Қоғамдық кәсіптер факультеті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері,

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері,

Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері,

Бәйдібек ауданының құрметті азаматы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің

қоғамдық кәсіптер факультетінің деканы, доцент

Абдраимова Сабираш Бимырзақызы.

Жұмыс нөмірі:  21-34-04

Қоғамдық кәсіптер факультеті

Қоғамдық кәсіптер факультеті студенттер арасында тәрбие жұмысының нәтижелілігі мен сапасын арттыру мақсатында 2004 жылы 12-сәуірде құрылды. Университеттің тәрбие жұмысы мен мәдени көпшілік іс-шараларының ұйымдастырып өткізу факультеттің жұмыстық міндетіне жүктелген.

          Сабақ үлгерімі жақсы және қоғамдық мамандықты игеруге ерекше ықылас білдірген университет студенттері факультет тыңдаушылары болады және өз бағыттары бойынша көптеген өнер байқауларына қатыса алады. Атап айтсақ,университетіміздің «Байдың балдары»командасы Республикалық КТК(КВН)ойындарының бірнеше дүркін чемпиондары.

Факультеттің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • Студенттердің жеке қажеттіліктері және нарық аралық сұраныс пен еңбек нарықтығының талабына сәйкес,студенттердің қосымша кәсіп игеруіне шынайы түрде мүмкіндік туғызу:
  • Әдет-ғұрып,салт-дәстүр,ұлттық және мәдени құндылықтарды қайта жаңғырту:
  • Республикамыздың болашақта өркендеуіне жауапкершілік танытатын студент-жастардың отаншылдық сезімін қалыптастыру:
  • Факультет тыңдаушыларының мәдени талғамдық,көркем шығармашылық бейімділігін арттыру және көркемдік-эстетикалық көзқарасын қалыптастыру:
  • Қазіргі әлеуметтік- экономикалық жағдайда салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында болашақ мамандардың мәдени тәрбиесі дайындығын,парасаттылығын кең көлемде қамтамасыз ету:
  • Кәсіби қызмет жағдайында студенттердің басқару мәдениеті негізін қалыптастыру(маркетинг,менеджемент негізінде):
  • Студенттердің сабақтан тыс уақыттарында өмір тіршілігінің ерекше қалпын және мәдениетін қалыптастыру:
  • Факультеттің 2 жылдық курсын бітірген студенттерге аттестациялық комиссияның шешімімен факультетте алған қоғамдық мамандығы бойынша куәліктер беріледі.

Факультетте көркем шығармашылық бағыт бойынша:

  • Би (хореография) үйірмесі.
  • Вокалды-аспапты ансамбль үйірмесі.
  • Көңілділер мен тапқырлар клубы үйірмесі (КВН).
  • Айтыс және Көркем сөз үйірмесі.
  • Ән (Вокал)үйірмесі.
  • Дефиле үйірмесі.
  • Домбыра үйірмесі.
  • Фольклорлық ансамбль үйірмесі.
  • Дәстүрлі ән және терме үйірмесі.
  • Үнді орталығы.

Факультетте ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР мәдениет қайраткері, Халықаралық,Республикалық, Облыстық байқаулардың лауреаттары және жоғары білікті мамандар жұмыс жүргізеді.

Жеткен жетістіктері.

Факультетте эстрадалық әндер және халық әндері жанры бойынша вокал (ән) үйірмесі жұмыс жасайды.

Вокал үйірмесіне студенттің өзін жан-жақты шығармашылық қыры бойынша іріктеледі  эстрадалық ән, халық әні, айтыс немесе терме-жыр айтуға бағдар беріледі. Үйірме тыңдаушылары түрлі байқаулар мен фестивальдарда жүлделі орындарды иеленді, қала және облыс көлемінде өткізілетін іс-шараларда өз өнерлерін көрсетті. Университет аралығында студенттеріміз арнайы байқауларда өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетті. Атап айтқанда: 24-25.11.2016 жылы «Жас талант 2016» байқауында Гран-при иегері Шетел студенті Арай Серікхан, І-орын иегері Кешкі және қашықтықтан оқыту студенті Тілеов Ерсұлтан, ІІ-орын иегерлері ММГ студенті Шынәсіл Тәукехан және Кешкі және қашықтықтан оқыту студенті Жауғашаров Әділет, ІІІ-орын иегерлері СМ студенті Санжар Әбдісалам, ХТ студенті Динара Шахмұрат. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының құрылғанына 50 жыл толу мерей тойына орай Республикалық ЖОО студенттері арасында өткен «Студенттік көктем-2017» «Жастар дауысы» ретро әндер байқауында 2-орын алғаны үшін «Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу» факультетінің студенті Ғалымбек Гүмән марапатталды.

Жастар арасында қызығушылық тудыратын шығармашылық бағыттардың бірі – би үйірмесі және үнді би орталығы жұмыс жасайды. Факультетте студенттерден құралған «Аружан», «Шалқыма», үнді орталығының «Савитри», Айару», «Сырғалым», «Наз» би топтары университет және қала деңгейінде өткізілетін түрлі іс-шараларда, театрландырылғын қойылымдарда өз өнерлерін көрсетуде. Шымкент қаласының қоғамдық шараларына белсене ат          салысып жүрген Курманова Гаухар жетекшілігіндегі «Аружан» би тобы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында 2016 жылдың 17-ші қазан күні  Астана қаласы «Шабыт» өнер академиясында өткен «Оңтүстік күндері» атты концерттік бағдарламасында «Аружан» би тобы өз өнерін көрсетті.

Вокалды аспаптар ансамблі үйірмесінің жанды дауыстағы музыканы дамытуда атқарар ролі зор. Үйірме жетекшісі  Рысимбетов Мақсаттың ұйымдастыруымен жыл сайын өзінің есеп беру концерті өткізіледі және университетіміздің факультетаралық байқауларына, қала көлемінде өткізілген түрлі іс-шаралараға қатысады.

Факультеттегі домбыра үйірмесі  екі топқа бөлінеді. Домбыра үйренуді енді бастаған топ және домбыраны үйренуді жалғастырушылар тобы. Мұнда домбыраны қолға ұстаудан бастап, сахнада орындап шығуға дейін үйретеді. Жыл сайын мұнда 100-ге тарта студенттер тәрбиеленеді.

Факультеттегі қазақ халқының өнерін насихаттайтын шығармашылық бағыттардың бірі – дәстүрлі ән және терме үйірмесі. Оқу жылының басында қыркүйек айының 1-ші аптасында өзге мамандармен бірге факультеттерді аралап үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Онда «Қоғамдық кәсіптер» факультетінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, факультеттің тыңдаушысы болуға шақырды. Талап білдірген студенттер тізімін алып, қыркүйек айының 13-жұлдызында олардың қабілеттеріне қарай реттелді. Домбыра тартып, ән, терме айтуға қабілеті бар студенттер қабылданды.

Айтыс үйірмесінде жетістіктерге жеткен студенттер тізімін атап өтсек:

  • Қазан айында студенттер облыстық мүшайраға қатысып арнайы жүлде әкелді;
  • Қараша айында Арыс қаласының Әкімінің сыйлығын айтысқа қатысқан Жұмаәлі Балқаш жеңіп алды және Облыстық «Жас ақындар» мүшайрасында Бас жүлде, ІІ-орынды алған студенттер Бейсенова Әйгерім, Бейбітбек Ақбота және Серік Құрман;
  • Желтоқсан айында  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткен «Ақындар мүшайрасында» 2 курс студенті Арқалық Байқожа І-орынды жеңіп алды.

Факультеттің ұлттық аспаптар ансамблі қазіргі таңда өз репертуарларын ұлттық нақыштағы ән-күйлермен қатар әлемдік классикалық шығармалармен байытуда. Қала және облыс көлемінде өткізілетін іс-шараларда ансамбль өздерінің ұлттық киім үлгілерімен, жоғары дәрежеде орындалған шығармаларымен көпшіліктің көңілінен шығып келеді. Аз уақыт ішінде бұл ансамбль өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Факультеттің жұмысы университет студенттерінің сұраныстары мен қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатына негізделген.

Факультеттегі ең жас дефиле үйірмесіне қатысуға талап білдірушілер саны 90-нан асты. Үйірме жыл сайын жүйелі түрде «Қыздарға әсемдік жарасады», «Университет аруы» іс-шараларын ұйымдастырады.

Үйірме студенттері жыл сайын қала және облыс деңгейінде өтетін «Шымкент аруы», «Бозбала мен бойжеткен», «Қозы Корпеш-Баян сұлу» сайыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Жыл сайын ҚКФ-т мамандары университетіміздің факультеттерін аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Олар академиялық топтардың тәлімгерлері мен топ басшыларымен студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен жиналыстар мен кездесулер өткізді.

Студенттердің негізгі оқу процесіне кедергі болмау үшін факультет мамандары олардың сабақтан тыс уақыттарына сай жасалған кесте бойынша дәріс жүргізді. Сонымен қатар студенттердің дербес ерекшеліктеріне байланысты олармен дербес жұмыс жасалынды. Факультет мамандары студенттерге репертуар таңдауына, сахналық имиджін қалыптастыруына, концерттерге, конкурстарға, фестивальдарға лайықтап дискіде музыка жаздыруға жағдай жасады.                    

Факультет биылғы оқу жылында  жаңа құраммен толықтырылды. Мамандардың барлығы жаңа оқу жылында өз репертуарларын жаңа шығармалармен толықтырды.

Университеттегі әрбір мерекелік іс – шаралар мен мәдени тынығу жұмыстарында «Қоғамдық кәсіптер» факультеті үнемі белсенді түрде ат салысып ортасында жүрді.

Сонымен қатар 2016 оқу жылының жарты жылдық жоспары бойынша және жоспардан тыс  мәдени  іс-шараларды ұйымдастырып өткізді.  Факультеттерден келген сұраныс хаттар бойынша факультет мамандары концерттік бағдарламаларға ат салысып, музыкалық аппаратура және ұлттық костюмдермен қамтамасыз етіп отырды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.