7M07192 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7M07192 – Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7M07  Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7M071  Инженерия және инженерлік іс

 

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

M097 Химиялық инженерия және процестер

Оқыту тілі

қазақша, орыс

БББ көлемі

63 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Силикатты мен құрылыс индустриясы үшін терең кәсіби дайындықты меңгерген, интернационалдық ортада тиімді жұмыс істеуге және бәсекеге қабілетті жоғары білікті басқарушы кадрлар дайындау

Берілетін дәреженің атауы

«техника және технология магистрі»

Кәсібиқызмет саласы

-       ұйымдастыру - басқарушылық;

-       -өндірістік-технологиялық;

-       -есептік-жобалық;

-       ғылыми-зерттеу;

-       -сервистік-пайдалану

Оқыту нәтижелері

ОН1 Халықаралық ортада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін деңгейде шет тілі дағдыларын көрсете отырып, кәсіби салада қарым-қатынас жасау

ОН2 Басқару психологиясын, кәсіпорынды стратегиялық басқаруды ұйымдастырудың заманауи түсінігін және инновациялық менеджментті қолдана отырып, өндірісті басқару дағдыларын көрсету

ОН3 Заманауи технологиялардың даму тенденцияларын, ғылымның, техниканыңжәне силикаттар саласы өндірісінің жетістіктерін жинақтап, талдай отырып, өнімнің жаңа немесе жетілдірілген түрлерін әзірлеу

ОН4 Цемент, керамика, шыны өндірісінің оңтайлы құрамдары мен технологияларын жобалау, шикізатты таңдауды негіздеу, материалдардың қасиеттерін болжау, өндірістік мәселелерді талдау, практикалық инженерлік мәселелерді шешу

ОН5 Өндіріске технологиялық бақылауды жүргізіп, өндірістік ақаулардың болу мүмкіндігін жою және өнім сапасының тұрақтылығын арттырумен

цемент, керамика, композициялық материалдар мен шыны бұйымдарын синтездеу

ОН6 Ғылыми білімнің әдістемелік негіздерін қолдану және заманауи сынау әдістерін меңгере отырып, қолданыстағы стандарттар негізінде тұтастырғыш материалдардың, керамиканың және шыны бұйымдарының сапалық сипаттамаларын анықтаумен сараптамалық қорытынды беру

ОН7 Озық халықаралық тәжірибенің, заманауи ғылымның теориялық және технологиялық жетістіктерін меңгере отырып, энергия тиімді, экологиялық қауіпсіз және жаңа силикаттар өндірістері саласында кешенді шешімдер әзірлеу


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.