Музейлер сөйлейді

М.Әуезов атндағы ОҚУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының тыңдаушылары Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейімен танысып қайтты. Дайындық орталығының аға тәлімгері Асан Үсіпов тыңдаушыларға жол бастап барды. Тыңдаушылар ондағы өткен ғасырлардың көзі болған құнды жәдігерлерді көріп, таң-тамаша болысты. Әсіресе, Жапония елінен келіп, қазақ тілін үйреніп жүрген Ихира Кадзуя музейдегі тарихтан сыр шертетін алуан түрлі заттарды көріп, қазақ елінің тұрмыс-салты мен мәдениеті жайындағы таңданысы мен ойларын әңгімелеп берді.

Ал 9 қараша күні М.Әуезов атндағы ОҚУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының тыңдаушылары Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне саяхаттап барды. Музейдің қор сақтаушы маманы Әбдіқали Біржан музейдегі әр тақырыптарға тоқталып, егжей-тегжейлі түсіндіріп отырды. Соңынан ашаршылық жылдарына арнайылап түсірілген фильмді көріп, тыңдаушылар қанды тарихымыздің қасіретін сәл болса да түйсінгендей әсерде болды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.