8D07110 Автоматтандыру, басқару және деректерді цифрлы өңдеу жүйелері

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

8D07110 Автоматтандыру, басқару және деректерді цифрлы өңдеу жүйелері

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

8D071 Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

D100 Автоматтандыру және басқару

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

180 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 

БББ мақсаты

"Автоматтандыру, басқару және деректерді цифрлы өңдеу жүйелері" білім беру бағдарламасы "Инженерия және инженерлік іс" бағыты бойынша құзыретті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.

Берілетін дәреженің аталуы

PhD философия докторы

Кәсіби қызмет саласы

-ғылыми-өндірістік орталықтардағы, ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылыми және басқару қызметі;

- Білім және ғылым министрлігінің, басқа министрліктердің, түрлі деңгейдегі әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелеріндегі басқару қызметі.

жоғары оқу орындарындағы педагогикалық қызмет, эксперименттік-зерттеу, жобалау ұйымдарындағы және өндірістегі өндірістік қызмет; мамандануына сәйкес білім беру саласындағы және қызметкерлердің біліктілігін арттыру саласындағы өндірістегі эксперименттік-зерттеу қызметі.

Оқыту нәтижелері

ОН1. Өнеркәсіптің түрлі салаларында технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерінің немесе деректерді цифрлы өңдеу жүйелерінің функционалдық сұлбаларын құру әдістерін білу және түсіну..

ОН2. Автоматтандырылған басқару жүйелерінің немесе деректерді цифрлы өңдеу жүйелерінің техникалық қамтамасыз етуді дамытудың қазіргі заманғы тенденцияларын білу және түсіну.

ОН3. Өнеркәсіптің түрлі салаларында автоматтандырылған басқару жүйелерін немесе деректерді цифрлы өңдеу жүйелерін пайдалануды, монтаждауды және баптауды сүйемелдейтін стандарттарды, әдістемелік және нормативтік материалдарды білу және түсіну.

ОН4. Теориялық және практикалық білімді қолдана отырып, кәсіби міндеттерді шешудің әр түрлі нұсқаларының ұсыныстарын өз бетінше әзірлеу және дайындау үшін алынған білімдер мен түсініктерді қолдану.

ОН5. Автоматтандырылған басқару жүйелері үшін немесе деректерді цифрлы өңдеу жүйелері үшін техникалық құралдарды әзірлеу, жобалау, монтаждау және баптау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін алынған білім мен түсініктерді қолдану.

ОН6. Кәсіби қызмет саласында қолданылатын ақпаратты (соның ішінде зияткерлік) жинау, сақтау және өңдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін алынған білім мен түсініктерді қолдану.

ОН7. Технологиялық процестерді басқарудың заманауи автоматтандырылған жүйелері немесе деректерді цифрлы өңдеу жүйелері туралы пікір қалыптастыру.

ОН8. Автоматтандыру жүйелерін немесе деректерді цифрлы өңдеу жүйелерін салыстырмалы талдау және бағалау үшін, оның ішінде жасанды интеллект әдістерін қолдана отырып, бағдарламалық құралдарды пайдаланудың қазіргі заманғы тәсілдері туралы пайымдауларды қалыптастыру.

ОН9. Өндірістік процестерді автоматтандыру кезінде немесе деректерді цифрлы өңдеу жүйелерінде қолданылатын автоматтандыру жүйелерінің немесе деректерді цифрлық өңдеу жүйелерінің заманауи техникалық қамтамасыз етуі (датчиктер, атқарушы механизмдер, микроконтроллерлер, мамандандырылған микропроцессорлар және т.б.) туралы пайымдауларды қалыптастыру.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.