ДЕПАРТАМЕНТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Біліктілікті арттыру
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Қосымша білім беру орталығы мен Академиялық ғылым департаменті бірлесіп жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының оқытатын пәндерінің бейініне сәйкес біліктілігін және кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында 2021 жылдың 1-12 қараша мерзімі аралығында «Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы онлайн біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырады.
Курстың тақырыптар аясы:
- ҒЗЖ мақсаты, міндеттері, концепциясы, құрылымы мен методологиясы
- ҒЗЖ жүргізудің белсенді және интерактивті әдістері мен түрлері, ақпараттық дереккөздермен жұмыс
- Ғылыми ережелер мен ғылыми түсініктерді тұжырымдау, ғылыми жіктеулер мен мен ғылыми тұжырымдамаларды жасау ережелері
- ҒЗЖ қаржыландыруға өтінімдерді рәсімдеу. Академиялық жазу
- Физикалық-химиялық зерттеуді ұйымдастыру және т.б. модульдерді қамтыған.
Біліктілікті жоғарылату курстарының бағдарламасы 72 сағатқа жоспарланып, курсты аяқтаған тыңдаушыларға бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.