Танымал түлектер

СЕЙТЖАНОВ СЕРІКЖАН СЕЙТЖАНҰЛЫ
Сейтжанов Серикжан Сейтжанұлы — меценат, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Құрметті профессоры. 1971 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын инженер-құрылысшы-технолог мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылдың наурыз айынан бері «Саутс Ойл» ЖШС мұнай компаниясының президенті қызметін атқарып келеді. Марапаттары: • «Парасат» ордені; • «Қазақстанның даңқы» ордені; • «Құрмет белгісі»; • «Білім меценаты-2008» алтын медаль; • «Алтын Жүрек» (2008 жыл); • «Қазақстан Көшбасшысы-2013»; • 2 рет «Парыз» алтын мүсіні.

ИСКАНДИРОВ МҰҚАШ ЗҰЛҚАРНАҰЛЫ
Искандиров Мұқаш Зұлқарнаұлы — «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, меценат, қоғам қайраткері. 1982 жылы Қазақ химия-технология институтын «Бейорганикалық заттар мен минералды тыңайтқыштар технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. «Қазақстанның Еңбек Ері», «Құрмет» ордені, «Отан» ордені , «Қазақстан Республикасының Құрметті инженері» медалі, «Ресейдің химия өнеркәсібі алдындағы еңбегі үшін I дәрежелі» ордені иегері иегері, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, «Алтын жұлдыз» ерекше белгісі және «Білім меценаты – 2012» атағын алған. Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі.

МЫРЗАХМЕТОВ ШАЛАТАЙ МЫРЗАХМЕТҰЛЫ
Шалатай Мырзахметов — «Құрмет» орденінің иегері, Отырар және Созақ аудандарының құрметті азаматы. 1968 жылы Қазақ химия-технология институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1962 жылы Арыс кеңшарында тракторшы болып бастаған. 2003 жылға дейін Отырар ауданының әкімі болды. Сол жылдан бастап ОҚО мәслихатының депутаты, ал 2007 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. 2012–2016 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды. Мемлекет алдындағы еңбегі еленіп, «Құрмет» орденімен, «Үздік еңбегі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

БАЙМЕН БАТУХАН ӘБДІКЕРІМҰЛЫ
Баймен Батухан Әбдікерімұлы — танымал график-суретші. Ол отандық графиканың дамуына зор үлес қосқан, Қазақстанның ең ірі заманауи график-суретшілерінің бірі, линогравюраның новаторы. Ол университеттің 1977 жылғы түлегі. «Түркілер» (2015), «Көшпенділер», «Ұлы дала», «Абылай ханның түсі», «Соңғы ойын», «Тоқырау» (2018), «Зұлмат», «Ұмай ана», «Оспан батыр», Соңғы Nomad (2019), «Атақ қуалау», «Жеңімпаз», «Табыну», «Самғау» (2020), «Аң стилі» (2021) топтамаларында ол драмалық оқиғалар мен ащы шындыққа толы әлемге қарайтын бақылаушының өткір, сезімтал және ақылды көзқарасын бейнелейді. Б. Баймен тек майталман суретші ғана емес, сонымен қатар, қоғам қайраткері, бірнеше рет қалалық кеңестің Бас суретшісі және қала құрылыс кеңесінің мүшесі болды. Ол көптеген медаль, диплом, Құрмет грамоталарынің иегері.

БЕКНАЗАРОВ НҰРЛАН ҚҰДИЯРҰЛЫ
Бекназаров Нұрлан Кудиярұлы — Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты. 2005 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. Бірнеше мамандық бойынша жоғары білімге ие: инженер-құрылысшы, инженер-экономист, қаржы маманы және заңгер. Шымкент қалалық мәслихатының II–V шақырылымдарына депутат болып сайланған, екі мәрте ревизиялық комиссия төрағасы және екі мәрте мәслихат хатшысы қызметін атқарған. Қала дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент Мәжілісі және Оңтүстік Қазақстан облысының, Шымкент қаласының әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған. «Сауап», «Батыр шапағаты», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарының иегері.

ЮСУПОВА ӘЛИЯ МАҚСҰТҚЫЗЫ
Әлия Юсупова — Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, көркем гимнастикадан еліміздің атын әлемге танытқан танымал спортшы, жаттықтырушы. Ол М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 2005 жылғы түлегі. Сонымен қатар, «Педагогика» және «Психология» мамандықтары бойынша магистратураны аяқтаған. - Әлем Кубогының финалында жүлдеге ие болған алғашқы азиялық әрі қазақстандық көркем гимнастшы; - Азия чемпионатының абсолютті чемпионы (2009, Астана) — 6 алтын медаль; - Азия ойындарының абсолютті чемпионы (2006, Доха) — барлық 6 бағдарламада «алтын» иеленген; - Афина (2004) Олимпиадасында IV орын, Пекин (2008) Олимпиадасында V орын; - Үш дүркін Бүкіләлемдік Универсиада жүлдегері (2005, 2007, 2009); - Он дүркін Қазақстан чемпионы. - «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері»; - «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері»; - Дүниежүзілік гимнастика федерациясының «Әлемдік кластағы гимнастшы» атағы.

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ
Нұралхан Көшеров — Түркістан облысының әкімі, кәсіби экономист, тәжірибелі мемлекеттік қызметші. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2008–2015 жылдар аралығында мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымдарда қызмет етті. 2015–2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды. 2018 жылдан 2021 жылдың 29 қыркүйегіне дейін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды. 2023 жылы Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2025 жылғы 6 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

РОЖИН МАКСИМ НИКОЛАЕВИЧ
Максим Николаевич Рожин — қоғам қайраткері, журналист, қазіргі таңда ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты. Ол 2001–2005 жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша білім алды. 2005–2007 жылдары аталған оқу орнында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады. Еңбек жолын 2005 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жастар істері жөніндегі комитет төрағасы қызметінен бастады. Әр жылдары республикалық телеарналарда журналист, жаңалықтар жүргізушісі, редактор болып еңбек етті. Сондай-ақ, мемлекеттік құрылымдарда баспасөз хатшысы, қоғаммен байланыс саласының маманы ретінде қызмет 2023 жылдың 28 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты.

САТВАЛДИЕВ АЛИШЕР ГАПИРЖАНОВИЧ
Алишер Гапиржанович — қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты. Ол 2003 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың тарих факультетіне «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2007 жылы үздік дипломмен тәмамдады. 2016 жылдың 1 сәуірінен 2023 жылдың 25 қаңтарына дейін Түркістан облыстық «Жанубий Қозоғистон» қоғамдық-саяси газетінің директор–бас редакторы қызметін атқарды. 2023 жылдың 25 қаңтарында ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Алишер Гапиржанович – Қазақстан халқы Ассамблеясының, «AMANAT» партиясының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, сондай-ақ ҚР өзбектері «Дустлик» қауымдастығы кеңесінің белсенді мүшесі.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
