Танымал түлектер

СЕЙТЖАНОВ СЕРІКЖАН СЕЙТЖАНҰЛЫ
Сейтжанов Серикжан Сейтжанұлы — меценат, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Құрметті профессоры. 1971 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын инженер-құрылысшы-технолог мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылдың наурыз айынан бері «Саутс Ойл» ЖШС мұнай компаниясының президенті қызметін атқарып келеді. Марапаттары: «Парасат» ордені; «Қазақстанның даңқы» ордені; «Құрмет белгісі»; «Білім меценаты-2008» алтын медаль; «Алтын Жүрек» (2008 жыл); «Қазақстан Көшбасшысы-2013»; 2 рет «Парыз» алтын мүсіні.

ИСКАНДИРОВ МҰҚАШ ЗҰЛҚАРНАҰЛЫ
Искандиров Мұқаш Зұлқарнаұлы — «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, меценат, қоғам қайраткері. 1982 жылы Қазақ химия-технология институтын «Бейорганикалық заттар мен минералды тыңайтқыштар технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. «Қазақстанның Еңбек Ері», «Құрмет» ордені, «Отан» ордені , «Қазақстан Республикасының Құрметті инженері» медалі, «Ресейдің химия өнеркәсібі алдындағы еңбегі үшін I дәрежелі» ордені иегері иегері, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, «Алтын жұлдыз» ерекше белгісі және «Білім меценаты – 2012» атағын алған. Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі.

МЫРЗАХМЕТОВ ШАЛАТАЙ МЫРЗАХМЕТҰЛЫ
Шалатай Мырзахметов — «Құрмет» орденінің иегері, Отырар және Созақ аудандарының құрметті азаматы. 1968 жылы Қазақ химия-технология институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1962 жылы Арыс кеңшарында тракторшы болып бастаған. 2003 жылға дейін Отырар ауданының әкімі болды. Сол жылдан бастап ОҚО мәслихатының депутаты, ал 2007 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. 2012–2016 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды. Мемлекет алдындағы еңбегі еленіп, «Құрмет» орденімен, «Үздік еңбегі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

БАЙМЕН БАТУХАН ӘБДІКЕРІМҰЛЫ
Баймен Батухан Әбдікерімұлы — танымал график-суретші. Ол отандық графиканың дамуына зор үлес қосқан, Қазақстанның ең ірі заманауи график-суретшілерінің бірі, линогравюраның новаторы. Ол университеттің 1977 жылғы түлегі. «Түркілер» (2015), «Көшпенділер», «Ұлы дала», «Абылай ханның түсі», «Соңғы ойын», «Тоқырау» (2018), «Зұлмат», «Ұмай ана», «Оспан батыр», Соңғы Nomad (2019), «Атақ қуалау», «Жеңімпаз», «Табыну», «Самғау» (2020), «Аң стилі» (2021) топтамаларында ол драмалық оқиғалар мен ащы шындыққа толы әлемге қарайтын бақылаушының өткір, сезімтал және ақылды көзқарасын бейнелейді. Б. Баймен тек майталман суретші ғана емес, сонымен қатар, қоғам қайраткері, бірнеше рет қалалық кеңестің Бас суретшісі және қала құрылыс кеңесінің мүшесі болды. Ол көптеген медаль, диплом, Құрмет грамоталарынің иегері.

БЕКНАЗАРОВ НҰРЛАН ҚҰДИЯРҰЛЫ
Бекназаров Нұрлан Кудиярұлы — Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты. 2005 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. Бірнеше мамандық бойынша жоғары білімге ие: инженер-құрылысшы, инженер-экономист, қаржы маманы және заңгер. Шымкент қалалық мәслихатының II–V шақырылымдарына депутат болып сайланған, екі мәрте ревизиялық комиссия төрағасы және екі мәрте мәслихат хатшысы қызметін атқарған. Қала дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент Мәжілісі және Оңтүстік Қазақстан облысының, Шымкент қаласының әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған. «Сауап», «Батыр шапағаты», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарының иегері.

ЮСУПОВА ӘЛИЯ МАҚСҰТҚЫЗЫ
Әлия Юсупова — Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, көркем гимнастикадан еліміздің атын әлемге танытқан танымал спортшы, жаттықтырушы. Ол М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 2005 жылғы түлегі. Сонымен қатар, «Педагогика» және «Психология» мамандықтары бойынша магистратураны аяқтаған. - Әлем Кубогының финалында жүлдеге ие болған алғашқы азиялық әрі қазақстандық көркем гимнастшы; - Азия чемпионатының абсолютті чемпионы (2009, Астана) — 6 алтын медаль; - Азия ойындарының абсолютті чемпионы (2006, Доха) — барлық 6 бағдарламада «алтын» иеленген; - Афина (2004) Олимпиадасында IV орын, Пекин (2008) Олимпиадасында V орын; - Үш дүркін Бүкіләлемдік Универсиада жүлдегері (2005, 2007, 2009); - Он дүркін Қазақстан чемпионы. - «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері»; - «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері»; - Дүниежүзілік гимнастика федерациясының «Әлемдік кластағы гимнастшы» атағы.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
