7M07342 Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7M073 Сәулет және құрылыс

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

M125 Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі

Оқыту тілі

Қазақша, Орысша

БББ көлемі

60 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Өндірістік – технологиялық қызметке, құрылыс материалдарын өндірудің жаңа әдістерін жасау және қолданыстағыларын жетілдіру саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге дайын технолог инженерін дайындау.

Берілетін дәреженің аталуы

техника және технология магистрі

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет саласы құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру жөніндегі өнеркәсіптік кәсіпорындар, шикізат материалдары мен дайын бұйымдардың сапасын бақылау, нормативтік талаптарға сәйкес дайын өнімді зертханалық сынау, тұрғын, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және реконструкциялау кезіндегі конструкциялар мен материалдардың жай-күйін сараптау болып табылады.

Оқыту нәтижелері

ОН1  Іргелі ғылыми және кәсіби дайындыққа ие болу, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін қоса алғанда, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды игеру, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру технологияларын жобалау кезінде математикалық модельдеу білімін қолдану.

ОН2 Әлемде және Қазақстанда құрылыс индустриясын дамытудың қазіргі заманғы үрдістерін талдау, құрылыс материалдары мен бұйымдары өндірісі саласында неғұрлым тиімді бағыттарды қолдану, құрылыс материалдары өндірісіндегі негізгі проблемаларды өз бетінше бағалау.

ОН3 Озық ғылыми әдістер мен техникалық құралдарды енгізу және оларды өндірістік және технологиялық міндеттерді жедел шешу үшін қажетті деңгейде пайдалану. Технологиялық желілерді әзірлеу және құрылыс материалдарын, оның ішінде қалдықтардан өндіруді басқару.

ОН4  Көп компонентті жүйеде болатын құбылыстар мен процестерді зерттеу әдістемесін меңгеру. Құрылыс материалдарын синтездеу процестерінің негізгі физикалық және химиялық заңдылықтарын, технологиялық операциялардың кезектілігін оңтайлы технологиялық режимдер мен процестерді әзірлеумен сыни талдау.

ОН5 Құрылыс материалдарын өндіру саласында технологияларды енгізу және коммерцияландыру элементтерін пайдалана отырып, жобалау-конструкторлық, ғылыми-зерттеу, өнертапқыштық, инновациялық қызметті тәжірибеге енгізу.

ОН6 Құрылыс индустриясында, технологиялық жабдықтар жүйелерінде, құрылыс материалдарын өндіруде қалдықсыз технологияларды жасау кезінде ғылым мен техниканың жаңа даму бағыттарын және жетістіктерін пайдалану.

ОН7 Техникалық және экологиялық қауіпсіздікті, адамның тіршілік әрекетін қорғауды, нормативтік құжаттарды әзірлеу процесіндегі құқықтық нормалар мен экономикалық проблемаларды, оның ішінде мемлекеттік тілде, бетон және керамикалық құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық бөліністерінің қауіпсіздік деңгейін декларациялау кезінде бағалау.

ОН8 Шикізатты дайындаудың, қалыптаудың және жылумен өңдеудің жоғары технологиялық процестерін өндірісті басқаруға енгізу және құрылыс материалдарын өндіруге зияткерлік, бұрын пайдаланылмаған технологиялар мен техниканы жүзеге асыру.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.