6B07242 Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6B07242 Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В072 Өңдірістік және өңдеу салалары

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Сүт және сүт өнімдерін өндіру технологиясы саласындағы өндірістік міндеттерді құзыретті шеше алатын, сұранысқа ие, бастамашыл, еңбек нарығының өзгермелі талаптарына бейімделген бакалаврларды дайындау

Берілетін дәреженің аталуы

Техника және технология бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

- тамақ өнеркәсібі саласы;

- сүт өнеркәсібі саласы;

- сүт өнеркәсібі саласындағы бизнес.

Оқыту нәтижелері

ОН1  Кәсіби қызметте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар мен коммуникацияның заманауи жетістіктеріне негізделген дағдыларды қолданады.

ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, Академиялық адалдық пен әдептілікті қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсетеді.

ОН3 Әлеуметтік, кәсіби және физикалық даму және өзін-өзі жетілдіру қабілетін көрсетеді.

ОН4 Кәсіби қызметте ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін және ақпараттық және компьютерлік технологияларды қолданады.

ОН5 Кәсіби қызметте тамақ кәсіпорындарының технологиялық процестерін ұйымдастыру принциптерін қолданады.

ОН6 Кәсіби қызметте сүт өнімдерін әзірлеу, өңдеу, өндіру және сапасын арттыру және адамның тамақтануын ұйымдастыру үшін заманауи әдістерді, процестер мен технологияларды қолданады.

ОН7 Сүт шикізаты мен сүт өнімдерін өндірудің, сақтаудың және тасымалдаудың технологиялық процестерін жетілдіреді.

ОН8 Сүт және сүт өнімдерін өндіру саласындағы нормативтік құжаттар негізінде тамақ шикізаты мен өндірілетін тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады.

ОН9 Азық-түлік сүт кәсіпорындарының техникалық реттеу, өлшеу, стандарттау, сертификаттау, метрология, өндірістік және экономикалық қызметін басқару салаларында жұмыстарды ұйымдастырады.

ОН10 Азық-түлік өндірісіндегі еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, тіршілік қауіпсіздігі және өндірістік санитария саласындағы құзыреттілікті көрсетеді.

ОН11 Сүт өнеркәсібі кәсіпорындарын жоспарлау және жобалау дағдыларын көрсетеді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.