6B07220 Металлургия

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В07220 - «Металлургия»

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В07 – Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В072 – Өндірістік  және өңдеу салалары

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В071 – Таукен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Металлургия саласындағы іргелі теориялық білімі мен практикалық дағдылары, әдістері мен құралдары бар сұранысқа ие бакалаврларды дайындау

Берілетін дәреженің аталуы

«техника және технологиялар бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

Ғылым,  түсті және қара металлургиясы

Оқыту нәтижелері

ОН1 Академиялық жазу принциптерін және академиялық адалдық пен әдептілік мәдениетін ескере отырып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2  Жаратылыстану, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және инженерлік- техникалық білімдерін; мәліметтерді математикалық өңдеу әдістері, теориялық және тәжірибелік зерттеулер және кәсіптік саладағы экономикалық талдау элементтерін көрсету.

ОН3  Минералды шикізатты рационалды пайдалана отырып, металлургиялық процестердің физика-химиялық заңдылықтары туралы іргелі білімдерін қолдана отырып, түсті және қара металдар мен олардың қорытпаларын алу.

ОН4  Түсті және қара металлургия саласында модельдеу және ғылыми эксперимент жүргізу әдістемесін қолдана отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу.

ОН5 Шикізаттың, өнімдердің және өндіріс қалдықтарының сипаттамаларын, сараптамалық зерттеу әдістемесін, пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық үрдістерді, шикізатты дайындау, өңдеу әдістерін, қалдықсыз және ресурс үнемдейтін технологиялары мен әдістерін пайдалануға мүмкіндік беретін технологиялық регламенттерді әзірлеу.

ОН6 Металлургиялық өндіріс үрдістерін технологиялық кезеңдердің, параметрлердің және режимдердің реттілігін сақтай отырып басқару, бөлімдердің жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау.

ОН7 Технологиялық үрдістерді жүйелі талдау негізінде металл өндірісінің технологиялық үрдістерінің материалдық және жылу баланстарын құрастыру.

ОН8 Шикізаттық, энергетикалық және ресурстардың басқа да түрлерін рационалды пайдалана отырып, кешенді, энергия үнемдейтін, экологиялық таза және қауіпсіз металлургиялық технологияларды жасау.

ОН9 Жабдықты таңдаудың және негізгі есептеу әдістерін қолданып, қолданыстағы стандарттарды сақтап, технологиялық басқаруды цифрландыру және автоматты бақылау құралдарын пайдалана отырып, металлургиялық кәсіпорындарды жобалау.

ОН10 Өндіріс орындарын құру немесе қайта ұйымдастыру бойынша ұйымдастыру-жоспарлау есептерін жүргізу арқылы жобалық шешімдердің алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізу.

ОН11 Зерттеу, кәсіпкерлік және белгісіздік жағдайында жұмыс істеу дағдыларын қолдану; өмір бойы үздіксіз біліктілігін арттыру.

ОН12 Жеке, топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау, өз көзқарасын дұрыс қорғау, өндірістік мәселелер бойынша өз бетінше шешім қабылдау, аналитикалық және логикалық ойлау қабілетін көрсету.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.