Әскери кафедра жаңалықтары
ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА САЛТАНАТТЫ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

2026 жылғы 5 мамыр күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті әскери кафедрасында бітіруші түлектердің әскери ант қабылдау рәсімі жоғары деңгейде өтті.
Бұл маңызды өмірлік белес жас сарбаздар үшін жауапкершілік пен Отанға деген шексіз адалдықтың айқын айғағына айналды. Барлығы 700-ге жуық Әскери кафедра студенті ел мүддесін қорғауға және әскери борышына өмір бойы адал болуға салтанатты түрде ант берді. Салтанатты жиынға университет басшылығы, ардагерлер мен ата-аналар қатысып, жас жауынгерлердің қуанышына ортақтасты.
Салтанатты шара белгіленген әскери дәстүрлерге сай жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жеке құрам сап түзеп, Мемлекеттік Ту салтанатты түрде ортаға шығарылғаннан кейін Мемлекеттік Әнұран орындалды.
Әскери кафедра бастығы, полковник Жакып Кенжебаевтың бұйрығымен ант қабылдау рәсімі басталып, әрбір түлек Отан алдында адал қызмет етуге серт берді.
Университеттің Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаев түлектерді құттықтап, Отанға қызмет ету – әр азаматтың ең мәртебелі міндеті екенін атап өтті.
Ал Ауған соғысының ардагері, запастағы подполковник Кидирали Раимбердиев жастарға ақ жол тілеп, антқа адал болудың маңыздылығын ерекше жеткізді.
Оқу барысында үздік нәтиже көрсеткен бірқатар түлек алғыс хаттармен марапатталып, еңбегі бағаланды. Ал ата-аналар болса, балаларының үлкен өмірге сенімді қадам басуына жол ашқан оқу орнына шынайы ризашылықтарын білдірді.
Салтанат соңында Мемлекеттік Ту алаңнан шығарылып, сап түзеген жеке құрам трибуна алдынан айбынды маршпен өтті.
Осылайша, бұл күн — әскери рух асқақтаған, жас қорғаушылардың жүрегінде мәңгі сақталатын ерекше тарихи сәт ретінде есте қалды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз