровна Багаутдинова
Image
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Багаутдинова Роза Қалманбайқызы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Есіркепова Алтын Махмудқызы, экономика кафедрасының оқытушысы және OP8D04110-Экономика бағдарламасының докторанттары


Шетелдік білім беру ұйымдарымен халықаралық шарттар
Image

 «Экономика» кафедрасында студенттердің кәсіптік практикасы жүзеге асырылады:

- 1 курс үшін - оқу практикасы (1 кредит);

- 2 курс үшін - 1-ші өндірістік практика (4 кредит);

- 3 курс үшін - 2-ші өндірістік практика (7 кредит);

- 4 курс үшін - диплом алды немесе өндірістік практика (8 кредит).

«Экономика» кафедрасы студенттердің кәсіптік практикадан өтуі бойынша төмендегі мекемелерімен келісім-шарт жасай отырып  жыл сайын Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жетекші ұйымдарымен - Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасымен, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасымен, Шымкент қаласының қаржы басқармасымен, Шымкент қаласының және Түркістан облысының әкімдіктерімен, ЖШС-мен жаңартады «Бал Текстиль», «Шымкентмай» АҚ және басқада ұйымдарда өтуіне ықпал жасайды. 

Кәсіптік практика барысында студенттер практика есебін жасау үшін қажетті ақпаратты жинайды, кәсіпорындардың ұйымдық құрылымын зерделейді, экономикалық көрсеткіштерге егжей-тегжейлі талдау жүргізеді және материалдарды жүйелейді

«Экономика» 6В04110 білім беру бағдарламасының оқу процесіндегі практикалық-бағдарланған тәсілі болашақ мамандарды даярлаудың негізгі міндетін - тұлғаның кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін жағдай жасауды шешеді

Мамандарды даярлау сапасын арттыру, әлеуметтiк әрiптестiктi дамыту, оқу және ғылыми-зерттеу жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, кәсiпорын қызметкерлерi мен оқытушылардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында «Экономика» кафедрасында оқу-ғылыми-өндiрiстiк (бiлiм беру) кешен жұмыс iстейдi (ОҒӨК) қызметін ұйымдастыру жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

ОҒӨК профессорлық-оқытушылық құрамды, магистранттар мен студенттерді инновациялық қызметке тарту арқылы кафедраның инновациялық әлеуетін іске асыруға жәрдемдеседі; оқу процесін жоспарлаудың тиімділігін арттырады; кәсiпорынның алдында тұрған ғылыми-зерттеу және өндiрiстiк мiндеттердi шешуге байланысты курстық және дипломдық жұмыстарды, студенттердiң оқу ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыру.

ОҒӨК жұмыс істеген жылдары кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Түркістан облысының және Шымкент қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарымен байланыс орнатты.

Оқытушыларды, мамандарды, студенттерді, магистранттарды ОҒӨК  инновациялық қызметіне тарту және білім беру бағдарламаларын жетілдіру мақсатында оқудың қазіргі заманғы технологияларын және бакалаврлар мен магистранттардың танымдық белсенділігін жандандыру құралдарын оқытуға және енгізуге бағытталған ғылыми-әдістемелік семинарлар тұрақты түрде өткізіледі. Бұл үшін әртүрлі бағдарламалық өнімдер пайдаланылады.

Оқытушылар дәріс және практикалық сабақтарда іскерлік ойындар, тренингтер, тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер және т.б. сияқты оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін пайдаланады. Барлық пәндер бойынша кейстер, практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар, тапсырмалар жинақтары, іскерлік ойындар және т.б. әзірленді.

 

 

 

 

Image
Image
Image
Image
Image
Image

«Экономика» кафедрасының тәрбие жұмысы

 «Экономика» кафедрасындағы тәрбие жұмысы – оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және ол білім алушылардың азаматтық ұстанымын, жоғары мәдениетін, жауапкершілігін, еңбекқорлығын және кәсіби этикасын қалыптастыруға бағытталған. Бұл қызметтің негізгі мақсаты – кәсіби құзыреттілігімен қатар, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген болашақ маман тұлғасын жан-жақты дамытуға ықпал ету.
«Экономика» кафедрасы тәрбие жұмысты университеттің жалпы жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Бұл бағытта патриоттық, рухани-адамгершілік, құқықтық және экологиялық тәрбиеге ерекше назар аударылады. Білім алушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, ұлттық дәстүрлерге құрметін, қарым-қатынас мәдениеті мен төзімділігін қалыптастыру маңызды орын алады.
Тәрбие жұмысының негізгі түрлері мыналар болып табылады:
  • білім алушылармен кураторлық сағаттар мен жеке сұхбаттар өткізу;
  • тақырыптық кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікірталастар мен шеберлік сабақтары;
  • экскурсиялар, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар ұйымдастыру;
  • кәсіби және жеке қабілеттерді дамытуға бағытталған конференциялар мен байқаулар өткізу.
Кафедра оқытушылары студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен, кураторлар кеңесімен және университеттің басқа бөлімдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді, бұл білім алушылардың шығармашылық және көшбасшылық әлеуетін ашуға жағдай жасайды.
«Экономика» кафедрасындағы тәрбие жұмыс білім алушылардың ел болашағына деген жауапкершілік сезімін, кәсіби қызметке дайындығын және қоғамдағы әлеуметтік маңыздылығын түсінуге ықпал етеді.
01.09.2024 ж. «Басқару және бизнес» ЖМ деканы М. Сейдахметов, ЖМ оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі декан орынбасары Б. Құлбай, Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Абдыкулова Д.Б. бірінші курс студенттерін университет базасымен таныстыру жұмысы жүргізілді. Ішкі тәртіп ережелерімен, студенттердің құқықтарымен және міндеттерімен, оқу-тәрбие үрдісімені, университет құрылымымен таныстырылды. Кафедра меңгерушілері, эдвайзерлер, кафедраның аға кураторлары және академиялық топ тәлімгерлері 1-курс студенттерімен кездесіп, оларды университет пен ЖМ тарихымен, студенттерді университет академиялық саясатымен, әдеп жадынамасымен таныстырды.

https://www.instagram.com/p/C_cXGY-tZ6l/?img_index=2&igsh=MTg5ZTJqdWU0MTA2dA

Image
Image
Тәлімгерлер тарапынан студенттерге Унивеситеттің ішкі тәртіп ережелері мен Әдеп Кодексі қағидалары таныстырылды университеттің мәртебесін сақтауға және көтеруге міндетт, Университет студенттерінің этикалық нормалары және тәртіп ережелері, Өзара сыйластық. Адалдық.Студент таза киініп, тәртіпті болуға міндетті. Оқу ғимаратында сырт киіммен жүруге тыйым салынатыны. Сабақ үстінде, кітапханада ұялы телефонмен сөйлесу, сағыз шайнау, этикалық нормаға сай келмейтіні студент университеттің оқу, қоғамдық, спорттық өміріне белсене араласуы тиіс түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Image
Image
Кәсіби және еңбек бағытында тәрбие беру

Бірінші курс студенттерін Экономисттер қатарына қабылдау іс-шарасы өткізілді
Университет қабырғасында бірінші курс студенттерін мамандыққа бейімдеу мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын "Экономисттер қатарына қабылдау" атты іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шара барысында студенттерге экономист мамандығының маңыздылығы, жауапкершілігі мен болашағы жайлы ақпарат беріліп, оларды кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік жасалды. Тәжірибелі оқытушылар мен жоғары курс студенттері құттықтау сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, студенттер арасында түрлі танымдық ойындар мен викториналар ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар марапатталды. Іс-шара соңында бірінші курс студенттері салтанатты түрде ант қабылдап, толыққанды экономист болуға алғашқы қадамдарын жасады.
Image
Ссылка: https://www.instagram.com/p/DCYZ_iotTUP/?img_index=6&igsh=MW5jb3A1ZTZ3dHR1eQ
Экономика кафедрасында 24 сәуірде Абайдың 185 жылдығына орай «Абай оқулары» атты әдеби іс-шара өткізілді
Ұлы ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 185 жылдығына орай оқу ордамызда «Абай оқулары» атты әдеби-мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – Абай мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу және мемлекеттік тілді, ұлттық әдебиетті дәріптеу.
Шара барысында студенттер мен оқушылар Абайдың өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздерінен үзінділер оқып, оның шығармаларына арнау ретінде өздерінің шығарған өлеңдерін, эсселерін таныстырды. Сонымен қатар, Абайдың философиялық ойлары мен өмірі туралы презентациялар ұсынылып, әдеби композициялар қойылды.
Іс-шараға ұстаздар, студенттер, әдебиет сүйер қауым және арнайы шақырылған қонақтар қатысып, Абай шығармашылығының қоғамдағы маңызы туралы пікір алмасты.
«Абай оқулары» — ұлттың рухани байлығын жаңғыртатын, жастарды мәдени мұраға баулитын маңызды алаңға айналды.
Image

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру

5.1 Республикалық спорттық студенттер лигасына қатысу (еліміздің жоғары оқу орындары арасында. Спорт түрлері: волейбол, баскетбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресі)
Image
2 Нашақорлық - қоғамның қауіпті дерті" тақырыбында  барлық академиялық топтарда тәлімгерлік сағаттар жүргізілді. Класс румға жүктелді.
3 Алғыс айту күні атты тәлімгерлік сағаттар өтілді Класс румға жүктелді.
4 «Қазақстан халқы бірлігі күні» атты тәлімгерлік сағаттар өтілді
 
Білім алушылардың мәдени-эстетикалық тәрбиесі және шығармашылық әлеуетін дамыту
 
1. «Басқару және бизнесс» ЖМ ұжымы мен студентері Халықаралық әйелдер күніне іс-шарарға қатысты.
2. «Ұлттық киім» әр аптаның жұма күні университеттің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы оқу орнына ұлттық киіммен келетін.
3. Наурыз мейрамына арналған іс-шара ұйымдастыру
«Басқару және бизнесс» ЖМ ұжымы мен студентері 14 наурыз - Көрісу күні – Амалмерекесін https://www.instagram.com/reel/DHV0GLEooHK/?igsh=MWFuZGpiMjlnZDNhbg==
15-Наурыз  – «Қайырымдылық күніне орай » «Басқару және бизнесс» ЖМ ұжымы мен студентері Сайрамдағы балалар үйіне теледидар сыйлап, балалардың көңілін көтеріп алды. 
Ссылка:https://www.instagram.com/reel/DHV0oMpoUlw/?igsh=bTd2MG95ZnJsNGRk
Image
Кәсіпкерлік дағдыларды дамыту

Экономика кафедрасының 4 курс студенттері мен тәлімгерлері түлектерге арналған дәстүрлі «Жас маман» жәрмеңкесіне белсенді түрде қатысты.Аталған іс-шараның басты мақсаты – болашақ түлектер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты орнату, студенттерге еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар жөнінде ақпарат беру және жұмысқа орналасуға мүмкіндік жасау.Жәрмеңке барысында түрлі сала өкілдері мен компаниялар өз қызметтерімен таныстырып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Студенттер тікелей жұмыс берушілермен сұхбаттасып, түйіндемелерін тапсырып, болашақта қызметке орналасуға алғашқы қадамдарын жасады.Сонымен қатар, тәлімгер оқытушылар студенттерге кәсіби бағыт-бағдар беріп, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті болудың жолдары жөнінде кеңестер ұсынды.«Жас маман» жәрмеңкесі – түлектердің мансап жолын жоспарлауға серпін беретін маңызды кәсіби алаңға айналды.
Image
Олимпиадалар, конкурстар мен жарыстар өткізу

Оқу орнында дарынды және белсенді жастарды қолдау, олардың академиялық жетістіктері мен қоғамдық өмірге белсенді қатысуын ынталандыру мақсатында ЖОО студенттері арасында «Үздік студент» конкурсы ұйымдастырылды.
Конкурс бірнеше номинациялар бойынша өтті: оқу озаты, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысушы, қоғамдық және волонтерлік қызметке белсенді студент, шығармашылық бағыттағы дарын иесі және т.б. Номинациялар бойынша студенттердің үлгерімі, ғылыми және әлеуметтік белсенділігі, жеке жетістіктері жан-жақты бағаланды.
Конкурстың қорытындысы бойынша Экономика кафедрасының студенті жүлделі орынға ие болып диплом мен алғыс хаттар табысталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл іс-шара студенттердің өзін-өзі дамытуына, көшбасшылық қабілеттерін шыңдауына және оқу мотивациясын арттыруға оң әсер етті.
Image
Image
Іс-шараларды ұйымдастыруға шығармашылық көзқарас

«Welcome week» жобасы  аясында бірінші курс студенттеріне университет базасын, тарихы мен дәстүрін, оқу-тәрбие процесін, университет құрылымын, мұражай  және  ішкі тәртіп ережесі  таныстырылды. Студенттерге білім беру сапасын басқару үрдісіне қатысуға түсіндірме жұмыстары  жүргізілді. 
Image
Профориентациялық жұмыс «Экономика» кафедрасында
«Экономика» кафедрасының профориентациялық жұмысы бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша дарынды және ынталы талапкерлерді тартуға, сондай-ақ экономикалық ғылымдарға тұрақты қызығушылық қалыптастыруға бағытталған.
Бакалавриат үшін
Кафедра мектеп оқушыларымен кездесулер, білім беру бағдарламаларының таныстырылымдары, ашық есік күндері, экономика бойынша олимпиадалар мен шеберлік сабақтарын өткізеді. Негізгі мақсат — талапкерлерге кәсіби бағдар беру және «Экономика» мамандығын болашақ мансаптың тиімді бағыты ретінде таңдауға ықпал ету.
Магистратура үшін
Профориентациялық жұмыс ғылыми-зерттеу және басқарушылық қызметке қызығушылығы бар бакалавриат түлектерін тартуға бағытталған. Бұл бағытта кеңес беру, ғылыми семинарлар, магистрлік бағдарламалар таныстырылымдары және жұмыс берушілермен кездесулер ұйымдастырылады.
Докторантура үшін
Кафедра магистратура түлектерін ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметке тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Докторанттар ғылыми мектептер, зерттеу бағыттары, халықаралық ынтымақтастық және гранттық қолдау мүмкіндіктері туралы ақпарат алады.
Профориентациялық жұмыс мектептермен, колледждермен, кәсіпорындармен және ғылыми ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі. Бұл болашақ экономистердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға және академиялық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

2025-2026 оқу жылына «Экономика» кафедрасының

кәсіптік бағдар беру жұмыстарының

ЖОСПАРЫ

Іс-шаралар аталуы Орындау мерзімі Жауапты орындаушылар
1 «Экономика» кафедрасы аясында 2025-2026 оқу жылына талапкерлерді қабылдау жоспарын жасау Қыркүйек, 2025ж. Кафедра меңгерушісі және кәсіби-бағдар жұмысына жауапты
2 Кәсіби бағдар беру жұмыстарына қажетті ақпараттық жарнамалық материалдарды дайындау:
1. 8D04110-Экономика БББ
2. 7М04110-Экономика БББ
3. 6В04110-Экономика БББ бойынша жарнамалық буклет
Қазан, 2025ж. Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д.
3 «Экономика» кафедрасымен өткізілген жетістіктер мен іс-шараларға БАҚ-та және әлеуметтік желілерде (веб-сайттар, Facebook, Instagram және т.б.) жүйелі қамту Жыл бойына Кафедраның сайтына жауапты: Бекназаров Б.Д., Танашева П.С.
4 Қазығұрт ауданындағы мектептерде бітіруші түлектерімен кездесу, кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру Жыл бойына Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
5 Шымкент қаласындағы мектептерде бітіруші түлектерімен кездесу, кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру Жыл бойына Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
6 Шымкент қаласы және Жетісай ауданындағы мектеп бітірушілеріне университетке саяхат ұйымдастыру Жыл бойы Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
7 Шымкент қаласындағы мектептердің ата-аналар жиналыстарына қатысу Жыл соңында Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
8 8D04110, 7М04110, 6В04110 Экономика БББ туралы облыстық және аудандық баспасөздерде жарнамалық мақалалар жариялау Жыл бойы Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
9 Мектептердің жоғары сынып оқушыларының университет ғалымдарымен ғылыми байланыстарын ұйымдастыру Сәуір, 2026ж. Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
10 Түркістан облысы мен Шымкент қаласы колледждерінің бітіруші студенттерімен кездесіп, ЖОО мамандықтарын таңдауға көмектесу Мамыр, 2026ж. Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
11 «Басқару және бизнес» жоғары мектебі және университет факультеттері ұйымдастыратын «Ашық есік» күніне қатысу Жоспар бойынша Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д. және кафедра ОПҚ
12 Шымкент қаласы мектептеріндегі «Соңғы қоңырау» салтанатты шараларына қатысып, кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізу 25 мамыр, 2026ж. Кафедра меңгерушісі және кәсіби-бағдар жұмысына жауапты Бекназаров Б.Д.
Image
2025–2026 оқу жылында «Экономика» кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі мақсаты – экономика саласында кәсіби білікті, еңбек нарығында сұранысқа ие, заманауи талаптарға бейімделген мамандарды даярлауға бағытталған кешенді ақпараттық-түсіндіру және ұйымдастырушылық іс-шараларды жүргізу болып табылады.
Кәсіптік бағдар беру жұмысының алға басу маңызы – жастар арасында экономикалық мамандықтардың беделін арттыру, мектеп және колледж түлектерін экономика саласының өзекті бағыттарымен, еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктермен таныстыру, сондай-ақ олардың кәсіби бағдарын дұрыс анықтауға жәрдемдесу.
Image
Image
Image
Image
Image
Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті төрағасының 2025 жылғы 25-қыркүйегіндегі № 1669 бұйрығымен М.Әуезов атындаты Оңтүстік Қазақстан университеті «Экономика» кафедрасының доценті, экономика ғлымдарының кандидаты Полежаева Инна Сергеевнаға 50200 – «Экономика және бизнес» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
Бұл мәртебелі атақ – Сіздің ұзақ жылғы еңбегіңіздің, табандылығыңыздың, ғылым мен білім саласына қосқан зор үлесіңіздің айқын дәлелі.
Ғылыми атағыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Image
Профессор ғылыми атағы берілді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 30 шілдедегі №1328 бұйрығымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті "Экономика" кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Тулеметова Айгуль Саиновнаға 50200 – Экономика және бизнес ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Ғылыми атағыңыз құтты болсын!Ғылым мен білім жолындағы қажырлы еңбегіңіз әрдайым жемісті бола берсін!
Image
«Профессор» ғылыми атағы берілді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 994 бұйрығымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Абдикеримова Гульжанар Иманбаевнаға 50200 – Экономика және бизнес ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Ғылыми атақ алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
2025 жылдың 12 ақпанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Бас ғимаратында, РА Квон Чунг атындағы Жаңа климаттық экономика және тұрақты даму орталығында 8D04110-Экономика білім беру бағдарламасы бойынша phD дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясының алдын ала қорғауы өтеді.
Қанашаев Дәулет Есенбайұлы.
Ғылыми зерттеу тақырыбы:
Технологиялық процестерді цифрландыру үшін кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін арттырудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдері.
Ғылыми жетекшілер:
Есболова А. Е., phD,
Мұстафа Нұрсой, phD, профессор.
Біздің жетістіктеріміз: докторанттардың түлектері

«Экономика» кафедрасы ғылыми диссертацияларын сәтті қорғап, отандық және әлемдік экономикалық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан докторант түлектерімен мақтанады. Докторанттардың бітіруі кафедраның ғылыми әлеуетінің жоғары екенін және жоғары білікті кадрларды даярлау деңгейін дәлелдейді.
Соңғы жылдары кафедра экономика ғылымының өзекті бағыттарын қамтитын зерттеулер жүргізген PhD докторларын дайындады. Олардың еңбектері экономикалық қауіпсіздік, орнықты даму, корпоративтік басқару, инновациялық және инвестициялық үдерістер, экономиканы цифрландыру және өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелеріне арналған.
Кафедра докторанттары отандық және халықаралық ғылыми басылымдарда мақалалар жариялап, конференцияларға, ғылыми жобалар мен гранттық зерттеулерге белсенді қатысады. Олардың көпшілігі ғылым, білім, мемлекеттік басқару және бизнес салаларында еңбек етіп, жетекші қызметтер атқарып, Қазақстанның экономикалық саясатының дамуына үлес қосуда.
Докторанттардың түлектері кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін, ғылыми жетекшілердің тиімді еңбегін және оқу үдерісінің экономиканың нақты қажеттіліктерімен тығыз байланысын көрсетеді. «Экономика» кафедрасы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық міндеттерін шеше алатын жоғары білікті ғалымдарды даярлау ісін жалғастыра береді.
Image
Image
Дурру Огуз
«Отандық нарықта кілем өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жетекшісі – э.ғ.д., профессор Ниязбекова Р.К., шетелдік ғылыми кеңесші – PhD докторы Шазийе Абдуррахманоглу.
2023 жылғы 15 қыркүйекте қорғау Тұран университетінің 8D04102 – Экономика мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде қорғады.
Image
Image
Image
Image
Мұхан Бахытжан Сабитуллаұлы
«Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсібінің тұрақты даму стратегиясын қалыптастыру: теория, әдіснама, практика» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жетекшісі – э.ғ.д., профессор Есіркепова А.М., шетелдік ғылыми кеңесші – э.ғ.д., профессор Филин С.А.
2023 жылғы 12 тамызда қорғау Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 8D04102 – Экономика мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде қорғады.
Image
Image
Image
Мұхамедханова Айнұр Батырханқызы
«Инновациялық форсайт жағдайында кәсіпкерлік құрылымдардын бәсекеге қабілеттілігін арттыру (Түркістан облысы мысалында)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жетекшісі – э.ғ.к., профессор Тулеметова А.С., шетелдік ғылыми жетекші – PhD докторы Мұстафа Нурсой.
2024 жылғы 12 сәуірде қорғау Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 8D04102 – Экономика мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде қорғады.
Image
Image
Мұталиева Айгүл Әлімжанқызы
«Жеке қосалқы шаруашылықтар кооперациясы негізінде инновациялық сүт өңдеу кешендерін дамыту стратегиясы (Түркістан облысы материалдары негізінде)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жетекшісі – PhD докторы Есболова А.Е., шетелдік ғылыми кеңесші – э.ғ.д., профессор Стефан Дырка (Польша).
2024 жылғы 10 сәуірде қорғау Тұран университетінің 8D04102 – Экономика мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде қорғады.
Image
Image
Image
Юнусов Мадияр Бахтиярұлы
«Басқару персоналын бағалау жүйесін қалыптастыру әдіснамасы мен тәжірибесі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жетекшісі – э.ғ.д., профессор Есіркепова А.М., шетелдік ғылыми кеңесші – э.ғ.д., профессор Стефан Дырка (Польша).
2024 жылғы 29 маусымда қорғау Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 8D04102 – Экономика мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде қорғады.
Image
Image
Image
Егембердиев Руслан Аманкелдиевич
«Мал шаруашылығын дамытудың экономикалық тиімділігін жоғарылату: теориясы, әдіснамасы және механизмдері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жетекшісі – э.ғ.д., профессор Есіркепова А.М., шетелдік ғылыми кеңесші – доцент, д.э.н. Гокхан Ышыл
2024 жылғы 30 қараша қорғау Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 8D04102 – Экономика мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде қорғады.
Image
Image
Қанашаев Дәулет Есенбайұлы
«Технологиялық процестерді цифрландыруды қолдану арқылы кілем өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттырудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жетекшісі – PhD докторы Есболова А.Е., шетелдік ғылыми жетекші – PhD докторы Мұстафа Нурсой.
2024 жылғы 29 маусымда қорғау Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 8D04102 – Экономика мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде қорғады.

Миссиясы

Кафедра профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі мақсаты білім беруді іргетастау негізі ретінде ғылыми зерттеулерді дамыту және қолдау, мемлекет пен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес білікті еңбек қызметкерлерін даярлау базасы болып табылады.

Пайымдау

Біз студенттерді бакалавриат, магистратура және phD бағдарламалары бойынша оқытамыз, нарықты талдау, стратегиялық менеджмент және цифрлық экономикаға маманданамыз.

Шабыт

Кафедраның көптеген қызметкерлері мен түлектері айтарлықтай жетістіктерге жетті, ғылыми атақтар мен дәрежелерге ие болды, өз мамандықтары бойынша әр түрлі лауазымдарда: жетекші мамандардан бастап ұйымдардың басшыларына дейін табысты жұмыс істейді. Кейбіреулері бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының басқа кафедраларында және республиканың және ТМД-ның басқа университеттерінің экономикалық кафедраларында профессорлар, кафедра меңгерушілері және жоғары оқу орындарының декандары болып жұмыс істейді.

Бізбен байланысу

Телефон

+7(702)-406-12-80, +7(707)-465-00-44

Мекен-жайы

160050, Шымкент қ., Тауке-хан 5, “Экономика” кафедрасы, бас ғимарат, 422 каб.
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.