Әзімов Қайрат Мұратұлы

Әзімов Қайрат Мұратұлы
Басқарма мүшесі, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры
1986 жылы 2 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Шолаққорған ауылында дүниеге келген.
2004 жылы Шолаққорған ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп, Египет Араб Республикасындағы Каир университетінде «Экономика және саяси ғылым» мамандығы бойынша білім алған. Білім бағдарламасымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Экономика» мамандығы бойынша жалғастырып, оны 2008 жылы тәмамдаған.
2013-2015 жылдары Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясында «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім алған.
Қызмет жолын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен бастаған. 2008-2011 жылдар аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің атташесі, 2011-2014 жылдар аралығында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің үшінші және екінші хатшысы, 2015-2018 жылдар аралығында Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулдығының екінші және бірінші хатшысы лауазымдарында жұмыс істеген.
2019-2020 жылдарда ҚР Қоғамдық даму министрлігіне қарасты «Уақып» Қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті болған.
Жергілікті мемлекеттік басқаруда да қызметтер атқарған. Оның ішінде, 2020-2023 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары, одан кейін міндетін атқарушы, Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданы әкімінің орынбасары және Түркістан облысының Инвестиция және экспорт басқармасының басшысы ретінде еңбек еткен.
2023 жылдан бері Қонаев қаласында академиялық қалашық салуға инвестиция тартумен айналысып, осы бағытта құрылған «Qonayev Academic Campus Management» ЖШС басқарып келеді.
2025 жылғы 6 мамырдан бастап «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры қызметін атқаруда.