8D11120 Мәдени-тынығу жұмысы

 

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

8D11120 Мәдени-тынығу жұмысы

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

8D11 Қызмет көрсету

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

8D111 Қызмет көрсету саласы

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

D144 Тынығу

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

180 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 

БББ мақсаты

Мәдени-тынығу жұмысы, мәдениет мекемелеріндегі менеджмент және маркетинг саласында ұйымдастырушылық-басқару, ғылыми-зерттеушілік, талдау және сараптау қызметін жүзеге асыруға, жоғары білім жүйесінде  ғылыми  және педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті, бәсекеге қабілетті жоғары білікті зерттеуші мамандарды даярлау

Берілетін дәреженің аталуы

PhD философия докторы

Кәсіби қызмет саласы

-  ғылым,  жоғары  және  жоғары  кәсіптік  білім  беру саласы;

-   әлеуметтік-гуманитарлық білімдер,  мәдени-тынығу  қызметінің  теориясы  мен тәжірибесі саласы;

-   мәдени саясат  пен   басқару салалары;

-  әлеуметтік-мәдени  менеджмент және  маркетинг  саласы;

-  әлеуметтік-мәдени  шығармашылық,   бос уақыт,  рекреация саласы;

мәдени-тынығу  және   білім беру  мекемелеріндегі,  қосымша  білім  беру  ұйымдарындағы  оқу-тәрбие  жұмысы.

Оқыту нәтижелері

ОН1. Қазіргі әлеуметтік-мәдени саладағы   негізгі ғылыми және әдістемелік мәселелерді талдау, мәдени-тынығу жұмысындағы әртүрлі фактілер мен құбылыстардың пәндік,  әдіснамалық  ерекшеліктерін  талдау.

ОН2. Мәдени-тынығу қызметінің тарихы, теориясы мен технологиясы мәселелері бойынша шетелдік және қазақстандық ғылыми  тұжырымдамаларды салыстыру негізінде зерттеудің түрлі  әдіснамасын қолдану.

ОН3. Кәсіби және тұлғалық даму мәселелерін шешу үшін зерттеу құралдарын таңдау және қолдану, зерттеу нәтижелерін түсіндіру.

ОН4. Қазақстан Республикасының мәдени саясаты саласында теориялық, әдіснамалық, құқықтық негіздерді  сараптау;

ОН5. Мәдени-тынығу жұмысы саласында әлеуметтік-экономикалық үрдістерді болжау әдістерін қолдану.

ОН6. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі  білім беру  тәжірибесіне  оқу-әдістемелік, ғылыми  әзірлемелерді  енгізу  жолдарын  жобалау, жоғары мектеп педагогының ғылыми жұмысын сыни тұрғыдан бағалау, педагогикалық құбылыстардың сипатын талдау.

ОН7. Әлеуметтік-мәдени саладағы өзекті  мәселелерге кәсіби  талдау  жүргізу  барысында  өз  көзқарастарын негіздеу және дәлелдемелік базаны қамтамасыз ету, әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға арналған жобалар мен бағдарламаларды  дайындау  және сараптау.

ОН8. Заманауи  ақпараттық -  коммуникациялық технологияларды  пайдалана отырып, ғылыми ақпараттар  іздеу  мен әлеуметтік-мәдени қызметке инновациялық технологияларды енгізудің, ғылыми және әдістемелік материалдарды дайындаудың   тиімді  жолдарын әзірлеу.

ОН9. Ғылыми зерттеулер мен жарияланымдарда академиялық адалдық қағидалары мен мәдениетін, принципшілдікті қолдану.

ОН10. Тұлғааралық, мәдениетаралық коммуникация мәселелерінде тиімді стратегияларды біріктіре отырып, әлеуметтік-мәдени саладағы теориялық және практикалық пәндерге сараптама жүргізу.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.