Шетелдік студенттерге

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей Федерациясы, Ауғанстан, Қытай Халық Республикасы, Түркия, Голландия, АҚШ азаматтары білім алуда.

         Университет құрамында:

  1. Бейімдеу және қолдау бөлімі;
  2. Нострицикафиялау және апостильдеу бөлімдері жұмыс атқаруда.

Күндізгі оқу нысаны бойынша 1506 шетелдік студент білім алса, университеттің Инновациялық білім беру технологиялары институтында кешкі және қашықтықтан оқыту нысандарында 3301 шетелдік студент білім алуда. Шетелдік студенттердің жалпы саны - 4807 немесе барлық студенттердің жалпы санының 20%-дан астамын құрайды.

Университетте шетелдік студенттер үшін жемісті оқу және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін барлық жағдайлар жасалған. Кең және жарық дәрісханалар, заманауи зертханалар, компьютерлік сыныптар, кітапханалар мен кәсіби әдебиетке бай оқу залдары бар.

Университетте шетелдік талапкерлер тіл, тарих және бейіндік пәндерді оқитын дайындық курстары (foundation) жұмыс істейді. Шет елдердің азаматтары қатарындағы этникалық қазақтар ұлттық біріңғай тестілеуді табысты тапсырған жағдайда гранттық негізде оқуға мүмкіндігі бар. Осы оқу жылының басында foundation–тың 100 тыңдаушысы осындай мүмкіндікті жіберіп алмады.

Университеттің халықаралық байланыстар жөніндегі орталығы студенттерге визалық қолдауды қамтамасыз етеді және Қазақстанның көші-қон қызметтерімен тығыз байланыста.

Университеттің құрылымдық бөлімшелері (факультеттер мен жоғары мектептер деканаттары, шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі орталық, студенттерге қызмет көрсету орталығы) ZOOM платформасын және басқа да коммуникация құралдарын пайдалана отырып, оқуға төлем ақы төлеу, оқу процесі, емтихан сессиясына дайындық мәселелерін үйлестіру және көмек көрсету үшін шетелдік студенттермен онлайн кездесулер қыркүйек айында өткізді.

Университет базасында Auezov buddy club жұмыс істейді. Бұл – жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайларға тез бейімдеу үшін шетелдік студенттерге жан-жақты қолдау көрсететін студенттер қатарындағы еріктілердің қоғамдық ұйымы.

Шетел студенттерін әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстар да үйлестірілуде. Университтетің студенттік жатақханаларының барлық қабаттағы бөлмелерін, ас дайындайтын бөлмелер мен санитарлық жағдайларымен аралап, танысып бақылауда ұстайды. 

Университеттің жатақханаларында бүгінгі таңда тұрады:

№1 Өзбекстан -12

№2 Өзбекстан – 15.

№4 Өзбекстан – 3.

№5 Түрікменстан - 74, Өзбекстан – 3.

№7 Өзбекстан – 99, Түрікменстан – 1.

 

Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу орталығының қызметкерлері жатақханалардағы шетел студенттерінің тұрмыс жағдайларына, денсаулықтарына байланысты туындайтын мәселелерге басшылықты хабардар етіп, оңтайлы шешім табуда.

  • ОҚУ-дегі барлық оқу формаларында оқитын шетелдік азаматтар контингенті құрамы туралы есептер дайындап және ұсынып отырады және шетел студенттердің есебін жүргізеді.
  • шет мемлекеттерде алынған білім деңгейінің, қазақстандық білім деңгейінің (нострификация) баламасын белгілеу процесінде шетелдік азаматтарға бағыт бағдар беріп көмектеседі.

Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу орталығы Бас консулдық, Елшіліктермен, Өкілеттіліктермен тығыз байланыс орнатып, жемісті жұмыс атқаруда.

Университеттің факультет және жоғары мектебінде оқитын шетел студенттерінің апостильдеу және нострификациялаудан өткізу рәсімін түсіндіру мақсатында, шетел студенттерімен жұмыс жүргізу орталығы кесте бойынша тәрбие жөніндегі декан орынбасарлары, топ тәлімгерлерімен желтоқсан айында кездесу ұйымдастырып, шетел студенттерінің құжаттарының апостильдеу және нострификациялаудан толық өткізулеріне бірлесе отырып, жұмыс жүргізуде.

          2021 жылғы 24 қазанда Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауы өтуіне байланысты, Шымкент қаласында (Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында) өткізілген іс-шараға университетте оқитын Өзбекстан азаматтарының қатысуын қамтамасыз етті.  

 


ҚР-сы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қалалық саяси қуғын – сүргін құрбандары мұражайында 12 қараша 2021жылы шетел студенттерімен жұмыс жүргізу орталығының ұйымдастыруымен «Тарих және педагогика», «Филология» факультеттері мен «Жаратылыстану-педагогикалық» ғылыми жоғары мектебінде оқитын шетел студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік және алаш арыстары» тақырыбындағы іс-шара өткізілді.

 

 

2021 жылғы 10 желтоқсан күні Ашық аспан астындағы «Тәуелсіздік шежіресі» атты іс шара өткізіліп,  «Тарих және педагогика» факультетінің шетел студенттері қатысты.  

 

      

           Университет жатақханаларында тұратын шетел студенттерімен ашық әңгімеде ішкі тәртіп мәселелері айтылады. Сонымен қатар, университетте жұмыс жасап жатқан «Адалдық алаңы», «Парасат» басқармасының жұмысы туралы кеңінен айтылуда.

 

 

 

Өзбекстан Республикасының Бас Консулдары Д.Сабиров пен Ж.Абдукаримовтың университетте білім алушы Өзбекстан Республикасының студенттері мен магистранттарымен кездесуі 16.04.2022жылы 10:00-де өтті.

2022 жылғы 21 мамырда М.Әуезов атындығы ОҚУ-де оқитын шетелдік  студенттерді «Тарихи танымдылық» бағыты бойынша ұйымдастырылған «Қазақстанға саяхат» - Түркістан мен Отырардың киелі жерлеріне  еліміздің тарихымен, мәдениетімен, киелі жерлеріментаныстыру мақсатында Түркістан мен Отырар аймағына саяхат жасалды.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.