У.БЕСТЕРЕКОВ АТЫНДАҒЫ «СУ САПАСЫН МОНИТОРИНГЛЕУ ЖӘНЕ СУЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЗЕРТХАНАСЫ
Ғылыми-зерттеу зертханасының негізгі бағыттары:
- Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлеріндегі су, су ресурстарының сапасын мониторингтік зерттеу;
- М. Әуезов атындағы ОҚУ және ҚР жоғары оқу орындарының бакалаврларын, магистранттарын және PhD-докторанттарын даярлауға қатысу;
- өнеркәсіптік өндіріс зертханаларына ауыр металдар мен улы қоспалардың құрамы бойынша атомдық абсорбциялық спектрометрия әдісін қолдана отырып, өндірілетін өнімнің құрамы мен қасиеттеріне зерттеулер жүргізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
- минералдық шикізат пен техногендік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша салалық өндірістердің дәстүрлі технологияларын жетілдіру, жаңа технологияларын құру.
Зертханада жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:
Зертханада жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2022-2024 жылдарға арналған гранттық жобасы. «AP15473115 Органикалық қышқылдардың көмегімен төмен сұрыпты фосфориттерді іріктеп шаймалау үрдісін кешенді зерттеу». Жетекшісі – Райымбеков Е.Б.
Жобаның мақсаты – органикалық қышқылдарды пайдалана отырып, отандық төмен сұрыпты фосфат шикізатын фосфор (V) оксиді бойынша байыту үрдісін кешенді зерттеу.
Жобаның құны 19 млн теңге.
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған гранттық жобасы. «AР19174296 Оңтүстік өңірдегі құс шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін құрамында көміртегі бар шикізаттан органоминералды азық қоспаларын өндіру технологиясы». Жетекшісі – Қамбатыров М.Б.
Жобаның мақсаты – ауылшаруашылығы құстарының өнімділігін арттыру үшін қоңыр көмір өндіру қалдықтарынан органоминералды азық қоспаларын өндірудің ғылыми негізделген технологиясын әзірлеу.
Жобаның құны – 24 миллион теңге.
- Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Тәуелсіздік ұрпақтары 2024» гранты. Жобаның тақырыбы: «Сырдария өзені бассейнінің ауыр металдармен ластануының қоршаған ортаға және денсаулыққа әсерін бағалау». Грант иегері – Райымбеков Е.Б.
Жобаның мақсаты ауыр металдармен ластануды кешенді бағалау, қоршаған ортаға әсерді бағалау, ауыр металдармен ластанудың өзен экожүйелеріне әсерін зерттеу, денсаулыққа қауіп-қатерді бағалау: ауыр металдармен ластанудан өзен бойында тұратын елді мекендердің денсаулығына ықтимал қауіптерді бағалау.
Жобаның құны – 3 миллион теңге.
Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу зертханасы AP23487663 «Наноқұрылымды суды кешенді зерттеу: су жүйелерінің жылулық, электрлік және құрылымдық сипаттамалары» тақырыбы бойынша 2024-2026 жылдарға гранттық қаржыландыру жобасын жүзеге асыруда.
2025-2027 жылдарға арналған ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына бір жоба (AP26194381 «Су тазарту жүйелеріндегі ауыр металдарды каталитикалық адсорбциялау үшін құрамында мыс бар металлорганикалық қосылыстарды (МОҚ) әзірлеу және оңтайландыру») ұсынылды. 1 жоба ұсынылды (BR28713547 Су ортасын ауыр металдар мен органикалық ластаушы заттардан тазарту үшін металл-органикалық каркастарға, магниттік нанобөлшектерге және кеуекті керамикаға негізделген әмбебап гибридті наноқұрылымды катализаторлар мен фотокатализаторларды әзірлеу және зерттеу). Неміс ғылыми қоры жариялаған ғылыми жоба конкурсына екі жоба ұсынылды (Ағынды сулардан талшықты микропластиктер мен бейорганикалық ластаушы заттарды іріктеп алу үшін қоңыр көмір қалдықтарынан композиттік сорбенттік материалдарды әзірлеу), әмбебап гибридті наноқұрылымды катализаторлар мен фотокатализаторларды әзірлеу және зерттеу; Ауыр металдар мен органикалық ластаушы заттардан тазарту). Өзбекстан Республикасының «Жасыл ұшқын» жобасы конкурсына Сырдария өзені бассейніндегі ауыр металдардан суды инновациялық тазарту үшін металлорганикалық қосылыстар негізінде каталитикалық адсорбциялық жүйелерді әзірлеу және қолдану тақырыбы бойынша бір жоба ұсынылды. (Сырдария өзені бассейнінде ауыр металдардан суды инновациялық тазарту үшін металлорганикалық қосылыстар негізінде каталитикалық адсорбциялық жүйелерді әзірлеу және қолдану).
2024 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тағайындаған белсенді шығармашыл жастар қоғамдастығын дамытуға бағытталған жаңа және бұрыннан бар жастар бастамаларын мемлекеттік қолдауға арналған «Тәуелсіз ұрпақтары» гранты бойынша бір ғылыми жоба аяқталды.


Райымбеков Еркебұлан Батырбекұлы
Зертхана меңгерушісі, философия докторы (PhD), постдокторант
Қамбарова Ғалия Әмзеқызы
Аға ғылыми қызметкер, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Негізгі жарияланымдар:
- Raiymbekov Y., Abdurazova P., Nazarbek U. Enrichment of low-grade phosphorites by the selective leaching method // Green Processing and Synthesis. – 2023. – Vol.12(1). - pp. 20228150 (Chemical Engineering бойынша Scopus 2022 процентиль көрсеткіші 80, Web of Science квартилі – Q2).
- Nazarbek U., Abdurazova P., Nazarbekova S., Kambatyrov M., Raiymbekov Y. Alkaline Extraction of Organomineral Potassium Humate from Coal Mining Waste // Applied Sciences (Switzerland). – 2022. – Vol.12(7). – 3658. https://doi.org/10.3390/app12073658 (Chemical Engineering бойынша Scopus 2022 процентиль көрсеткіші 65, Web of Science квартилі – Q2).
- Nazarbek U., Abdurazova P., Raiymbekov Y. Extraction and Characterization of Humic Acid Based on Coal Mining Waste // Chemical Engineering and Technology. – 2022. – Vol.45(6). – P.1133–1140. https://doi.org/10.1002/ceat.202200038 (Engineering бойынша Scopus 2022 процентиль көрсеткіші 61, Web of Science квартилі – Q3).
- Nazarbek U., Abdurazova P., Nazarbekova S., Raiymbekov Y., Kambatyrov M. Processing of Phosphoric Solid Waste by Humic Acid Leaching Method // Inorganics. – 2023. – Vol.11(3). – 90. https://doi.org/10.3390/inorganics11030090 (Chemistry бойынша Scopus 2022 процентиль көрсеткіші 54, Web of Science квартилі – Q2).
- Nazarbek U., Nazarbekova S., Raiymbekov Y., Kambatyrov M., Abdurazova P. Prolonged action fertilizer encapsulated by CMC/humic acid // E-Polymers. – 2023. – Vol.23(1). – 20230013. https://doi.org/10.1515/epoly-2023-0013 (Chemical Engineering бойынша Scopus 2022 процентиль көрсеткіші 64).
2025 жылы жүргізілген зерттеу тақырыптары бойынша жарияланымдар
AP23487663 «Наноқұрылымды суды кешенді зерттеу: су жүйелерінің жылулық, электрлік және құрылымдық сипаттамалары» гранттық қаржыландыру жобасының аясында Web of Science және Scopus дерекқорларында индекстелген журналда үш мақала жарияланды:
- Kambarova G., Nazarbek U., Raiymbekov Y. Thermal Behavior of Water-Electrolyte Mixtures: Structural and Ionic Influences // Engineering, Technology & Applied Science Research. – 2025. – Vol.4, No.16. – Article in Press. (процентиль General Engineering - 56).
- Kambarova G., Nazarbek U., Nazarbekova S., Abdurazova P., Raiymbekov Y. The nature of processes affecting the solubility, viscosity, and density characteristics of aqueous electrolyte systems // Journal of Multidisciplinary Applied Natural Science. – 2025. – Article in Press. (Процентиль Multidisciplinary - 83).
- Nazarbek U., Kambarova G., Nazarbekova S., Raiymbekov Y. The influence of ultrasonic treatment on the solubility of aqueous electrolyte mixtures // E3S Web Conf. 633 01004 (2025). DOI: 10.1051/e3sconf/202563301004 (процентиль Earth and Planetary Sciences -
26). - Kambatyrov, M., Abdurazova, P., Nazarbek, U., & Raiymbekov, Y. (2025). Infrared Spectroscopic Study of the Mechanisms of Humic Acid Precipitation in Aqueous Acid Solutions. Engineering, Technology & Applied Science Research, 15(3), 23527–23536. https://doi.org/10.48084/etasr.10976 (процентиль General Engineering - 56).
- Kambatyrov, M., Abdurazova, P., Nazarbek, U., & Raiymbekov, Y. (2025). Α Kinetic Study of Humate Extraction from Carbonaceous Waste using Alkaline Reagents. Engineering, Technology & Applied Science Research, 15(3), 22347–22354. https://doi.org/10.48084/etasr.10564 (процентиль General Engineering - 56).
Өнертабысқа патент жіберілді:
- Назарбек У.Б., Райымбеков Е.Б., Назарбекова С.П., Абдуразова П.А., Камбарова Г.А. Наноқұрылымды суды алу әдісі // Өтінімнің тіркеу нөмірі 2025/0013.1, 10.01.2025 (Толық сараптама)
2 монография жарық көрді:
- Raiymbekov Y. Enrichment of Low-Grade Phosphorites with Organic Acids. Monograph. – Germany: Springer, 2025. – 160 p.
- Камбарова Г.А. Физико-химические процессы в водных электролитах и фосфорсодержащих смесей. Монография. – Шымкент: ЮКУ имени М.Ауэзова, 2025. – 123 с.
