«Бозбала мен бойжеткен» байқауы (2)

10 наурыз күні М. Әуезов атындағы ОҚУ, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығындағы тыңдаушылар арасында «Әрбір шәкірт – бір жұлдыз» атты «Бозбала мен бойжеткен» байқауы өтті. Орталықта оқитын өнерлі тыңдаушылардың ішінен әнші, күйші, бишілері талданып, 4 жұп байқауда бақ сынады. Олар Байқаудың:

  1. Таныстыру
  2. Өнерлі өрге жүзер
  3. Киім үлгісі
  4. Сұрақ-жауап кезеңі
  5. Ұшқыр ой
  6. Сыйлық тарту – сынды алты түрлі кезеңнен тұратын шарттары бойынша өнер көрсетті.

Байқаудың қортындысы бойынша:

3-жұп Исқақов Қуанышбек пен Елубаева Балнұр – 3-орынға;
1-жұп Тажиғалиев Фарахат пен Сұлтанова Ұлбике – 2-орынға;
2-жұп Сейітов Темур мен Мусаева Гүльназ – 1-орынға;
4-жұп Куканов Бекнияз бен Мұратова Шохсанам – бас жүлдеге ие болды.

 «Бозбала мен бойжеткен» байқауының әділ-қазылар алқасы болып орталықтың аға оқытушылары Сейтметова Айжан, Аманқұлова Индира және Сыбанбаева Лаура төрелік етті. Әр жұптың әр кезеңдегі көрсеткен өнерлері мен сұрақтарға берген жауаптарын мұқият қадағалаған төрешілер әділ бағасын берді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.