6B01540 Химия

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В01540   Химия

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В01 Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6B015 Жаратылыстану және ғылыми пәндер бойынша мұғалімдерді дайындау

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В012 Химия мұғалімдерін дайындау

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Оқытудың инновациялық технологияларын қабылдауға және қолдануға қабілетті және білім беру мекемелерінде зияткерлік, адамгершілік, шығармашылық және дене бітімі дамыған оқушыларды қалыптастыруға қабілетті химиялық білім беру саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті бакалаврларды даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

 «Білім бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

 білім беру саласы;

 

Оқыту нәтижелері

ОН1. Академиялық жазу және академиялық адалдық принциптерін түсіне отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлесу.

ОН2. Оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сәйкес оқыту әдістері мен бағалау құралдарын анықтайтын сабақ жоспарларын құрастыру.

ОН3. Ақпаратты ақпараттық және есептеу сауаттылығымен талдау.

ОН4. Химиялық процестер мен құбылыстардың ағымының негізгі заңдылықтарын түсіндіру, химияның заңдары мен теорияларын қолдану.

ОН5. Химия пәні бойынша оқу үдерісін жетілдіру бойынша өзекті зерттеулердің нәтижелерін зерделеу.

ОН6. Химия тарихы мен химияның қазіргі даму тенденциялары, химияны оқыту әдістемесі бойынша алған білімдерін пайдалана отырып, оқу бағдарламаларын, оқыту және дамыту әдістерін жасау.

ОН7. Пәндік байланыстарды, химияның ғылыми-техникалық прогреспен байланысын пайдалана отырып, химиядан оқу сабақтарын өткізу.

ОН8. Химиялық тәжірибелер жүргізу және құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып, заттардың құрылымы, құрамы және физика-химиялық қасиеттері арасында себеп-салдарлық байланыс орнату.

ОН9. Тәрбие жұмысының әдістемесінің негіздері, тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары бойынша білімдерін пайдалана отырып, студенттер арасында салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

ОН10. Зерттеу, кәсіпкерлік және жұмыс істеу дағдыларын белгісіздік жағдайларында пайдалану.

ОН11. Ресми, бейресми және ақпараттық түрде кәсіби үздіксіз білімді жоспарлау арқылы кәсіби қызметті жетілдіруге өз қажеттіліктерін анықтау.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.