Салиқалы университет

2021 жылдың қараша айының 10-ы мен 19-ы мерзімі аралығында  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Қосымша білім беру орталығы» мен Шымкент қалалық ардагерлер Кеңесі бірлесіп ұйымдастырған «Салиқалы университет» жобасының ашылу рәсімі өтті. Зейнет жасындағы аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын жақсарту мүддесі барлық уақытта мемлекеттің назарынан тыс қалған емес. Заман талабына  сай  өткен жылдарда бұл бағыттағы  әлеуметтік  саясаттың мақсаты зейнетақы мен төлемдерді арттыру, науқас жандарға қамқорлық таныту болса, қазіргі уақытта олар үшін белсенді өмір салтын қалыптастыру, жаңа нәрсені насихаттап, бос уақыттарын пайдалы өткізуді белсендіру болып табылады.

       «Салиқалы университет» жобасын жүзеге асыру қаламыздағы зейнет жасындағы азаматтардың шығармашылық және кәсіптік дамуын қамтамасыз етіп, белсенді еңбекке араласуына және қаламыздың дамуына үлкен үлес қосуына мүмкіндік береді.

«Салиқалы университеттің» алғашқы 15 тыңдаушысы 10-19 қараша арлығында «Цифрлық куратор» курсында компьютерлік технологиялар бойынша біліктіліктерін арттырып, электронды үкімет қызметін пайдалану мүмкіндіктеріне ие болады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.