6B01111 Практикалық психология

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В01111 Практикалық психология

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В01 Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6B011 Педагогика және психология

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В001 Педагогика және психология

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 -

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

БББ мақсаты

Еңбек нарығында сұранысқа ие психологиялық ғылымдар мен психотехнологиялар саласында кәсіби құзыреттілікке ие бәсекеге қабілетті педагог-психологтарды даярлау

Берілетін дәреженің аталуы

«Білім бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

- білім беру саласы;

- психологиялық қызмет көрсету;

- әлеуметтік сала;

Оқыту нәтижелері

ОН1 Әлемдік мәдениеттің қоғам қайраткерлерінің идеяларын аша отырып, әлеуметтік ғылымдардың негізгі заңдылықтарын терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымды көрсетеді.

ОН2 Тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби комуникацияның әртүрлі салаларындағы үрдістерді бағалайды, тұлғаның әлеуметтік-мәдени дамуы туралы білімді қолдана отырып, дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымын көрсетеді.

ОН3 Құқықтық және экологиялық мәдениетті танытатын, қоғамның әлеуметтік даму тенденцияларын талдайтын, қоғамдық сананы, көрнекті мәдениет және ғылым қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын жаңғыртушы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзіндік сана-сезімін көрсете отырып, болашақ педагогтың кәсіби құзыреттіліктерін меңгереді.

ОН4 Қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде коммуникацияларды қалыптастырады, өмірдің барлық салаларында заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, әртүрлі құжаттамалармен жұмыс істеу дағдыларын, ғылыми-зерттеу дүниетанымын көрсетеді.

ОН5 Білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету әдебі мен қағидаттарын, жайлы және қауіпсіз білім беру ортасының талаптарын сақтай отырып, әлеуметтену, оқыту, норматиптік балалар мен ЕБҚ бар балаларды дамыту процестерін психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламаларын жасайды.

ОН6 Студенттердің жас ерекшеліктерін және жеке ерекшеліктерін ескеру, диагностика нәтижелерін өңдеу, жеке тұлғаны дамытудың психокоррекциялау бағдарламасын қолдану, тиісті әдістерді таңдау арқылы студенттердің ерекшеліктеріне кешенді психодиагностикалайды;

ОН7 Психологияның қолданбалы мәселелерін шешу үшін, білім беру процесін ұйымдастыруда жалпы психологияның әдіснамасын ескере отырып, әртүрлі психологиялық мектептердің, бағыттардың, тұлғаның ғылыми теорияларының әдістемелік диагностикалық және дамытушы құралдарын қолданады.

ОН8 Практикалық психологияның өзекті бағыттарын қолдана отырып, кәмелетке толмағандар мен білім беру процесіне қатысушылардың деструктивті мінез-құлқының әртүрлі нысандарының тәуекелдерін азайту әдістерін қолдана отырып, білім алушыларды оқыту мен дамытудағы қиындықтарды жеңу кезінде жеке қолдау бағдарламаларын жасайды.

ОН9 Білім алушылардың қабілеттерін психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістерін қолдана отырып, жалпы білім беру бағдарламаларын меңгерудегі физиологиялық қиындықтарды ескере отырып, білім алушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу қиындықтарында психологиялық, био-психо-әлеуметтік себептердің туындау көздерін саралай алады.

ОН10 Білім алушыларға, педагогтарға жеке тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың дағдарыстық кезеңдерінде психоағарту, психопрофилактика және әлеуметтік дезадаптацияны психокоррекциялау бойынша іс-шараларды жүзеге асыра отырып, қажетті психологиялық қолдау көрсетеді.

ОН11 Психоэмоциялық қиындықтарды анықтау және психокоррекциялау үшін әртүрлі психодиагностикалық әдістерді қолданады, білім алушылардың жеке өсуін қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасай отырып, кәсіби шеберлігін көрсетеді.

ОН12 Әлеуметтік топтарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға психологиялық көмек көрсетеді, дамытушы және психокоррекциялау бағдарламаларын әзірлейді, әртүрлі қызмет салаларындағы ұйымдарда жеке және топтық психотерапия жүргізеді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.