6B01710 Қазақ тілі мен әдебиеті

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

«6В01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті»

 

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6B01 Педагогикалық  ғылымдар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

6В01710 Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқыту тілі

Қазақ

БББ көлемі

240

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Педагогикалық қызметті тиімді жүргізе алатын, кәсіби құндылықтары бар, еңбек нарығында білікті және сұранысқа ие қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау.

Берілетін дәреженіңа талуы

Білім бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

• білім беру;

• оқыту-тәрбиелеу;

• ғылыми-зерттеушілік

Оқыту нәтижелері

ОН1  Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы білім мен білік жүйесін оқу-әдістемелік, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу міндеттерін ойдағыдай орындауға пайдалана алады.

ОН2 Ақпаратты жинау және талдау, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлесе алады.

ОН3 Пәндік терең білімге сүйене отырып, тілдік бірліктерді лингвистикалық және лингвостилистикалық талдау, көркем мәтінді талдау дағдыларын көрсете алады.

ОН4  Теориялық білім мен тиімді оқытудың практикалық дағдыларын меңгере отырып, қазақ тарихының, мәдениеті мен тілінің, Қазақстанның басқа да халықтарының   мәдениеттері мен тілдерінің байлығын білім беру мен тәрбиелеу процесіне енгізуді жоспарлай алады.

ОН5 Оқушылардың жас, тұлғалық, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, ортаны құрудың және оқушыларды білім мен тәрбие процесіне тартудың өзіндік стратегияларын бағалай алады.

ОН6  Қазақ әдеби тілінің нормаларын, функционалдық сөйлеу стилінің жүйесін практикада қолдану, көне түркі ескерткіштері мәтіндерін еркін оқу, түсіну, талдау дағдыларын қолдана алады.

ОН7 Педагогикалық, ғылыми-педагогикалық қызметте заманауи ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды иелене отырып, оқу-тәрбие үдерісін жақсартуға бағытталған өзгерістерге қатысты белсенділік таныту және инновацияларды енгізу, мониторинг жүргізеді және бағала»й алады.

ОН8 Әдеби процестің заңдылықтарын, жазушы шығармашылығының өзіндік ерекшелігін түсінуге негізделген фольклорды немесе көркем шығармаларды талдау әдістемесін қолдана алады. 

ОН9 Жалпы білім беретін мектептерде пәнді сапалы оқытуды, тілдік және мәдени құндылықтарды, жаңа педагогикалық идеяларды және барған сайын серпінді жағдайда оқытуды, оның ішінде сыныптан тыс жұмыстарды қамтамасыз ететін сабақтарды ұйымдастырады.

ОН10 Тілдік фактілерді синхрония мен диахронияда сипаттаудың өзіндік әдістері, стильдер, жанрлар, ауызша және жазбаша қатынас ережелері мен нормаларын меңгеріп, сипаттай алады.

ОН11  Білім беру мен рухани-адамгершілік дамуына және студенттердің, оның ішінде арнайы білім беру бағдарламалары бар тұлғалардың функционалдық сауаттылығын арттыруға ықпал ететін кәсіптік қызметте базалық білімді қолдана отырып, оқушылардың/тәрбиеленушілердің жеке дамуы үшін педагогика мен психологияның заманауи тәсілдерін қолдана алады.

ОН12 Педагогикалық қызметті кәсіби құндылықтарға, адалдық пен әділдікке негізделген, академиялық адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын сақтай отырып, жеке және топта тиімді жұмыс жасауды жоспарлай алады.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.