7M04113 Аграрлық экономика

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М04113-Аграрлық экономика

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М04 - Бизнес, басқару және құқық

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М041 - «Бизнес және басқару»

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М070 Экономика

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Аграрлық сектор өндірісінің ерекшеліктерін, цифрлық ортаға ықпалдасуды және табиғатты ұтымды пайдалануды ескере отырып, аграрлық экономика саласына магистрлерді даярлау

Берілетін дәреженің аталуы

«Экономика ғылымдарының магистрі»

Кәсіби қызмет саласы

-  аграрлық ведомстволардың экономикалық, басқару, консультациялық, сараптамалық, қаржылық, өндірістік-экономикалық және талдау қызметтері, АӨК басқару органдары және әртүрлі меншік нысанындағы аграрлық ұйымдар,

-  аграрлық экономика саласындағы мемлекеттік және жергілікті билік органдары;

-  аграрлық экономикадағы экономикалық және басқарушылық міндеттерді шешуге байланысты ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары;

-         жоғары және қосымша кәсіби аграрлық білім беру жүйесінің мекемелері

Оқыту нәтижелері

ОН1 Кәсіби салада және көптілді ортада тұлға аралық және мәдениет аралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша нысанда іскерлік және ғылыми коммуникациялар құру.

ОН2 Негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді, оның ішінде ғылымда оның дамуының қазіргі кезеңінде туындайтын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау, ғылым философиясының ережелері мен категорияларына сүйене отырып, әртүрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау

ОН3 АӨК саласындағы инновациялық қызмет нәтижелерін болжауды ескере отырып, инновациялық қайта құрулар мен процестерді жоспарлау.

ОН4 Ғылыми негізделген қорытындыларды тұжырымдау және басқару шешімдерін қабылдау үшін әртүрлі ақпарат көздерімен, соның ішінде ресми статистикалық деректерді пайдалана отырып, дербес жұмыс жасай отырып, агробизнес саласындағы экономикалық субъектілердің қызметін талдау

ОН5 Аграрлық экономика саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми ақпараттың үлкен массивтерімен жұмыс жасай отырып, ғылыми-зерттеу қызметін жүргізудің жалпы ғылыми әдіснамасын, логикасын және технологиясын пайдалану негізінде олардың нәтижелерін пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу

ОН6 Экономикалық процестер мен құбылыстардың дамуын модельдеу және болжау, белгісіздік пен тәуекел факторын ескере отырып, агробизнес саласындағы олардың экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін АӨК субъектілерін дамытудың оңтайлы стратегияларын және жобалық шешімдерді әзірлеу

ОН7 Оқу-тәрбие процесін диагностикалау негізінде экономикалық пәндерді оқытудың заманауи әдістері мен әдістемелерін қолдану

ОН8 Әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толеранттылықпен қабылдай отырып, адамдарды және олардың әрекеттерін олардың психологиясын, қабілеттері мен мотивациясын ескере отырып басқару

ОН9 Ресурстарды үнемдеу қағидаттары мен экономикалық жүйелерді дамытудың тұрақтылығы негізінде ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.