МҰРАЖАЙ

Қызметкерлер:

Университет мұражайының меңгерушісі

Әбдіханова Әлия Жанғазықызы

Мекен-жай: Бас ғимарат, 1 қабат

Телефон: 8-(7252) 21-15-26

Мұражай қор сақтаушысы

Тоқбергенова Тамаша Ұбайдақызы

Мекен-жай: Бас ғимарат, 1 қабат

Телефон: 8-(7252) 21-15-26

Мұражайдың жұмыс кестесі

 

ДҮЙСЕНБІ – ЖҰМА  - сағат 09.00 – 18.00 .

түскі үзіліс         - сағат 13.00 – 14.00

Демалыс күндері  – СЕНБІ, ЖЕКСЕНБІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстанмемлекеттік университетінің мұражайы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мұражайы екі университеттің мұражайларының бірігуі негізінде 1998 жылы құрылған: Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті мұражайы және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті мұражайы.

Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінің мұражайы Қазақ химия-технология институтының 40 жылдық мерейтойы қарсаңында 1983 жылы құрылған. Жаңа құрылған мұражайда көп кешікпей мұражай Кеңесі де құрылды, оны тікелей ректордың өзі, Молдабеков Шаяхмет Молдабекұлы басқарды. Мұражайдың бірінші жетекшілері Дмитриенко Г.В., Кшуманова Л.А., Кривцова Л.Д болды.

Жаңа құрылған мұражайға Қазақ химия-технология институтының бас ғимаратының екінші қабатындағы №256 аудиториясы бөлінді. Материалдар жинау мен мұражайды әрлеу бойынша мұражай Кеңесі үлкен жұмыс жүргізді.

Қазақ химия-технология институты түлектерінің кездесуі. ҚазХТИ мұражайы. 1983 ж.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің мұражайы 1996 жылы ректор Е.Қ.Медеуов және проректор Л.Ташимовтың бастамасымен құрылған. Мұражай жетекшісі болып Цой А.А. тағайындалды.

1998 жылы ОҚТУ пен ОҚГУ бірігіп М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылған соң, екі мұражайды біріктіру шешімі қабылданды.

2003 жылы университет ректоры ҚА ҰҒА мүше-корреспонденті, т.ғ.д., профессор В.Қ.Бишимбаев мұражайды толығымен уақыт талабына сәйкес стильде, өзіндік дизайнмен қайта құруды ұсынды. Жаңа мұражайға университеттің бас ғимаратының бірінші қабатынан бөлме берілді. Мұражайдың дизайн жобасын Қызылорда облысының бас сәулетшісі М.Сапарғалиев жасады. Мұражайдың жаңа келбетін жасауда үлкен үлес қосқан мұражай қызметкерлері Джабагиева З.А., Тұнғатаева А., Ескендирова Г.А. және басқалар.

Жаңартылған мұражай университеттің 60 жылдық мерейтойы салтанатында ашылды.

Университет мұражайының ашылуы. 2003 жыл

Университеттің 70-жылдық мерейтойы қарсаңында университет ректоры т.ғ.д., академик Ж.Ү.Мырхалықовтың бастамасымен мұражайда реконструкциялық жұмыстар жүргізіліп, жаңа, бірегей экспонаттармен толықтырылды.

Экспозиция жаңа бірегей экспонаттармен толықтырылды. Экспозицияны жаңартуда және көркемдік безендіру жұмыстарын жүргізуде үлкен үлес қосқан «Дизайн», «Бейнелеу өнері», «Сәулет» кафедраларының суретшілері және дизайн мамандары, мұражай ісі мамандары. Экспозицияны жаңа экспонаттармен толықтыру жұмысына университеттің бар ұжымы қатысты.

Университеттің құрылу және даму тарихына арналған сәнді жаңартылған мұражайы өз есіктерін келушілеріне салтанатты шара қарсаңында ашты.

Мұражай оқу, ғылыми және мәдени маңызы бар материалдарды жинақтау, сақтау және көрермен назарына ұсынумен айналысады. Мұражайдағы құжаттар, фотосуреттер мен жәдігерлер университет тарихындағы үлкен өзгерістерге баға беруге мүмкіндік береді.

Бірнеше экспозиция студенттердің өміріне, көңілді және тапқырлар клубына, Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясына, студенттік құрылыс жасақтарына, спорт және ғылыми жетістіктерге арналған.

Университет студенттері мен оқытушылары экспозиция материалдарын кураторлық сағат өткізуде, «ЖОО тарихы», «Университет түлектері» және т.б. тақырыптары бойынша конференцияларда баяндама жасауда кеңінен пайдаланады.

Бүгінгі күні мұражай студенттер мен бүкіл университет ұжымын рухани, эстетикалық, этикалық, патриоттық тәрбиелеуде маңызды орын алады.

Ашылған күннен бері мұражайда көптеген қонақтар болды. Олардың арасында: ҚР президенті Н.Назарбаев, М.Шаханов, М.Жолдасбеков, Н.Надіров, М.Ауезов, Г.Рудов, М.Өтебаев, Әбсаттар-қажы Дербісәлі, ҚР парламент депутаттары, оқу орнының түлектері, сондай-ақ әлемнің басқа елдерінен келген көптеген қонақтар: Иран, Испания, Үндістан, Франция, Украина, Оңтүстік Корея, Жапония және басқада қонақтарымыз жоғарғы оқу орнының бай, қилы тарихы және мұражайдың ерекше көркемдік нақышы мен мазмұнын тамсана тамашалады.

Қонақтарымыздың қолтаңбалары «Құрметті қонақтар» кітабында қалдырылған.

 

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.