8D07220 Металлургия
БББ ПАСПОРТЫ
|
БББ атауы |
8D07220 Металлургия |
|
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
|
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
8D072 Өндірістік және өңдеу салалары |
|
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
D117 Металлургиялық инженерия |
|
Оқыту тілі |
Орыс |
|
БББ көлемі |
180 кредит |
|
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
|
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
|
БББ мақсаты |
Терең ғылыми және педагогикалық білімі бар, түсті және қара металдар металлургиясы саласында ғылыми, педагогикалық және өндірістік қызметті жоспарлай және жүзеге асыра алатын ғылыми кадрларды - PhD докторларын даярлау. |
|
Берілетін дәреженің аталуы |
PhD философия докторы |
|
Кәсіби қызмет саласы |
Металлургия, түсті және қара металлургия өндірісінің ғылыми-зерттеу мекемелері, мамандық бейіні бойынша жоғары оқу орындары кәсіби қызмет саласы болып табылады. |
|
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Түсті және қара металлургия саласындағы жаңа идеялар мен технологиялық жетістіктерді объективті талдау, сыни тұрғыдан бағалау, академиялық жазу стилінде зерттеу нәтижелерін жоспарлау және жариялау дағдыларын меңгеру. ОН2 Технологиялық параметрлерді оңтайландыру арқылы техногендік қалдықтарды өңдеу бойынша теориялық және қолданбалы зерттеулерде қолданылатын дағдылар мен әдістерді меңгеру. ОН3 Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы металлургия өнеркәсібінің дамуының қазіргі тенденцияларына талдау жасау, түсті және қара металлургия саласындағы негізгі проблемаларды бағалау, өндіріске перспективалы, тиімділігі жоғары технологиялар мен жабдықтарды енгізуге ықпал ету. ОН4 Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негізінде алынған нәтижелерді математикалық өңдеу арқылы заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. ОН5 Кәсіби қызметте стандартты емес жағдайларда жедел басқару және техникалық шешімдер қабылдау кезінде көшбасшылық қасиеттерді, шығармашылық пен логикалық, жүйелі ойлауды көрсете отырып, ұжымды тиімді басқару. ОН6 Инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, кәсіптік салада оқыту мен педагогикалық қызметті жүзеге асыру. ОН7 Цифрлық модельдеу және жасанды интеллект негізінде металлургиялық процестерді болжау және оңтайландыру әдістерін меңгеру. ОН8 Ғылыми зерттеулердің тиімділігін экономикалық талдау және жаңа инновациялық технологияларды енгізу әдістерін меңгеру. ОН9 Технологиялық таным шекараларын кеңейте отырып, өз білімдерін қоғамдастыққа жеткізіп, өз идеяларын қалыптастыру мен оларды басқару арқылы металлургия саласындағы озық инновациялық жобаларды енгізу. |
