8D11210 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
8D11210 - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
8D11 Қызмет көрсету |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
8D112 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
D146 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар |
Оқыту тілі |
қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
180 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
БББ мақсаты |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында кәсіби құзыреті бар ғылыми-зерттеу секторы үшін PhD докторларын даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
PhD философия докторы |
Кәсіби қызмет саласы |
- тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, - ғылым - білім |
Оқыту нәтижелері |
ОН1. Эксперименттік зерттеулер мен олардың нәтижелерін орындау кезінде ақпараттық технологияларды қолдану, ақпараттық процестердің басқарушылық шешімдерін қалыптастыру және ғаламдық компьютерлік желілерде ақпаратпен жұмыс істей білу. ОН2. Өндірістік қалдықтардың экологиялық, экономикалық және әлеуметтік салдарын және олардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту шараларын ұсына отырып, кәдеге жаратудың қолданылатын әдістерін сыни тұрғыдан талдау, бағалау. ОН3. Халықты өрт, өнеркәсіптік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік қауіптерінен қорғау үшін техника және технологиялық процестер жұмысының қауіпсіздігін ұйымдастыруға басшылық жасау. ОН4. Академиялық жазу және ғылыми этика қағидаттарын қолдана отырып, ұлттық және халықаралық деңгейде нәтижелерін жариялай отырып, тіршілік және қоршаған орта қауіпсіздігі саласындағы өзіндік зерттеулерімен ғылыми үлес қосу. ОН5. Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер мен ғылыми әдістердің заманауи әдіснамасын тиімді пайдалану. ОН6. Тәуекелді азайту және еңбек жағдайларын жақсарту шараларын ұсына отырып, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың адам денсаулығына әсерін бағалау және талдау. |