М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы (2022-2023 оку жылы)




«М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы» атты сауалнамасының нәтижесі бойынша аналитикалық есеп (2022-2023 оқу жылы үшін
Ағымдағы жылдың 26.09 - 05.10.2022 ж. аралығында университетіміздің «Әлеуметтік зерттеулер бөлімі» «ОҚУ-нің студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы» атты сауалнама өткізді.
Зерттеудің мақсаты:
Студенттердің жатақханадағы әлеуметтік ахуал мен тұрмыс жағдайына көзқарасы, оны бағалауы, жатақханадағы жауапты қызметкерлермен қарым-қатынасы, жатақханадағы әлеуметтік-психологиялық жағдай, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуін сараптау, өйткені бұл жоғары оқу орнындағы оқытудың сапасына тікелей әсер етеді.
Зерттеудің міндеттері:
- Жатақханадағы студенттердің тұрмыс жағдайына қанағаттануын бағалау;
- Студенттердің сабақтан тыс уақыттағы және жатақханадағы тәрбие жұмысының орындалуын сараптау;
- Жатақханада кездесетін ең негізгі мәселелерді анықтау;
- студенттердің өмір сүру деңгейін және олардың оқу қызметі үшін әлеуметтік көңіл-күй жағдайларын бағалау.
Зерттеу жүргізу объектілері: ОҚУ-нің №1,2,4,5 жатақханалары.
Сауалнаманы өткізудің әдісі: жатақханаларда тұратын студенттерге электронды сауалнама жүргізу. Сауалнамалық сұрақ-жауап.
Зерттеу объектісі бойынша жалпы сипаттама
Зерттеу барысында ОҚУ-нің №1, 2, 4, 5 жатақханаларында тұратын барлығы 1203 студенттен 731 студент сауалнамаға қатысты. Сауалнамаға қатыстқан студенттердің үлесі 60% құрады.
26.10.2022 жылғы декан сағатының отырысында қаралды. №4 хаттама.