6B07220 Металлургия

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В07220 - «Металлургия»

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В07 – Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В072 – Өндірістік  және өңдеу салалары

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В071 – Таукен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Металлургия саласындағы іргелі теориялық білімі мен практикалық дағдылары, әдістері мен құралдары бар сұранысқа ие бакалаврларды дайындау

Берілетін дәреженің аталуы

«техника және технологиялар бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

Ғылым,  түсті және қара металлургиясы

Оқыту нәтижелері

ОН1 Академиялық жазу принциптерін және академиялық адалдық пен әдептілік мәдениетін ескере отырып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2  Жаратылыстану, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және инженерлік- техникалық білімдерін; мәліметтерді математикалық өңдеу әдістері, теориялық және тәжірибелік зерттеулер және кәсіптік саладағы экономикалық талдау элементтерін көрсету.

ОН3  Минералды шикізатты рационалды пайдалана отырып, металлургиялық процестердің физика-химиялық заңдылықтары туралы іргелі білімдерін қолдана отырып, түсті және қара металдар мен олардың қорытпаларын алу.

ОН4 Түсті және қара металлургия саласында қазіргі заманғы ғылыми-тәжірибелік әдістерді және металлургиялық деректерді талдау үшін ЖИ-ті пайдалана отырып, сараптамалық зерттеулерді қоса алғанда, зерттеулер жүргізу, қорытындыларды тұжырымдау және сараптамалық қорытындыны дайындау арқылы зерттеу нәтижелерін түсіндіру.

ОН5 Табиғи және техногендік шикізатты ұтымды пайдалана отырып, кешенді, энергия үнемдеуші, экологиялық таза және қалдықсыз пиро- және гидрометаллургиялық технологияларды әзірлеу.

ОН6   Технологиялық қайта өңдеу кезеңдерінің, параметрлер мен режимдердің реттілігін сақтай отырып, металлургиялық өндірістік процестерді басқаруды қамтамасыз ету.

ОН7 Технологиялық үрдістерді жүйелі талдау негізінде металл өндірісінің технологиялық үрдістерінің материалдық және жылу баланстарын құрастыру.

ОН8  Жабдықтарды есептеу мен таңдаудың негізгі әдістерін қолдана отырып, қолданыстағы стандарттарды сақтай отырып, жасанды интеллект арқылы технологиялық басқаруды автоматты басқаруды және цифрландыруды қолдана отырып, металлургиялық зауыттарды жобалау.

ОН9   Бағдарламалау дағдыларын және үлкен деректер мен жұмыс істеуді ескере отырып, кейіннен автоматтандырылған және кибер-жүйелердің жұмыс қабілеттілігін бақылай отырып, статистикалық көрсеткіштерді өңдеу.

ОН10 Зерттеу, кәсіпкерлік және белгісіздік жағдайында жұмыс істеу дағдыларын қолдану; өмір бойы үздіксіз біліктілігін арттыру.

ОН11   Команда мүшесі ретінде жеке тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, өндірістік процестерді басқару және оңтайландыру үшін аналитикалық және жүйелі ойлауды көрсете отырып, өндірістік міндеттерді шешу бойынша өз бетінше әрекет ету.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос