6В07088(9) – "IT және текстиль инженериясы"
1.Лицензия
2.Аккредиттеу
3.Білім беру бағдарламасы(ББ)
4.Жетістіктер
5.ОПҚ біліктілігін арттыру
2023-2024 оқу жылында "Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының біліктілікті жоғарылатуы







6.ОПҚ-ң еңбектері мен жобалары
«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасының ғылыми зерттеу жұмысы
Қазіргі уақытта кафедрада 1 техника ғылымдарының кандидаты, 5 PhD, 3 магистр, аға оқытушылар мен оқытушылар жұмыс істейді.
ҒЗЖ нәтижелерін жариялау:
2024 жылы ҒЗЖ нәтижелері бойынша барлығы 70 ғылыми мақалалар мен еңбектер жарияланды. Оның ішінде: импакт-факторы бар журналдарда (РҒДИ) – 5.
ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мақұлдаған журналдарда – 9.
Түрлі деңгейдегі ғылыми конференциялардың Еңбектер жинағында жарияланған мақалалар саны- 57.
Оның ішінде: ҚР халықаралық конференцияларында – 38. Студенттік конференцияларда – 19. Оқулықтар- 4, Оқу құралдары- 3, Өнертабысқа патенттер - 3. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері оқу процесіне, сондай-ақ өндіріске енгізіледі, бұл енгізу актілерімен расталады.
Кафедраның ғылыми бағыты
«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасының ғылыми жұмысы келесі мемлекеттік бюджеттік тақырып бойынша жүргізілуде:
Б-16-05-15 «Инновациялық тоқыма. Пішіндеу және безендіру принциптері». Жетекшісі: PhD, Бектурсунова А.К.
Жұмыстың мақсаты-аталған қасиеттерді математикалық модельдеу және компьютерлік технологияларды енгізу негізінде тоқыма және жеңіл өнеркәсіп материалдарының функционалдық және пайдалану қасиеттерін сапалы бағалау критерийлері мен әдістерін әзірлеу.
-
функционалды түрде математикалық модельдеу және оңтайландыру әдістері
-
тоқыма және жеңіл өнеркәсіп материалдарының тұтыну және пайдалану қасиеттері;
-
релаксациялық-қалпына келтіру және
-
тоқыма және жеңіл өнеркәсіп материалдарының деформациялық-пайдалану сипаттамалары;
-
тоқыма және жеңіл өнеркәсіп материалдарының функционалдық-тұтынушылық және пайдалану қасиеттерін сапалы бағалау критерийлерін әзірлеу;
-
тоқыма және жеңіл өнеркәсіп материалдарының функционалдық-тұтынушылық және пайдалану қасиеттерін математикалық модельдеудің оңтайлы интегралды өлшемдерін әзірлеу;
-
тоқыма және жеңіл өнеркәсіп материалдарының релаксациялық-қалпына келтіру және деформациялық-пайдалану сипаттамаларын анықтау әдістерін компьютерлендіру;
Қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жобалары
2024 жылы «ТМТжЖ» кафедрасында ҒЖЗ бойынша 3 жоба бар.
1) PhD, аға оқытушы Туракулов Б.Б. АР15473325 «Тоқыма өнеркәсібі үшін техногендік қалдықтардан хромитті пигментерін алу мүмкіндігін зерттеу» жобасын ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша 01.11.2022-31.12.2024ж. ұтып алды.
Жалпы қаржылатылған сомасы 18 464 670 тенге.




2) ТМТжЖ кафедрасында қаржыландырылған 1 ҒЗТКЖ жобасы бар: Эразмус REILEAP Өзбекстан-Қазақстандағы былғары және былғары бұйымдарын өндіру бойынша университеттердің әлеуетін арттыру 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP
Жоба серіктесі: М.Әуезов атындағы ОҚУ. Жоба менеджері: Елдияр Г.К.
REILEAP Қазақ Былғары Орталығының миссиясы – былғары өңдеу, былғары бұйымдары және аяқ киім материалдары салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді ілгерілету және өнеркәсіпте және онымен байланысты салаларда жұмыс істейтіндерге ЕО тәжірибесімен оқытуды қамтамасыз ету.
REILEAP Қазақ Былғары Орталығының миссиясы – былғары өңдеу, былғары бұйымдары және аяқ киім материалдары салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді ілгерілету және өнеркәсіпте және онымен байланысты салаларда жұмыс істейтіндерге ЕО тәжірибесімен оқытуды қамтамасыз ету.
Қаржыландырудың жалпы сомасы: 914 000 (тоғыз жүз он төрт мың) еуро


3) AP09260240 «Байланыс аймағында температураны реттеу мүмкіндігімен ағындардың құйынды өзара әрекеттесу әдісін әзірлеу және оның негізінде газ тазалау жүйелерін құру»
Қаржыландырудың жалпы сомасы: 41 199 922 теңге
Жетекші: А.Вольненко, орындаушы: А.А.Ешжанов
Кафедрамыздан 2025-2027 жылдарға арналған "Жас ғалым" жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына 2 жоба жіберіліп 1 жобаны жеңіп алды.
Сабырханова Салтанат Шалхарбаевна - АP22684790 «Жергілікті өсімдік сығындыларымен тоқыма және былғары бұйымдарын бояу технологиясын әзірлеу және оңтайландыру» тақырыбындағы жобасы жеңіске жетті.
Сабырханова Салтанат Шалхарбаевна - АP22684790 «Жергілікті өсімдік сығындыларымен тоқыма және былғары бұйымдарын бояу технологиясын әзірлеу және оңтайландыру» тақырыбындағы жобасы жеңіске жетті.






М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеттің Басқарма төрағасы-ректор, Ғылыми кеңестің төрағасы Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы биыл оқу ордасында жас ғалымдардың зерттеулерін қаржыландыру мақсатында алғаш рет «Zhas galym» университетішілік конкурсы өтіп, жас ғалым грант иегері Сабырханова Салтанат Шалхарбаевнаға сертификат салтанатты түрде берілді.





7.Академиялық ұтқырлық
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз