Жаңа жыл қарсаңында жаңа кітаптың тұсаукесері өтті (2)

Барыс жылын аман-есен өткеріп, жаңа қоян жылына қадам бастық. Жыл аяғында барлық жұмыс орындарының бір жылдық еңбекке қорытынды жасайтыны белгілі. Біздің дайындық орталығы 2022 жылдың соңын ерекше қуанышпен қорытындылады. М. Әуезов атындағы ОҚУ ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығының аға оқытушылары Асан Үсіпов пен Ғалым Қасымханның саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған "Қызыл ажал құрбандары" атты кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. Жаңа жыл алдында жаңа кітаптың таныстырылымы Шымкент қалалық "Абай" атындағы кітапханада 29 желтоқсан  күні өтті. Жазушы, тарихшы Момбек Әбдәкімұлы кеш тізгінін өз қолына алды. Әріптестерінің қуанышына құрақ ұшқан ұжымдағы барлық оқытушылар түгел жиналды. Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған кісілердің ұрпақтары да келіп, бабалары жайында жазылған кітап пен айтылған әсерлі әңгімеден тебіреніп көздеріне жас алды. Әлеуметтік желідегі жақсылыққа жаны құштар жандар мен тарихшылар, мұғалімдер, ұстаздар да жиналды. Кітаптың тұсауын іргелі оқу ордамыздың тарихшылары мен архив директоры кесті. Тереңде жатқан тарихымызды түгендеу -  жүрегі ел деп соғатын әрбір азаматтың борышы. Қос автордың қаламынан туған кітап жас ұрпақтың рухын оятуға септігін тигізеді деген сенімдеміз.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.