Біліктілікті арттыру

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Қосымша білім беру орталығы мен Академиялық ғылым департаменті бірлесіп жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының  оқытатын пәндерінің бейініне сәйкес біліктілігін  және кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында 2021 жылдың 1-12 қараша мерзімі аралығында  «Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы онлайн біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырады.

Курстың тақырыптар аясы:

- ҒЗЖ мақсаты, міндеттері, концепциясы, құрылымы мен методологиясы

- ҒЗЖ жүргізудің белсенді және интерактивті әдістері мен түрлері, ақпараттық дереккөздермен жұмыс

- Ғылыми ережелер мен ғылыми түсініктерді тұжырымдау, ғылыми жіктеулер мен мен ғылыми тұжырымдамаларды жасау ережелері

-  ҒЗЖ қаржыландыруға өтінімдерді рәсімдеу. Академиялық жазу

- Физикалық-химиялық зерттеуді ұйымдастыру және т.б. модульдерді қамтыған.

Біліктілікті жоғарылату курстарының бағдарламасы 72  сағатқа жоспарланып, курсты аяқтаған тыңдаушыларға  бекітілген үлгідегі  сертификат  беріледі.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.