7M02220 Тарих
БББ ПАСПОРТЫ
| БББ атауы | 7М02220 Тарих | 
| Білім беру саласының коды мен жіктелуі | 7М02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 
| Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі | 7M022 Гуманитарлық ғылымдар | 
| Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы | М053 Тарих | 
| Оқыту тілі | Қазақ, орыс | 
| БББ көлемі | 120 кредит | 
| Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері | - | 
| Серіктес-ЖОО (ҚББ) | - | 
| БББ мақсаты | Сыни ойлау мен талдауға ие, тарих ғылымы саласында ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу жүргізуге дайын гуманитарлық ғылым саласында жоғарғы білікті магистр мамандарды даярлау | 
| Берілетін дәреженің аталуы | Гуманитарлық ғылымдар магистрі | 
| Кәсіби қызмет саласы | - білім беру мекемелері; - ғылыми сала; - қоғамдық-саяси және мәдени сала | 
| Оқыту нәтижелері | ОН1 қоғаммен және кәсіби ортада шет тілінде үйлесімді қарым-қатынас жасай алатын, ғылыми қоғамда өз идеясын еркін жеткізіп, шынайы деректерді оқи алу; ОН2 кәсіби қызметінде тарихи танымды, ғылым философиясын және тарих ғылымының концептуалды жағдайларын қолдану; ОН3 командалық жұмысты басқаруға қажетті педагогика мен психологияның әдістерін меңгере отырып, ұжымның мүшелерімен және зерттеу іс-әрекетінде жемісті қарым-қатынас жасау; ОН4 тарих ғылымы саласында пәнаралық әдістерді пайдалана отырып ғылыми зерттеулерді сыни талдау және өңдеу; ОН5 заманауи ақпараттық технологияларды тарта отырып отандық және әлемдік тарих ғылымының өзекті мәселелері бойынша тарихнаманы және архив құжаттарын деректанулық талдау; ОН6 түркі әлеміндегі және Қазақстандағы интеграциялық үдерістердің негізгі кезеңдерін және саяси, әлеуметтік-демографиялық заңдылықтарын кешенді зерттеу; ОН7 ауызшы тарих, күнделікті өмір тарихы және жергілікті тарих ғылыми бағытының қазіргі заманғы әдіснамалық принциптерін, концепцияларын меңгеру; ОН8 Евразиядағы саяси үдерістердің негізгі заңдылықтарын, Орталық Азия елдері мен Қазақстанның ұлттық-мәдени дамуын бағамдау және салыстыру. | 
 
 
 














