8D07220 Металлургия

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

8D07220 Металлургия

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

8D072 Өндірістік және өңдеу салалары

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

D117 Металлургиялық инженерия

Оқыту тілі

Орыс  

БББ көлемі

180 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 

БББ мақсаты

Терең ғылыми және педагогикалық білімі бар, түсті және қара металдар металлургиясы саласында ғылыми, педагогикалық және өндірістік қызметті жоспарлай және жүзеге асыра алатын ғылыми кадрларды - PhD докторларын даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

PhD философия докторы

Кәсіби қызмет саласы

Металлургия, түсті және қара металлургия өндірісінің ғылыми-зерттеу мекемелері, мамандық бейіні бойынша жоғары оқу орындары кәсіби қызмет саласы болып табылады.

Оқыту нәтижелері

ОН1. Түсті және қара металлургия саласындағы жаңа идеялар мен технологиялық жетістіктерді объективті талдау, сыни тұрғыдан бағалау, академиялық жазу стилінде зерттеу нәтижелерін жоспарлау және жариялау дағдыларын меңгеру.

ОН2. Технологиялық параметрлерді оңтайландыру арқылы техногендік қалдықтарды өңдеу бойынша теориялық және қолданбалы зерттеулерде қолданылатын дағдылар мен әдістерді меңгеру.

ОН3. Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы металлургия өнеркәсібінің дамуының қазіргі тенденцияларына талдау жасау, түсті және қара металлургия саласындағы негізгі проблемаларды бағалау, өндіріске перспективалы, тиімділігі жоғары технологиялар мен жабдықтарды енгізуге ықпал ету.

ОН4. Ақпараттық технологиялар негізінде зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, кәсіби қызметті жүзеге асыру.

ОН5. Кәсіби қызметте стандартты емес жағдайларда жедел басқару және техникалық шешімдер қабылдау кезінде көшбасшылық қасиеттерді, шығармашылық пен логикалық, жүйелі ойлауды көрсете отырып, ұжымды тиімді басқару.

ОН6. Инновациялық технологиялар негізінде кәсіби салада педагогикалық қызметті жүзеге асыру.

ОН7. Математикалық, термодинамикалық модельдеуге негізделген металлургиялық процестерді болжау және оңтайландыру әдістерін меңгеру.

ОН8. Ғылыми зерттеулердің тиімділігін экономикалық талдау және жаңа инновациялық технологияларды енгізу әдістерін меңгеру.

ОН9. Ғылыми әзірлемелерді практикалық қызметке енгізу, өзіндік жаңа идеяларды тудыру, өз білімі мен идеяларын қоғамға жеткізу және ұсыну, ғылыми білімнің шекарасын кеңейту.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.