"М.Әуезов атындағы ЮҚУ студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы" атты сауалнама нәтижесі (2023-2024 оқу жылы)


«М.Әуезов атындағы ОҚУ  студенттерінің жатақханадағы 
тұрмыстық жағдайына қанағаттануы» атты сауалнамасының нәтижесі бойынша аналитикалық есеп  
(2023-2024 оқу жылы үшін)


      Ағымдағы жылдың 05.10 - 13.10.2023 ж. аралығында  университетіміздің «Әлеуметтік зерттеулер бөлімі» «ОҚУ-нің студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы» атты сауалнама өткізді.

Зерттеудің мақсаты:

     Студенттердің жатақханадағы әлеуметтік ахуал мен тұрмыс жағдайына көзқарасы, оны бағалауы, жатақханадағы жауапты қызметкерлермен қарым-қатынасы, жатақханадағы әлеуметтік-психологиялық жағдай, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуін сараптау, өйткені бұл жоғары оқу орнындағы оқытудың сапасына тікелей әсер етеді.

Зерттеудің міндеттері:

  • Жатақханадағы студенттердің тұрмыс жағдайына қанағаттануын бағалау;
  • Студенттердің сабақтан тыс уақыттағы және жатақханадағы тәрбие жұмысының орындалуын сараптау;
  • Жатақханада кездесетін  ең негізгі мәселелерді анықтау;
  • студенттердің өмір сүру деңгейін және олардың оқу қызметі үшін әлеуметтік көңіл-күй жағдайларын бағалау.

Зерттеу жүргізу объектілері: ОҚУ-нің  №1,2,4,5 және жекеменшік Ғ.Иляев көшесі №10/3 және 12/1 орналасқан        «Шарталь» ЖК-ның екі жатақханалары.

Сауалнаманы өткізудің әдісі: жатақханаларда тұратын студенттерге электронды сауалнама жүргізу. Сауалнамалық сұрақ-жауап.

Зерттеу объектісі бойынша жалпы сипаттама

       Зерттеу барысында ОҚУ-нің  №1, 2, 4, 5  жатақханаларында  тұратын барлығы 1164 студенттен 718 студент сауалнамаға қатысты. Сауалнамаға қатыстқан студенттердің үлесі  61,7%  құрады.

          29.11.2023 жылғы декан сағатының отырысында қаралды, №6 хаттама.


Хабарлама

Сауалнама 

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.