7M07123 Машинажасаудағы 3D-модельдеу

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7M07123 Машинажасаудағы 3D-модельдеу

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7M071 Инженерия және инженерлік ісі

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М103 Механика және металл өңдеу

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Автоматтандырылған технологиялық процестер мен машина жасау бұйымдарын 3D - модельдеу және жобалау, тұжырымдамалық аналитикалық және логикалық ойлау саласында кәсіби дағдылары бар, стратегияны анықтауға және өндірістік, ғылыми және педагогикалық қызметті жоспарлауға қабілетті магистрлерді даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

техника ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет саласы машинажасау, білім және ғылым болып табылады.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Ғылымда оның дамуының қазіргі кезеңінде туындайтын негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдайды, ғылым философиясының ережелері мен категорияларына сүйене отырып, педагогикалық қызмет пен өзін-өзі тәрбиелеу қабілеттерін көрсете отырып, әртүрлі факторлар мен құбылыстарды бағалайды.

ОН2 Бұқаралық мінез-құлықты басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологиялары негізінде машина жасау өндірісін ұйымдастыру мен басқаруда персоналды дамыту мен тиімді пайдалануды талдайды және жоспарлайды.

ОН3 Ғылыми зерттеулер әдіснамасын, техникалық пәндер саласында оқытудың тиімді әдістемелерін меңгерген, білім алушылардың қызметін жандандыру әдістерін, тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметте, ғылыми мақалалар жазуда шет тілін білуді қолдана отырып, жоғары мектеп педагогының еңбегін ғылыми ұйымдастыруды сыни бағалайды.

ОН4 Машина жасау бұйымдарын автоматтандырылған жобалау жүйелері мен құралдарын CAD/CAM/CAE бағдарламаларының стандартты пакеттерін және машина жасау кешенінің технологиялары мен жабдықтарын қолдануды пайдалана отырып, құрастыруды, модельдеуді және инженерлік есептеулерді орындауды ескере отырып, техникалық жобалау міндеттерін қалыптастырады.

ОН5 Ғылыми-зерттеу, өнертапқыштық, инновациялық қызметте жобалау - конструкторлық құжаттаманы әзірлеудің автоматтандырылған жүйелерін, прототиптеу және 3D басып шығару әдістерін қолдана отырып, машиналардың бөлшектері мен тораптарының конструкцияларын 3D-модельдеу негізінде инновациялық әзірлемені, жүйені, жаңа бұйымдарды және оларды дайындаудың технологиялық процестерін жасауға арналған техникалық жобаны әзірлейді және келіседі.

ОН6 Ақпараттық деректер базасын тарта отырып, талдамалық жұмыс жүргізеді; нәтижелерді 3D-модельдер, жобалық құжаттама, баяндамалар, есептер, патенттер және жаңа конструкциялық материалдарды, наноматериалдар мен нанотехнологияларды қолдану жөніндегі ғылыми мақалалар, конструкциялардың беріктігі мен тұтастығын математикалық және физикалық модельдеу және болжау әдістері түрінде жинақтайды.

ОН7 Автоматтандырылған жобалау артықшылықтарын пайдалана отырып, икемді өндірістік модульдер мен робототехникалық жүйелер негізінде белгісіздік пен тәуекел жағдайында өндірістің техникалық жобасының жоспарлары мен рәсімдерін әзірлейді

ОН8 Эксперименттік зерттеулерді өз бетінше орындау кезінде білімнің пәнаралық байланысты салаларындағы проблемаларды талдайды, мамандармен және кең аудиториямен талқылау кезінде зерттеу нәтижелерін негіздейді

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.