7M07253 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің қауіпсіз технологиялары

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М07253 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің қауіпсіз технологиялары

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М072 Өндірістік және өңдеу салалары

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М111 Тамақ өнімдерін өндіру

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің қауіпсіз технологияларын пайдалана отырып, тамақ өндірісі саласындағы ғылыми-тәжірибелік сипаттағы өзекті мәселелерді шешуге қабілетті оқытушылық, ғылыми-зерттеу және өндірістік қызмет үшін жоғары білікті кадрларды даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

Техника ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызмет саласы

тамақ өнеркәсібі, орта арнаулы және жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары және тамақ өндірісін жобалаумен айналысатын жобалау ұйымдары

Оқыту нәтижелері

ОН1 Ғылым философиясының ережелеріне сүйене отырып, қазіргі ғылымның негізгі дүниетанымы және әдіснамалық мәселелерін, сондай-ақ фактілер мен құбылыстарды талдайды.

ОН2 Ғылыми мәтіндерді құрастыру, ғылыми пікірталастарда ғылыми зерттеу нәтижелерін хабарлау және қорғау кезінде арнайы мамандандырылған лексиканы және шет тілін қолданады.

ОН3 Білім беру ұйымдарында және тамақ өнімдерін өндіру кәсіпорындарында жұмыс күшін басқаруда психология саласындағы заманауи білімді пайдаланады.

ОН4 Тамақ өндірісі саласында кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын меңгергендігін көрсетеді.

ОН5 Функционалды бағыттағы тамақ өнімдерін өндіру, сақтау және орау үшін инновациялық технологияларды дайындайды.

ОН6 Халықаралық сапа стандарттарын ескере отырып, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша оңтайлы шешімді өз бетінше қабылдайды.

ОН7 Қазіргі заманғы физика-химиялық және сенсорлық талдау әдістерін пайдалана отырып, өндірістік бақылауды және тамақ өнімдері мен шикізаттың сапасын бағалауды ұйымдастырады.

ОН8 Тамақ өнімдерін өндіруге арналған технологиялық жабдықтарды жобалау, пайдалану және оңтайландыру туралы білімін көрсетеді.

ОН9 Азық-түлік кәсіпорындарының тиімділігін талдауды ескере отырып, қауіпсіз тамақ өнімдерін өндіру үрдістерін басқарады.

ОН10 Ауыл шаруашылығы шикізатынан инновациялық және қауіпсіз азық-түлік өнімдерін жасау бойынша өзінің теориялық және тәжірибелік зерттеулерінің нәтижелерін сыни тұрғыдан бағалайды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.