6B03110 Халықаралық қатынастар

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В03110-Халықаралық қатынастар

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және  ақпарат

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В031 Әлеуметтік ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В140 Халықаралық қатынастар және дипломатия

Оқыту тілі

қазақ, орыс,ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

халықаралық қатынастар саласында іргелі білімді қолдана алатын, кешенді мәселелер мен халықаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талдаудың базалық дағдыларына ие бәсекеге қабілетті бакалаврларды дайындау.

Берілетін дәреженің аталуы

әлеуметтік білімдер бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет саласы халықаралық қатынастарда мемлекеттің мүдделерін қорғау, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктерге қатысу және қызмет көрсету болып табылады.

Оқыту  нәтижелері

ОН1 Академиялық жазу және академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және шет тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік - мәдени, кәсіби дамуды көрсету.

ОН3 Коммуникациялық, ақпараттық және компьютерлік сауаттылыққа, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілетіне ие болу.

ОН4 Халықаралық қатынастар тарихының әртүрлі кезеңдерін, мемлекеттердің өзара қарым-қатынасындағы өзекті мәселелерді, интеграциялық процестерді, халықаралық конвенцияларды, геосаяси жағдайды талдау, маңызды халықаралық және аймақтық проблемаларға бағдарлану.

ОН5  Халықаралық қатынастардың негізгі теорияларын, ҚР сыртқы саясатындағы көпжақты және интеграциялық дипломатия процестерін, халықаралық қатынастардың әлемдік саяси жүйесінің олардың тарихи, гуманитарлық, экономикалық және құқықтық шарттылығындағы дамуын түсіну.

ОН6 Кәсіби қызметте дипломатиялық құжаттама және келіссөздер технологияларын жүргізу дағдыларын қолдану.

ОН7 Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың, халықаралық тәртіптің жай-күйі мен дамуын, ҚР сыртқы саясаты мен дипломатиясының даму перспективаларын, әлемдік қоғамдастық пен Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты талдау.

ОН8 Әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастардың қазіргі тенденциялары мен проблемаларын, олардың ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына әсерін талдау.

ОН9 Дипломатиялық және консулдық қызметте дипломатиялық және іскерлік қарым-қатынасты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін дипломатияның, дипломатиялық этикеттің және хаттаманың негізгі ережелерін пайдалану.

ОН10 Дипломатиялық қызмет нәтижелерінің тиімділігін, ҚР мен шет елдердің халықаралық, өңірлік саясаты мен қауіпсіздігінің негізгі бағыттарын бағалау.

ОН11 Мамандандыру аймағы мемлекеттерінің сыртқы саясатын қалыптастыруға әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау.

ОН12 Жеке және команда мүшесі ретінде жұмыс істей білу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, халықаралық қатынастар саласында қарым-қатынас қабілеттерін дамыту.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.