7M06110 Информатика

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М06110 - Информатика

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7M06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7M061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

Ақпараттық технологиялар

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша құзыретті, ғылыми-жаратылыстану есептерін шешуде қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша білімге ие магистрлерді даярлау

Берілетін дәреженің аталуы

техника ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет саласыда экономиканың нақты салаларында ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласы, басқару, бизнес, білім және ақпаратты қорғау және өңдеу, сақтау, іздеумен айналысатын саласы болып табылады.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметте, ғылыми мақалаларды жазуда шет тілін білуін көрсету.

ОН2 Ғылым философиясының жағдайы мен категорияларына негізделе отырып, оның дамуының қазіргі кезеңінде ғылымда пайда болатын пәнаралық сипаттағы негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді талдау, әр түрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау.

ОН3 Ұйымда қызметкерлердің дамуы мен тиімді пайдаланылуын бағалау, жаппай мінез-құлықты басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгеру.

ОН4 Пәннің оқу-әдістемелік кешенін даярлау, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігін сыни бағалау, педагогикалық ғылым әдіснамасын пайдалану.

ОН5 Жобалық, жұмыс және технологиялық құжаттарды дайындау үшін білімді, заманауи әдістерді және бағдарламалық жобалау құралдарын қолдану қабілетін білу. Бағдарламалық қамтамасыз ету объектілері мен олардың әрекеттерінің басымдығын анықтау үшін пәндік зерттеу әдістерін қолдану. Бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды анықтау үшін жиналған мәліметтерді талдау.

ОН6  Заманауи модельдеу әдістері, компьютерлік және желілік технологиялар негізінде алынған нәтижелерді түрлендіру арқылы эксперименттік зерттеулерді жоспарлау, жүргізу, талдау, өңдеу. Компьютерлік техниканы және бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып шешімдерді әзірлеу мәселелерін талдау.

ОН7 Заманауи білім беру және ақпараттық технологияларды, компьютерлік жүйелерді пайдалана отырып, кәсіби проблемаларды білікті шешу. IT инфрақұрылымының өзара байланысты компоненттерінің жұмыс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ОН8 Әр түрлі бағдарламалық жасақтама үлгілерінің  жұмыс істеуі туралы білімдерді және инновацияларды жүйелі түрде қадағалау дағдыларын алу, белгілі нәтижелерге қол жеткізу үшін практикалық жұмыс барысында инновациялық тәсілдерді енгізу

ОН9 Математикалық, жаратылыстану және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласында кәсіптік эрудиция мен кең дүниетанымды игеру және оларды кәсіби қызметте қолдану


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.